Тәрбие сағатының тақырыбы:
Әдептілік - әдемілік.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам
бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену
сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.Тіл
байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа
тәрбиелеу. Өз - өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Типі: өнеге сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, ой
бөлісу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, шарлар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!
1 - ші жүргізуші:
- Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың
тақырыбы: Әдептілік - әдемілік! Хош келдіңіздер!
2 - ші жүргізуші:
- Олай болса, әдептілік деген не?
- Әдепті бала қандай болу керек?
Оқушылар: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын,
қамқор
шы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте,
қонақ - та амандасып жүру керек. Кішіні - ізет, қамқоршы болу.
1 - ші жүргізуші:
- Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Оқушылар: Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар, әдепсіз бала ата - анасын
қақсатар.
2 - ші жүргізуші:
- Әдептілік неден басталады? ( сәлемдесуден)
1 - ші жүргізуші: «Білер қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
- Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
- Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей!- деп
- Амансыз ба атай!- деп
- Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
2 - ші жүргізуші: Қазір, оқушылар сәлемдесу рәсімін, сөйлесу
тәртібін көрсетеді.
( 2 ұл, 1қыз шығып көрсету.)
1 - оқушы: Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре салсаң әлегің.
2 - оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан
Ұнамды қылық байқайсың.
5 - оқушы: Кел, самаурын қайнатып,
Дастарханды жайнатып,
Отырайық бөлмеде,
Бөпемізді ойнатып
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Келген кезде жұмыстан,
Қалсын апам қуанып.
7 - оқушы: Су құйдым да құманмен,
Қолына мен әкемнің,
Содан кейін оған мен,
Орамалды әпердім.
Көрініс: «Әдеп»
2 - жүргізуші:
- Бұл көрініс бойынша қандай пікір айтасыңдар? Оқушылар:
- Үлкен адамға көмектесу керек, жолдан өте алмай тұрса, арғы бетке
өтуге көмектесу керек.
- Автобуста орын беру керек.
8 - оқушы: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Кесте толтыру. «Жалғастыру ойыны»
«Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?» Сабақтан...(кешігуге
болмайды.) Үлкендерді..(сыйлау керек )
Амандасуды ( ұмытпа) Ата - ананың..(тілін алу керек )
Ысқыруға...(болмайды ) Оқу құралдарын (күтіп, таза ұстау тау )
Өзіңнен кішіні (ренжітпе )
Көлікте өзіңнен үлкен адамға... (орын беру.)
Ой толғау.
Ән: «Біз әдепті баламыз».
1, 2 - ші жүргізушілер:
- Осымен, тәрбие сағаты аяқталды. Тыңдап, көргендеріңізге
рахмет!
- Хош, сау болыңыздар!
Мұғалімнің сөзі:
- Қымбатты оқушылар!
Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар.
Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы
ұқтыңдар.
Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік
қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде
өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп
сенеміз!