Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты " Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
:Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Алтын күз










Тәрбиеші: А. Исмаилова


2018-2019 оқу жылы



Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты:Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер:Күз көрінісі салынған плакат,еңбек жайында жазылған мақалдар, суреттер,жапырақтар,жемістер аркасы,асқабақ,қауын,жүгері,буклеттер.

Барысы:

Тәрбиеші:  Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігімен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз.

 

Не қасиет бар дейсің, осы күзде-

Депайтқаныәркімніңесімізде.

Етмайыментоқашынқолтықтап ап,

Байлық, ырысәкелген осы бізге.

Талай-талайбасынантаңдыасыра,

Алтын дәнінтиеп ап арбасына

Қараңызөзібастапкеткенжоқпа,

 

Міне,сарыалтындайкүзіміздіңқуаныштыбіркүні.

Күзайыерекшеберекелі,мерекеліай.Әрбірүйдіңдастарханындәмге, еліміздіңқоймасындәнгетолтыратын Алтын да, жомарткүзіміздідәріптейтін тәрбие сағатына қош келдіңіздер.


ҚР-ның Гимнін орындау.

Тәрбиеші: Ән саламыз,би билеп,
    Тақпақтыда жаттаймыз.
    Үйренеміз бір-бірлеп,
    Текке қарап жатпаймыз,-дей келе ортаға бүлдіршіндеріміздің күз туралы тақпағын          тамашалайық.

1.Баян: Күз келді, алақай!

Алтын келді далаға.

Дәні бітік бидайды,

Құйып жатыр қамбаға.

2.Жанерке:Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!


3.Расул:Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

4.Дамир:Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді

5.Милана:Көк аспаның мөлдіреп

Алтын күзім елжіреп

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегің желбіреп

Тәрбиеші:

Әсем әуен салдырған,

Сәбилер де алғыр жан.

Бал дәуреннің қызығын,

Есте қалар балдырған.

Ән: «Балдырғандар маршы» хор


Тәрбиеші:Балалар, күзде болатын өзгерістерді  тақпақпен айтып беріңдерші.

6.Нұржан:Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала

Алтын астықайнала

7.Кәусар:Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

8.Тахир: Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызықкөпкүзде

9.Арсен:Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жержыртқантыңда
Трактор қырда.

10. Ұлмекен:Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап

Тәрбиеші:Өнер десе жайнаймыз,

Бұлбұлдайын сайраймыз.

Алтын күзге арнаған

Әнімізді шырқаймыз.

Ән: жеке ән Әмірхан

Тәрбиеші: Мерекелік кешімізді балалардың тақпақтары жалғастырсын.

11. Икбал: Жеміс-жидек пісті,

Қамбаға астық түсті.

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.

12.Айдана: Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...


13. Әмірхан:Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы.

Күзгі әуен жастардың

Жүрегіне нұр құйды.

14. Аяулым А.: Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.
Жеке ән: Жанерке орыс тілінде


15. Олжас:Молшылыққа бөлеген,

Күз айы неткен ырысты ең?

Біздерді қауыштыратын,

Ыстық ұя мектеппен.
16.Гүлсезім:Сары алтындай сары күз

Бірге шырқар әніміз

Жаздай күткен бәріміз

Келді міне алтын күз

17.Алимхан Аяулым:Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді


Ән: Күн дидарлы Қазақстан хор

Тәрбиеші:


                   Ал, балалар, балалар,

                   Күзді енді тыңдаңдар,

                   Қандай жұмбақ айтса да,

                   Шешпей оны қоймаңдар.

Мен сендерге жұмбақтар жасырам сендер қолдарынды көтеріп жауап бересіңдер. Кім көп табады екен.

1.Жер астында басы бар,

Жер бетінде шашы бар. (Сәбіз)

2.Үстінетігіпкөкшатыр ,

Астындақызғылтдәужатыр (қызылша)

3.Әріқызыл, әрітәтті,

Татқанжандытаңырқатты. (алма)

4.Аласағанабойы бар,

Қабат-қабат тоны бар. (қырыққабат




Тәрбиеші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін, 
Мақтанбақшы сіздергі, жемістер, көкөністер сан түрлі. 
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар оқиды. 

Қияр-Назерке: Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне.

Картоп-Кәусар:

Мен ұялшақкартоппын,

Мен емеспінмақтанар

Меніжақсыкөреді .

Үлкендерменбалалар.

Асбұршақ-Расул:

Кішкенетүймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне

Дәмдісалаттарыммен

Сыйжасаймын бәріне.

Пияз-Алимхан А.:

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Сәбіз-Арсен:

Кім бар сәбіз шырынын 
Жастайынан ішпеген?
Меніжегенадамдар
Кем болмайдыкүшке де!

Шалқан-Баян:

Кімбілмейдішалқанды?
Талайлармағантаңқалды.
Бәрінесыйболамын
Тауыпкөрменендарханды.

Қырыққабат-Жанерке:

Мақтанғаннан не пайда

Менсіздәм щи қайда

Меніқоссасамсаға

Жейдібәрітамсана.

Қызанақ-Ұлмекен:

Піскенкездеқызанақ,

Көз тартар қызылтүсімен

Бармаадамсүйсінбей,

Томат шырынішпеген.

Қызылша-Икбал:


Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды

Винегретте үстелде

Асқабақ-Айдана:

Іші – сары, сырты қатты

Дәні – дәрі, дәмі – тәтті.

Пісіріп жесең ас, тамақ.

Мұның аты – асқабақ.

Қияр- Гүлсезім:

Көкөністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер

Оларды жақсы көріңдер.

Құлпынай-Милана:

Піскен кезде құлпынай

Қандай әсем шіркін - ай!

Қарай бергін келеді

Дүркін, дүркін, дүркін ай!


Жеке ән: Күз туралы орындайтын Айдана

Ән: «Тәрбиеші» хор

Әмірхан ағылшын тілінде тақпақ оқиды.

Назерке:

Келді міне күз,

Айналасарытүс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.

Тәрбиеші:

Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.


Берекелібақдәулет,
Арта түссінтойланып.
Сауболыңдарбалалар,
Келгеншежылайналып.

Тәрбиеші:

-Құрметті қонақтар!Бүгінгі мереке тағыда құттыболсын!Дастарханымыз асқатолсын! Отбасыларыңызғабереке,бірлік,шаттықдумантілейміз!Осыменертеңгілігімізөзмәресінежеттікелгендеріңізүшінкөпкөпрахмет!Сауболыңыздар!



 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12