Тәрбие сағаты: " Бақытты балалық шақ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: " Бақытты балалық шақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға тәрбие беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім :Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! Біздің бүгінгі Бақытты балалық шақ атты тәрбие cағатымызға қош келдіңіздер!Кеше ғана көздері жаутаңдап мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін міне бой түзеп,ойларына ой қосып,саналарына сана қосып,еліміздің саналы азаматтары болып өсіп келе жатыр.

Қош келіпсіз,құрметті қонақтар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Балғын шақты «Баққытты балалық шақ» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Олай болса, бүлдіршіндеріміздің тәп-тәтті, сүйкімді сыңғырлағандауыстарымен айтылатын тақпақтарын тыңдайық.

Марфуға : Балалық шақ балғын шақ ,

Өмірдің өзі болашақ.

Балалық шақ шектеулі,

Ойнайтын кездер асыр сап.

Сәрсенғали :Балалықтың шаттығы

Ештеңеге жетпейді

Үлкен болып өскенше,

Ол жаныңнан кетпейді

Ерасыл Бейбіт елді ұланы

Оттай лаулап жанамыз,

Бұл бақыттың ұланы,

Біз бақытты баламыз.


Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: «Көктем келді сағына»

Орындайтын:Жақсылық Айзере


Ришат: Тақпақ жаттап, ән айтып,

Біз өнерпаз боламыз

Біз осындай боламыз

Біз бақытты баламын.


Әмина: Сабағымды жақсы оқып,

Күнде бестік аламын

Сурет салу сабағында

Әдемі сурет саламын

Әсемай : Мақсатым оқу түсінем

Көрінем алда ісіммен

Қызмет етем ел үшін

Кәусар: Талай-талай баспалдақтан аттармыз

Ата-ананың үмітін де ақтармыз

Мұғалімім сізден алған ақылды

Есімізде өмір бойы сақтармыз

Нұргелді : Екінші анам мектебім

Жақынсың маған басқадан

Күзбенен қыс , көктемім

Көңіліме құйған асқақ ән.

Мұғалім: Үйретеді білімге,

Үйретеді әуенге, таза болып жүруге

Бір-бірімен сыйласып, татумыз біз бәріміз.

Бал достықтың ұясы.

Біздің мектебіміз демекші, келесі орындалатын

Ән: «Мектебім»-орындайтын : Бақытбек Ақылбек.

Мұғалім:Құрметті ата-аналар балаларыңыздың « Назардан тыс қалмасын» көрінісін тамашалаңыздар.

Мұғалім: Ән салайық күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер,

Бүлдіршіндер тойын тойлайық,

Би –билейік ойнайық.

Би: «Лоли пап»

Мұғалім сөзі: Сонымен балалар бақыт деген біздің балалық шағымыз, өмір сөріп жатқан өлкеміз, ортамыз, отанымыз, отбасымыз.

Көрініс: «Әкесі мен қызы»

Мұғалім: Балалар қалай ойлайсыңдар «Бақытты бала деп кімді айта аламыз?»

-Оқушылар жауап береді.

-Мұғалім:иә, ойларың дұрыс, балалар.

Балалар денсаулық демекші, біздің бақытты болуымыздың ең бастысы спорт, қимыл-қозғалыс. Олай болса «Қара жорға » биін тамашалайық.

Келесі, «Қалқанқұлақ » ертегісіне қойылған әнді тамашалайық.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар осымен бүгінгі «Бақытты балалық шақ » атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!









































































































































































2017-2018 оқу жылындағы 1А сыныбының жетістіктері

Қ/с

Оқушы аты-жөні

Мектепшілік

Аудандық

Республикалық

1

Мұханбет Малика

Ана туралы өлеңдер 1-орын


Алтын күзБайқауы

2

Тобобүкір Ердәулет



Алтын күз байқауы

3

Ылым Әбіл

Әдепті бала сайысы Бас жүлде


Алтын күзбайқауы

4

Шаңытбай Қаракөз



Алтын күз байқауы

5

Жаңбыр Ақылбек



Алтын күзбайқауы

6

Нұрхан Аружан



Алтын күз байқауы

7

Малика Мұханбет



Өлмейтұғын артында сөз қалдырған өлең оқудан

3-орын

8

Мұратұлы Қанағат

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік” Бас жүлде



9

Шаңытбай Қаракөз

Мың бір мақал,жүз бір сайысы” 2-орын




10

Құлшағазы Гүлімай

Ән көңілдің ажары 2-орын




11

Топ сайыс

Біз білімді баламыз 1-орын




12

Кенжебай Мансұр



Тілім менің мәртебем 3-орын







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
5889
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі