400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Адамгершілік - рухани байлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты 6 сынып "Адамгершілік-рухани байлық" сабақ әдіскермен өткізілген,тексерілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Адамгершілік – рухани байлық

Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Міндеті:

1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.

2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.

Түрі: Пікіралысу

Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілілік

Көрнекілігі: музыка,үлестірмелі материалдар, слайд, түрлі-түсті стикерлер


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Кіріспе. Видеоролик

  3. Тақырыпты ашу

  4. Бекіту. Мен не істер едім?

  5. Шығармашылық тапсырмалар

  6. Қорытындылау. Жүректен жүрекке

  7. Рефлекция


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті

Көзіңізді жұмып, терең дем алыңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шықтыңыздар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезіндіңіз, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жақсылып қарап алыңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  1. Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыз?

  2. Көздеріңізге не елестеді?

  1. Кіріспе. Видео (Адамгершілік)

  1. Видеоны көру барысында не ұқтыңыздар?

  2. Ол жігіттің орнында болсаңыз не істер едіңіз?

  3. Сіз қандай жақсылық жасадыңыз?

  4. Видеоға қандай ат қояр едіңіздер?

  1. Жаңа тақырыпты ашу. Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі.


  1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіздер?

2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады? (топтастыру) – стикерлер арқылы


Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.



  1. Бекіту. Мен не істер едім?

4 топқа бөлініп, жағдаяттар беріледі. Сол жағдаяттардың шешімін табу керек.


  1. Шығармашылық тапсырмалар

4 топқа бір-бір тақырыптан беріледі. Сол тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру

  1. Қорытындылау. « Жүректен жүрекке» жаттығуы.

Балалар бір-біріне шынайы тілектерін білдіреді.

  1. Дискуссия


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
6548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі