Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Абайла, балақай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Абайла, баақай»
Тәрбие сағатының мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, суреттеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, нақыл сөздер т. б көрнекіліктер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

І. Кіріспе:

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.

ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды.

Өміріңді күзеткен, (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,

Ала - алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»

- Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

- Неге?

- Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

1. Жиек жол деген не? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

2. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Тақтада

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып. – дей келе, Ақ парақ таратылады.

Сарамандық жұмыс:

- Балалар, осы тақырыпқа мұқият ойланып сурет салайық. (Балалар осы тақырып бойынша өздері суреттеп, бояп әңгімелейді. Ол суреттер тақтаға ілінеді.)

Ең үздік суреттер

Ән: Бағдаршам

ІІ. Қорытындылау:

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
3683
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12