400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Адам болам десеңіз" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:


«Адам болам десеңіз...»

Сабақтың мақсаты:


Шаттық шеңберін жасату арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа және бір – біріне жылулық сыйлауға тәрбиелеу.Сурет бойынша адамгершілік рухани қасиетке, сыпайылыққа , үлкендерді сыйлауға үйрету. Бейнесюжетті көрсете отырып досымызға адал болуға бір бірін сыйлауға үйрету, ойын арқалы жақсы мен жаманды ажырата отырып, тіл байлығын таным белсенділігін арттыру.

Пәнаралық байланыс

өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу.

Көрнекіліктер

Слайд, гул , бейнесюжет, суреттер,сөздер, сыйқырлы қоржын

Қолданған

  әдіс - тәсілдер

СТО, АҚТ, топтық жұмыс, рефлексия түрлері, сергіту сәті  сұрақ-жауап, өз ойын, пікірін айту, әңгімелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы

 

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті


І.Ұйымдастыру кезеңі:


  1. Амандасу: Сәлеметсіздерме!

Шаттық шеңбері

Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге әуелі жақсы тілектер тілейік. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген. «Жүректен жүрекке» ойыны

(шеңберге тұрып гүлді бір - біріне беру арқылы, тілектер айтылады. )

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Еліңе қорған бол!

–Өнерлі бол!

-Мерейің үстем болсын!

-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!

-Рахмет!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол жақсылық, өзімізге соншалық болып оралады екен.

Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген
.Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

-Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттер. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. 


Оқушылар шеңберге тұрып бір – біріне жылулық сыйлайды, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.



































Сураққа жауап береді


II.Қызығушылықтарын ояту

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын ашу:  

«Адам болам десеңіз....».

 -Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.

«Адам болам десеңіз...» (тақтадан сабақ тақырыбын көрсету)

-Иә, бұл өлең жолдар ақынның қай өлең жолдарынан алынған?

-Кәне, кім айтып берер екен?

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған  қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, ұлы Абайдың адам баласына айтып кеткен адамгершілік қасиеттері бізге сабақ екенін ешқашан ұмытпауымыз керек.



Ой толғау:


Неден жирену керек?

Неге үйрену керек?

(суреттер арқылы)

Блаларды 2 топқа бөліп ,суреттерді ажырата тақтаға ілу.


 Сергіту сәті.

Бейнеролик арқылы көрсету

«Сәлем сәлем!»

«Еріншектікті жеңу үшін».


«Не істер едің?» Жағдаяттар.


  1. Жанат байқамай Ақеркені итеріп қалды. Ақерке қатты ашуланды да, жағымсыз сөздер айтып тастады. Жанат Ақеркеден кешірім сұрады. қалай ойлайсың, кімдікі дұрыс?

  2. Сабаққа кешігіп қалдың, орның бос емес. Артқы партада бос орын тұр.Орныңа отыруың керек пе?

  3. Сен велосипедпен жарысқа қатынасып жатырсың. Жарысып келе жатырғанда жолдың шетінде жолдан өтпек боп тұрған қарияны көрдің. Жол беріп өткізіп жіберсең, жолдастарыңнан қалып қоясың. Сен не істер едің?

  4. Сен сыныптасыңмен бірге автобусқа мініп, алдыңғы орындыққа отырдың. Себебі артқы орындықта орын жоқ. Келесі аялдамада бір үлкен кісі мінді. Сен не істейсің ?


Балалар мына ертегіге назар аударайық (бейнесюжет)


Бейнесюжет

«Жәнібек пен Азамат»

Сонымен ертегіден біз нені түсіндік?

Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.


Ойын « сиқырлы қорапша»


Қоржында жамандық және жақсылық сөздер жазылған қағаз болады.Оқушылар қоржынан қағаздарды алып ненің жақсылыққа ненің жамандыққа жаттатынын айтады



Оқушылар өлең жолдарын айтып береді




























Оқушылар неден жирену керек ?

Неден үйрену керектігін түсінеді



Оқушылар сергіту сәтін жасайды
































Оқшылар ертегіде нені түсінді ,не істеу керектігі , өз ойларын айтады.

Бейнесюжет арқылы бір – біріне үнемі жақсылық жасау керек екендігін ұғынады




Оқушылар сиқырлы қораптан

Қағазға жазылған сөздерді алып мән мағынасын түсіндіріп айтады



V. Қорытындылау














Рефлекция

 

Балалар бугінгі «Адам болам десеңіз...» тақырыпта біз

не үйрендік? не білдік?  (ой түю)

Адамгершілк қасиетімізді сақтауды, адал болуды,жаман қасиеттен аулақ болуды, достарымызбен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, бір бірімізге үнемі көмектесіп жүруіміз қажет екен.


Оқушыларға сабаққа белсене қатысқандары үшін смайликтер беру


Түсінеді: Адамгершілік қасиетті

Бңледі: Жақсылық пен жамандықты ажырата біледі

Білу керек: Тақырып бойынша мақал – мәтелдерді жаттау




Оқушылар өз ойларын ,бүгінгі сабақта нені түсінгендерін айтады

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
1263
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі