Тәрбие
сағатының тақырыбы: "Абай
салған
сара жол "
Тәрбие
сағатының мақсаты:
-Ұлы
ақынның 175
жылдығына орай
ақынның өнегелі
өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу
жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп
айтқызу.
-Абай шығармашылығын
сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі
ете отырып, білім-ғылымға құмарларын
арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын
танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке,
табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Әдіс
-
тәсілдері: Сұрақ-
жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән
айту, көрініс көрсету
Көрнекілігі:
Абай портреті, кітаптар, шығармалары,
тірек сызбалар, қанатты сөздер,
фотослайдтар.
Техникалық
жабдықталуы: ноутбук,
проектор
Пәнаралық
байланыс:
қазақ тілі және әдебиеті, музыка
Күтілетін
нәтиже: Рухани
адамгершілік тәрбие беру арқылы
мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.
Ән
тындау. «Желсіз түнде жарық ай»
Балалар,
кімнің әнін тыңдадық?
Тақырыпты
таныстыру,мақсатын қою.
Кіріспе
сөз:
-
Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың
ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз.
Жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді
Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім.
Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі
– Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер
– Абайды оқымағандар»деген екен.
-
Балалар, сендер осының қайсысына
жатасындар?
Оқушылар:
-
Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы
әлемге танылған Абай атаның
шығармаларымен,қарасөздерімен танысып
жатырмыз.
-
Біз кішкентай кезімізден бастап Абай
атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр
алып келеміз.
-
Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне
көтерілседе Абайдың аты мен Абайдың
сөзі әрдайым халықтың аузындағы жыры
, көкірегіндегі иманы, санасындағы ар-
ұжданы болып қала береді.
Әсемпаз
болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң –
арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін
тап та бар қалан,- деп Абай атамыз
айтқандай, кішіге мейірімді, досыңа
қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор
болсаң, өсе келе ата- анаңның, Отаныңның
мақтаны боласың.
Мұғалім:
Ал енді Абай Құнанбаевтың өміріне шолу
жасайық. (Бейнеролик)
Мұғалім: Абай
кім? Постер жасайық.
Мұғалім: Біз
абайтанудың бірінші баспалдағында
тұрмыз,өмірімен таныстық.
Енді
өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне
кезек берелік. Сонымен Абай аталарыңның
қандай өлеңдерін білесіңдер?
1-
оқушы:«- «Ғылым таппай мақтанба»
2-
оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз
сарасы»
3-оқушы: «Әсемпаз
болма әрнеге»
Мұғалім: Балалар,
Абай Құнанбаевтің табиғат лирикасына
арналған өлеңдерін білесіңдер ме?
1-
оқушы:«Қыс»
2- оқушы:«- «Күз»
3-
оқушы:«Жазғытұры»
Мұғалім: Абайдың
1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары
«қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық
бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері
адамды адам болуға, ізгі ниетті
адамгершілік қасиеттерінің мол болуына,
жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді.
Олай болса, Абай қарасөздерімен танысайық.
1-
оқушы:«Бірінші қара сөзі»
2-
оқушы:«Екінші қара сөзі»
Мұғалім:
Ұлы ақынның өмірін қағаз бетіне түсірген
ақын - Мұхтар Әуезов. Мұхтар Әуезовтың
«Абай жолы» 4 томнан тұратын роман-эпопеясы
бүкіл әлемге танылған . Абайдың өмірінен
алынған көріністі тамашалайық.
Көрініс:
«Абайдың оқудан келуі».
Мұғалім: Балалар,
Абай Құнанбаевті сонымен қатар аудармашы
деп сабақтың басында айтып кеткенбіз.
Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына
себепкер оның орыс достары Грось пен
Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай ауылында
қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен
таныстырған. Ал сендер аудармашылығы
туралы не айтасыздар?
1-оқушы: Абай
Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой,
Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай
қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.
2-оқушы: Абай
аудармаларын зерттеушілер қазір орыс
әдебиетінен оның елуден аса аударған
өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың
ішінде лирикасы да, баснясы (мысал
өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық
лирикалары да бар.
3-
оқушы: Қазақ тіліне И.А. Крыловтың
бір қатар шығармаларын аударды.
Солардың
ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі
түрлі вариантта аударылған.
Абай
Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен
таныстық.
Мұғалім:
Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен
шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз
Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен
тек қана сол тереңнен дәм таттық қой
деп ойлаймын. Сол себептен, балалар,
оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден
жалықпайық.