15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты Ал, қане қыздар 4 сынып
Тақырыбы: « Ал, қане қыздар »
Мақсаты: Қыз баланы адамгершілікке, жан- жақтылыққа тәрбиелеу,
эстетикалық сұлулыққа бағыттай отырып, ой- өрістерін дамыту,
шығармашылыққа баулу.
Көрнекілігі: Үлестірме материалдар, сахна безендіру, көрнекі қажетті
құралдар.
Барысы:
жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаз- тәрбиешілер, көрермен
қауым! Барша аруларымыз бен аналарымызды бүгінгі
көктемнің алғашқы гүліндей келген 8- наурыз халықаралық
аналар мен арулар мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз.
2-жүргізуші: Сіздерге бүгінгі айтылу күнге орай ұйымдастырылып
отырған қыздар арасындағы «Ал, қане қыздар» сайысын
тамашалауға қош келдіңіздер!
жүргізуші: Олай болса,
Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Ана жолын жалғамақ
Ер ұрпағын қолдамақ
Ел намысын қорғамақ
Арулар шықсын ортаға.- деп кішкентай аруларымызды шақырайық.
Аруларымыз топпен төмендегідей бөлімдерде сынға түседі.
1. Таныстыру
2. Өнерлі өрге жүзер (өз өнерлерін көрсету)
3.Кім тез, кім тапқыр (сұрақ,ойын сайысы)
4. Шаш- адам көркі (шаш үлгісі)
2-жүргізуші:Енді, топпен сынға түсіп,өздерінің тапқырлықтарымен, өнерлерін көрсететін қыздарымызға төрелік ететін әділ қазылармен танысайық.
Көркемөнер- жас бөбек
Апалар ізін басады
Өнерлерін әнменен
Шашу қып бүгін шашады- дей келе, алдарыңызда кішкентай арулар ән шырқап, сайыс шымылдығын ашады.
1-жүргізуші: Арулар келіп жетті танысуға
Бойындағы дарындарын дамытуға
Қыз Жібек пен Әлиядай,
Мәншүк пен Розадай
Болып өссін, арулар- ай- дегендей 1-бөлімге кезек берейік.
(Әр топ өздерін таныстырады)
Әділ қазылар алқасынан таныстыру бағасын сұраймыз.
2-жүргізуші: Құлпырған қандай –жас ару
Қайсысы әнші, кім биші
Талабына қарайық
Шаттана қол соғайық –деп 2-ші бөлім «Өнер сайысына» әр топ аруларының өнерлерін тамашалайық.
Әділ қазылар алқасынан 2-ші бөлім өнер сайысының бағасын сұраймыз.
1- жүргізуші: Ал, келіңдер, келіңдер!
Бір-біріне еріңдер.
Білімдеріңді тексеріп,
Әр жылдам жүріңдер-деп аруларымызды қызықты ойын мен сұрақтарға жауап беруге 3-ші бөлімге шақырамыз.
Әділ қазылар алқасынан 3-ші бөлім «Кім тез, кім тапқыр» сайысының бағасын сұраймыз.
жүргізуші: Ару қыздың бұрымы
Сән мен көркі ажары
Сәндей білсе, бұрымын
Ол да оның ғажабы-деп әр топ өздерінің шаш үлгісін көрсетуге 4-ші бөлімге ортаға шақырамыз.
жүргізуші: Аруларымыз, тамаша шаш үлгісін жасап болды, енді үлгілерін таныстырсын.
Әділ қазылар алқасынан 4-ші бөлім «Шаш- адам көркі» сайысының бағасын сұраймыз.
Қорытынды
баға дайын болғанша тамаша ән шашуын
тамашалайық.
Ән:
« Анашым »
2-жүргізуші: Сіздер аруларымыздың сайыстағы бар өнерлерің, тапқырлықтарын тамашаладыңдар.Ендігі сөз кезегі әділқазы алқасында
(Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.)
1- жүргізуші: Бойларында от бар екен байқадық
Жүректерде шоқ бар екен байқадық
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып, шарықтаңдар мазданып- деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!
« Ал, қане қыздар » атты мерекелік сайыстан көрініс
«ЖББ Т. Жароков атындағы мектебі» КММ-нің жанындағы интернат
«Ал, қане қыздар»
Өткізген:Махлиева А.Н.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген