Тәрбие сағаты Абай-дана, Абай-дара қазақта.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Абай-дана, Абай-дара қазақта.

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізілген ашық тәрбие сағаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне және класс жетекшілерге көмекгі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Абай-дана, Абай -дара қазақта.

1-жүргізуші. Абай аманаты- мәңгілік ел бойтұмары

Жасасын тәуелсіздік көкбайрағы

Абай- қазақ елінің рухани қазынасы

Абай- ұлы Даланың мызғымас Темірғазығы


2-жүргізуші. Егемен ел болып мерейіміз тасыды,

Елбасының ұлтымыздың абыройын асырды.

Жаңғырды Алтай, Алатау, каспий арасы

Абайдың әнін шырқайды қазақ баласы.


3-жүргізуші. Абай арманы – халықтың асқақ арманы

Алтын қыран боп төрткүл дүниені шарлады.

Абай жыры – ақылдың рухтың алдаспаны

Қара сөздері ұрпақтың ұлы Дастаны


Хор: « » 8 а класс


1-жүргізуші. Абай жолы – даналықтың даңғылы

Абай әні –адамзаттың жан нұры.


2-жүргізуші. Абай –алаш жұртының ар-ожданы, айбыны

Абай –поэзия әлемінің жадыраған ай-күні


3-жүргізуші. Абай- ұлылықтың шамшырағы

Абай – ізгілік пен тектіліктің бағдаршамы

Бәрі: Абай бүгін мен болашақтың алтын діңгегі

Абай – елдік пен бірліктің мәңгі тірегі.

Көрініс: «Бала Абай»


Білім-ғылым туралы өлеңдері) 5-6-7 кл. Оқушылар.

  1. «Ғылым таппай мақтанба» асылай 5в

  2. Ағылшынша 9 ә

  3. Орысша 9 ә

  4. «Өлең сөздің патшасы» 7 ә Бекзат

  5. «Ата-анаға көз қуаныш» Пердешбаева


Мұғалім: Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Бәрі: Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуге балаға


Ән: «Көзімнің қарасы» мадина


1-жүргізуші. Уақыт пен кеңістікке бағынбай 21 ғасырда да хакім Абайдың жұлдызының биік тұрғандығы ең алдымен Абай шығармашылығының әмбебептығы мен планетарлық масшабында.


2-жүргізуші. Лирика, поэзия, сатира, аударма жанрларының негізін қалап қана қоймай, ол жанрларды әлемдік биікке шығара білді.


3-жүргізуші. Абай поэзиясындағы табиғатты жырлаудағы мазмұн тереңдігі, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталған ағартушылық ойлары оның ұлт ұстазы, тіпті Адамзат ғұламасы атануына арқауболды.


Табиғат туралы өлеңдер

  1. Күз

  2. Жазғытұрым

  3. Қыс

  4. Жаздыгүн шілде болғанда.


Ән.


1-жүргізуші. Абай поэзия желіне алғаш қадам басқан сәтте шығыс поэзиясының қат-қат сырларымен сусындады шығыстың озық әдебиетінен қуат алды.


2-жүргізуші. Өлеңге іңкәр жас Абай ең алғаш қолына қалам алып,ең тұңғыш жазған жауқазын өлең-жырлары да шығыстыңжеті жұлдызына айналды.


3-жүргізуші. Физули,Шамси,Сайхали

Науаи,Сағди,Фирдауси,

Хожа-Хафиз буу хаммаси

Медет бер иа шағири фәррият


1-жүргізуші. Шығыс жырларымен қанаттанған Абай әлемі бізге «ғашықтың тілі - тілсіз тіл» екендігін ұғындыра білді.


Көрініс « Абай мен Тоғжан»


Ән «Желсіз түнде жарық ай»


1-жүргізуші. Өмір Абайды ерте есейтті. Жасынан әкесінің бағыттауымен ел билеу ісіне араласқан Абай 21 жасынанда болыс болды. Енді ол халықтың мұң-зарын,арман-тілегін өз құлағымен естіп,өз көзімен көретін болды.

2-жүргізуші. Халық өмірі мен әдет-ғұрпын жетік білетін,оның үстіне шығыс пен батыс білімінен де мол хабардар зиялы Абай дау-шарларда ескі билерді оңай тосылдырып,өзінің жаңа заманның басы екенін анық танытып үлгерді.


3-жүргізуші. «Баласының басқа шауып, төске өрлеп» бара жатқаны Құнанбайды да ойландырмай қоймады.


Көрініс: «Құнанбай мен Абай» (хабарламайды, өздері өзгеше болып шығып айту керек)


Өлеңдер 7.8.9 кластар (әр түрлі тақырыпта)

  1. Өлсем орным қара жер сыз. Меңдібай Н

  2. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа. Дильназ

  3. Ойға түстім, ойладым. Сабина

  4. Заманақыр жастары Айжан 9

  5. Көңілім қалды достан да Бинұр

  6. Ұяламын дегені көңіл үшін Әбілмансұр


1-жүргізуші. Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек?

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек.


2-жүргізуші. Малда да бар жан мен тән

Ауыл , сезім, болмаса

Тіршіліктің несі сән

Теруге бет қоймаса.


3-жүргізуші. Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.


1-жүргізуші. Қайғы келсе ,қарсы тұр , құлай берме

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Содан тапқан шын асыл , тастай көрме.


Көрініс «Қатігездік»


Қарасөздер:

1-қ. Нұрлы

7-қ. Назым 7 в

14-қ. Дана 8а

5-қ. Редова 9ә

Ғалия


1-жүргізуші. Абай – өз жырымен ұрпағының жан сусынын қандырды.

Абай – өз үнінен әділдіктің лебін замана көшіне жеткізді.


2-жүргізуші. Абай – арманын келешекке аттандырып, болашақпен тілдесті.


3-жүргізуші. Сол абайдыңаманатын алауына салып, аялаймын деп талаптанған жас буынға кезек берелік. Ақынға арнау өлеңдерін оқысын.


(арнау өлеңдер)

  1. Базарбаева н.

  2. Самат арайлым

  3. Темірболат жасмин

  4. Амангелдіұлы мағжан

  5. Оразбаев мөлдір


1-жүргізуші. Дана Абайды қазақтың ақылына балаймын.

Туатұғын алдынан ғасырына балаймын.

Ақылының нұры бар, абайы бар қазақтың

Жан алаңы, мұңы бар – қазағы бар Абайдың.


2-жүргізуші. Сара Абайды.

Қазақтың жүрегі деп білемін

Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?

Ақылдардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,

Жайған сәби саусағын қайран менің жүрегім


3-жүргізуші. Арлы Абайды.

Қазақтың қайраты деп ұғамын.

Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!

Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,

Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын.


Хор: «Абай»


1-жүргізуші. Қадірлі жыр сүйер қауым!

Қазақтың Ақылы, Қайраты, Жүрегі боа білген Абай қазақ руханиятының бойтұмарындай әр жүректен орын алсын!


2-жүргізуші. Ұлы Абай тағылымдарымен толығып, кемелденейік. Абайша сабырмен, ақылмен іс қылайық!


3-жүргізуші. Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай. Болашағымыз Абай армандаған биіктен көріне берсін!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі