Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы :
«Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз»
Бастауыш сынып мұғалімі: Хакулиева Н.
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз»
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Оқушыларды мемлекеттік рәміздермен тереңірек таныстыру. Рәміздердің әр бір бөлшектеріне қысқаша шолу жасау.
ә)Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметтеп мақтан тұту керектігін ұғындырып, сана сезімдерін, ой-өрісін кеңейту, Отанды сүюге, халқымыздың дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, мемлекеттік рәміздердің суреттері,слайд, тақырыпқа сай суреттер.
Сабақтың барысы:
Мемлекеттік әнұранын айту.
Слайд көрсету:
“Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті”
ҚР Конституциясы. 34-бап
“Біздің еліміздің азаматтары және территориясында жүрген адамдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, елтаңбасын, гимнін қастерлеуге тиіс”
Н.А.Назарбаев
Мұғалімнің кіріспе
сөзі.
1-жүргізуші:
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін,
Көк майсасын төсейді.
2-жүргізуші:
Балалар бүгін сендермен мемлекеттік рәміздеріміз туралы үйренеміз. Алдымен “Қалаларға саяхат ”ойынын ойнап көрейік. Ол үшін Қазақстанның әр бір қаласына саяхатқа шығып, төмендегі сұрақтарға жауап берулерің керек:
-Отан деген не?
-Біздің отанымызды ата
-Президентіміз кім?
-Шекаралас мемлекеттерді ата?
-Еліміздің табиғаты мен байлықтарын ата?
2-жүргізуші:
“Орнын тап” ойыны арқылы белгілі сөзді тауып көрейік
А-Алтыншы шілде Астананың туған күні
С-Символы-Бәйтерек
Т-Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада
А-Алғашқы атауы-Ақмола
Н-Нұр Астана зәулім күмбезді мешіт
А-Астана болашақ қаласы
Мұғалім: слайд арқылы түсіндіреді:
Әрбір егеменді елдің өзіне тән рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары, елімізде тұрып жатқан кез келген адам мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтуға міндетті. Мемлекеттік Ту-Республика Президентінің сарайына, Парламенттің,Үкіметтің,мемлекеттік мекемелердің ғымараттарына тұрақты орнатылады.
Мемлекеттік Елтаңба-мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғымараттарға салынады. ҚРның азаматы екендігін айқындайтын төлқұжатта да Елтаңба бар.
Мемлекеттік Әнұран-радио, телеарналар өз бағдарламаларын бастағанда, мерекелік іс-шаралар өткізілгенде, Олимпиада ойындарында жеңістерге қол жеткізгенде, екі ел Елбасылары кездескенде орындалады. Әнұран түрегеп тұрып, оң қолды кеуде қуысына қойып орындалады. Бұл елімізге деген зор құрмет.
1992 жылы 4-маусымда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн мемлекеттік рәміздердің туған күні болып тарихта мәңгі қалады. Мемлекеттік рәміздердің авторлары: Ту-Шәкен Ниязбеков.
Елтаңба-Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов.
Әнұран-Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов
1-жүргізуші:
Қазақ елі
желбіреп көк
байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен
аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын! Балалар Отан, Ту, Елтаңба туралы өлеңдер білесіндерме
?
Дана:Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау,орман, тоғай, көлімізді.
Камронбек: Отан-жерім, Отан-суым,
Отан-қуат, нәр береді.
Отан-ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Гузал: Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата-анамды,
Мені өсірген елімді.
Бехруз: Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Малика: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Жасурбек: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі,
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Шохсанам: Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Диербек:
Астанам - бағы биік
асқарымсың,
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам,ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем
мақтанышым.
1-жүргізуші:
Балалар Отан туралы мақал-мәтелдер де айта аласыздарма?
Балалар Отан, туған жер туралы мақал—мәтелдер айтады.
2-жүргізуші:
Әркімге өзінің туып-өскен жері, оның сылдырап аққан суы, биік таулары, әдемі гүлдері де ыстық. Сондықтан өз үйіңіз, ауылыңыз, қалаңыз туралы түсініктеріңізді суретін салу арқылы жеткізіңіздер. Постер жасап, қорғау.
1-жүргізуші:
Кезекті әнге берейік. « Көк тудың желбірегені”
2-жүргізуші:
Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.
Елімнің ел ағасын халқы қолдап,
Қазақстан жеріміз аман болсын.
Ән «Атамекен».
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру,тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуіне үлес қосу, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу,ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.Хош сау болыңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты '' Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз'' 1-сынып

шағым қалдыра аласыз