Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Тәрбие сағаты. Әбу насыр Әлфараби 1150 жыл 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбу насыр Әлфарабидің 1150 жылдық мерей тойына байланысты жасақталған, оқушыларды білімділікке зеректікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты : 17.01.2020 ж 6 «а» сыныбы

Сабақ тақырыбы:  «Ұлы ұстаздың – үлкен жолы »

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 ж

Білімділік: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл — Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан — жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу;
Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән — мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу;
Тәрбиелік: Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрысынан ойлау стратегиясы, деңгейлеп саралау технологиясы, сұрақ - жауап, түсіндіру арқылы ой қозғау,

Көрнекілігі: Портреттер, саяси карта,
Сабақтың пән аралық байланысы: Жаратылыстану, қазақ әдебиеті
І. Ұйымдастыру кезеңі

Отырар қаласында ұлы ұстаз атанған, ойшыл ғалым Әл — Фараби дүниеге келген. Отырар қаласын картадан көрсетіп, жаңа тақырыпты түсіндіру.

Әл — Фараби, Абай аталарымыздың тарих, жаратылыстану, әдебиет салаларына сіңірген еңбектері зор. Міне сол себепті де, олардың аттарын мәңгілік жадымызда ұстау үшін, қазіргі таңда мектеп, лицей, тіпті жоғарғы оқу орындарына Әл- Фараби, Абай аталарымыздың аттары берілген. Және де ауыл, қалаларда осы кісілердің есімдерімен аталатын көшелер бар. Әбу Насыр  Әл-Фараби Дамаск қаласына келіп тұрып жатқан кезінде, бір бауға қарауыл болып жұмыс жасайды.Сол бау ішінде отырып ұдайы хикмат – философия ғылымымен айналысады. Әбу Насыр бұл жерде ежелгі дәуір ғалымдарының көзқарастары – шығарма-лары мен оларға жазылған түсініктерден бас алмай оқып отыратын. Ол өзі жарлы кісі еді, тіпті түні бойы ұйықтамай, шығарма жазумен айналысатын, кедейлігі сондай, өзіне қарау-ылдығы үшін беретін шамның нұрын пайдаланатын еді.     Біраз уақыт Әбу Насыр осылай өмір сүрді. Кейін оның есімі төңірекке мәлім болып, беделі артады, жазған шығармалары да мәшҺүр болып кетеді. Сөйтіп, оның шәкірттері де көбейеді. Соның нәтижесіде ол өз заманының бірден-бір аса ірі ғалымы дәрежесне ие болды. Оның көптомдық “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады.Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу-Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспеген болар едік. Оған бірнеше ғылы-ми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Музыка саласында да ол білімді болыпты. Әбу Насыр ал-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі композитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды. Елдің айтуына қарағанда, ол ғажайып бір музыка аспабын жасапты, міне, сол аспаптан адамның жан жүрегін елжіретіп жіберетін сиқырлы бір ражап әуен естіледі дейді. Ол жазған шығармалар, түрлі саладағы еңбектері — бөлек-салақ күйінде шашылып жатады. Еңбектерін ол үлкен дәптерге емес, жеке парақ қағаздарға жазып тастай берген. Осылайша,өнер-білімге құштар,ақылды  жанға ел-жұрты  тыным бермейтін болыпты. Өйткені ,бірі келіп ақыл-кеңес сұраса, бірі дау-дамайды шештіреді екен

Олай болса балалар, сендерге — Әл — Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтып берейін.  Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл — Фарабиге:
— Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі — бақытқа, бірі — атақ- даңққа, бірі — өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
— Әрине , өнер — білімге апарар жолды.
— Неге?
— Бақыт та, абырой — даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.
Әл — Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да, өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңқы да, ол — білім. «Білім – таусылмайтын байлық»  екенін ұмытпайық достар.

Қорытынды сөз : Міне біз төрт аяғы тең тұрған балалығы қазақ даласында басталып, данышпандыққа ұласқан ғұламалық жолы ешқашан бітпейтін, өзі өмірден өтсе де, ісі қалмайтын әл-Фараби әлеміне саяхат жасадық. Әл-Фараби бабамыздың барлық еңбегін бір сағатта айту мүмкін емес, бірақ сіздерге ізденуге жол ашылды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.07.2021
805
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12