Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты « Елбасы- ел тірегі» 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 желтоқсан - Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: « Елбасы- ел тірегі»

Мақсаты: - оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат боп өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері,шарлар,түрлі сипатта түскен суреттері, кітаптар көрмесі, нақыл сөздер, слайдтар.

Әдіс- тәсілдері:түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ- жауап

Тәрбие сағаттың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық әзірлік

Кіріспе.

Мұғалім:-1-желтоқсан Президент күніне орай « Елбасы ел тірегі» атты ашық тәрбие сағаттымызды бастаймыз. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Бұл - еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, 1991 жылғы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды  құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.Президент Н.Ә.Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні барша қазақстандықтарға  құтты мереке болғай! Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына сенеміз.

Тәрбие сағаттымызды әнұранмызбен бастаймыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. (ХОРМЕН)

2. Негізгі бөлім. Слайд бойынша түсіндіру.

Н.Ә. Назарбаев өмірімен таныстыру.

Балалық шағы: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6- шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туылды. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты Нұрсұлтан Назарбаев әкесі- Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Нұрсұлтанның анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл обылысы Қордай ауданы Қасық ауылындағы молданның отбасында дүниеге келді.Нұрсұлтанның бауырлары інісі Сатыбалды,Болат,қарындасы Әнипа.. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.   Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.Мемлекет басқару ісі- машақтты да, мәртебелі міндет.Басшы басқарған ел- ең бай мемлекет,халық ең бақытты халық.

Мұғалім: -Енді оқушыларымыздың тақпақтарын тыңдайық.

Жанерке:Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын,
Елім айтқан жер көтерер елдаңқын,
Президентім аман болғай ел басы,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам..

Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
 Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
 Қазағымның елін, жерін қорғайтын,
 Жас жеткіншек, ұланы бар, ері


ӘН: «Нұр Отан»

«Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қойылады.Кішкене ойын ретінде сұрақтарға жауап беріп көрейік.

1.Қ.Р- ның президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев )

2.Н.Ә. Назарбаев қайда туған? ( Алматы обылысы,Каскелең ауданы, Шамаған ауылы )

3.Н.Ә Назарбаев Қай жылы, қа айда туған?(6 шілде 1940 туған)

4.Біздің елбасы қалай оқыды?(4пен 5 ке )

5. Н.Ә.Назарбаев бойында қандай қабілеті бар?- ( адал, ашық, ақжарқын,мақсатқа жете білетін адам)

6.Н.Ә.Назарбаев қашан президент болып сайланды? ( 1 желтоқсан 1991ж).

7.Қандай мемлекеттік мерекелер білесіңдер? 1 мамыр, 30 тамыз, 4 маусым

8.16 желтоқсан қандай мереке –Тәуелсіздік күні

9. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні. Президент күні


Мұғалім: ендігі кезекті « Шашу» биіне берейік.

Н.Ә. Назарбаевтың оқушылар жаттаған нақыл сөздеріне тыңдайық.

Адилет: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

Айару : Отанды сүю –өркениеттіліктің бірінші белгісі.

Сағыныш: Көп ұлтты ел болу- біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

Жанерке:Отаны бірдің- тілегі бір, жүрегі бір

Бұл тамаша елбасымыздың нақыл сөздерін естен шығармайық.

Астана қандай қала? Оқушылар өз ойын айтады..

Астана туралы слайд көрсету.


Оқушылардың тақпақтарын тыңдайық.

  1. Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
    Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
    Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
    Болашағым, өнер- білім, өркенім.
    2- оқушы.
    Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
    Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
    Сен менің арым, бағым, барымсың,
    Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
    3- оқушы.
    Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
    Қазағымның өркендеді елдігі.
    Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
    Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
    4- оқушы.
    Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
    Өмір жолы болған қиын бұралаң.
    Қазағымды жарқын жолға бастады
    Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

5 -оқушы.  
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
6- оқушы.
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.

7 оқушы

Астана - қазағымның бас қаласы,
Арқада бас көтерген жас қаласы.
Көшірген Астананы орталыққа-
Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы. – Дана

Мұғалім: Елбасы туралы қызықты деректер танысайық.

1. Нұрсұлтан – ата-ананың тілеуімен туған бала. 

2. Елбасының әкесі Әбіштің бағбан болғанын білесіз бе?

3. Әлжан – дұғасы қабыл болған ана

5. Мәдинада үш ай жаумаған жаңбыр, біздің Елбасымыз барған уақытта жауған. Арабтар мұны ерекше жағдайға балап, оған өзгеше құрмет көрсетіп, алтын тысты Құран сыйға тартқан. Тіпті есіміндегі «Нұр», «Сұлтан» сөздерінің араб тілінен алынғанына назар аударып, риза болысқан.  

6. Елбасымызмузыканы бала кезінен жақсы көрген. 

7. Елбасы – шебер шаңғышы. 

8. Назарбаев – альпинист. 

9. Елбасы – құралайды көзге атқан мерген. .

10. Елбасы – ақын. Оның суырып салатын қасиеті бар екенін айналасындағылар жиі айтады. Ал өлеңдерімен тек жақындары ғана таныс болса керек. Халық назарына әлі ұсыныла қойған жоқ. Жұрт тек «Елім менің», «Үш қоңыр» секілді әнге айналған өлеңдерін біледі.

11. Нұрсұлтан Әбішұлы – әзілқой адам. Ол кісімен дастархандас болған көптеген адамдар естеліктерінде Елбасымыздың ерекше әзілқой адам екендігін айтады.

БИ: «Көңілді би»

Мұғалім: Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!

Қорытынды бөлім:
- Балалар, ойланайықшы! Егемен еліміздің  саналы,білімді азаматы болып өсу үшін бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлтжанды азамат болу.
5. Ұлттық рухымыз  берік болу
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу.
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.
Педагогтың қорытынды сөзі:
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...” Н Ә Назарбаев
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тәрбие сағатымызды «Нұр аға» әнімен аяқтаймыз.      


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
3083
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12