Материалдар / Тәрбие сағаты "Адамды сүй" 6 сынып

Тәрбие сағаты "Адамды сүй" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогке қажетті материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
468
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Бауырмалдылық және кеңпейілділік»Мақсаты:Шаттық шеңбері Аман болсын адамдарСөзі: О.ӘубәкіровтікіӘні: Ә.БейсеуовтікіАйналайын адамдар, Болашаққа аман бар!Жұмыр жерде ғұмыр бар, Ғұмырлы бол адамдар!Қ-сы: Балдан тәтті балаң бар, Бала баққан анаң бар. Шошытпаңдар екеуін, Айналайын адамдар!

Айналайын адамдар, Келер күнге адал бар.Бөбек өсіп келеді, Алды-артыңа қараңдар!Қ-сы: Сақ болыңдар, жарандар, Сақ болыңдар, ғаламдар.Жер бетіне әлі де, Оқ қайнатқан адам бар.Бала үшін өлеңім, Ана үшін өлеңім.Айналайын Адамдар, Аман болсын бөбегің!

Мұғалім: 1. Әлемде сүйіспеншілік болмаса на болар еді?2. Жақсы көрудің мәні неде?3. «Бәрінің бастауы махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер?4. Адамдарды не үшін, қандай қасиеттері үшін жақсы көресің?Жаңа ақпарат. Адам әрқашан өмірдің жақсы жақтарын көруге талпынуы керек. Ол үшін айналаға жақсы ниет, жағымды ой, жылы жүрекпен қарау қажет. Сүйіспеншілік – адамдық өлшемнің белгісі. Адам махаббаты күллі тіршілікке, болмысқа, адамзатқа арналғанда ғана өзара үйлесімділікке қол жеткізуге болады. Сонда ғана өмірдің мәні махаббатта, жақсы көруде екенін ұғынасың.Дәйексөз Қашан бала ғылым – білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Абай
  • Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңдар.


Назар салыңдар. І.Есенберлин«Мен адамдарды құрмет тұтам. Бірақ олардың Американы немесе бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандығынан немесе ғарышқа ұшуымен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап, әділ бола білу, біреудің қайғысын бөлісе білуіне қарап. Өйткені адамды адам ететін және мәңгілік ететін – махаббат, әйтпесе бәрі де апат болар еді... Тіпті, егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да – бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса – ол тез арада жойылар еді.

Назар салыңдарАйналаңдағы адамдарға сергек қарап, сезімталдық таныт. Олардың жақсылығын сезіп, көре біл. Олардың жақсылығын сезіп, көре біл. Жаныңдағы адамдарға немқұрайлылық танытып, самарқау қарама. Қуанышына ортақ болып, қиындығын бөліс. Сонда сен де олардың махаббатына бөленесің. Өмірде жүректеріңнен жол тапқан жандар бәрінен де қымбат. Өйткені олар сені бағалайтын, аялайтын, қандай жағдайда болмасын жаныңнан табылатын жандар.

Махаббатпен жаратқан адамзатты. АбайДәйексөзді оқып, мағынасын түсіндіріңдер.Тапсырма.«Махаббатсыз дүние бос» тақырыбында пікірталас ұйымдастырып, өз көзқарастарыңды дәлелдеңдер.

Қандай адам болмасын, оның өмірі бөтендердің өмірімен байланысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Жер, Су – бәрі бірімен – бірі үзілместей болып шиеленіскен.Күнсіз жер жоқ. Бұл табиғат гармониясы. Адамды адам етіп жаратқан да сол махаббат гармониясы. Кісі бірін-бірі жек көруден емес, жақсы көруден өркендейді, өрісі кеңиді. Ал адамның жақсы көруі, мейлі әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің арасында болсын, бұл адамзат бақытының негізі. І.Есенберлин.

Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар. Абай.

Дәйексөзді оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

Жаңа ақпарат Махаббат – ұлы сезім. Бұл сезімнің адамға берері орасан зор. Бүкіл жаратылысты жақсы көріп, оны сүю арқылы жан дүниең байып, көңілің өседі. Махаббат ертеңге деген үмітіңді оятып, сеніміңе серік болады. Үлкен істерге бастап, шабытыңа шабыт қосады. Қойылым. Атасы: Айналасындағыларды жақсы көрмеген адам әрқашанда өзін бақытсыз сезінеді. Немересі: Барлық адамды жақсы көру мүмкін емес қой.Атасы: Мүмкін болғанда қалай. Бұл - өте қарапайым нәрсе. Тек қана барлығына жақсылық тілеп, ниетің мен ойыңды жақсылыққа бағыштасаң болғаны...Немересі: Мен бұған қалай үйренсем екен...

Жүрекке жүрек Ерлікке шақыруСөзі мен әні: М.ШахановтікіМіне, саған ойланатын келді күн, Азамат боп атқа міндің сен бүгін.Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда, Жүрегіңде қалғып жатса ерлігің.

Қ-сы: А-а -а Бозбала,Қанатыңды талдырма,Алай – түлей жаңбырда,Тізгініңді беріп қойма тағдырға,Қуанышым.Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін,Сүйе алмағаның үшінТабиғаттың алдында кінәлісің.

Қорға, жаным, сеніміңді жеруден, Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден.Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым, Басталмай ма өзіңді өзің жеңуден.

Қ-сы:

Болашағың алдыңда әлі, бүлдіршін, Ер жігіттің намысына бұл бір сын.Бүгін көрсет қайратыңды , күшіңді, Ертең, мүмкін, кеш бола ма, кім білсін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ