Тақырыбы:
«
Ал, қане қыздар »
Мақсаты:
Қыз баланы адамгершілікке, жан- жақтылыққа
тәрбиелеу,
эстетикалық
сұлулыққа бағыттай отырып, ой- өрістерін
дамыту,
шығармашылыққа
баулу.
Көрнекілігі:
Үлестірме материалдар, сахна безендіру,
көрнекі қажетті
құралдар.
Барысы:
жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті ұстаз- тәрбиешілер,
көрермен
қауым!
Барша аруларымыз бен аналарымызды
бүгінгі
көктемнің
алғашқы гүліндей келген 8- наурыз
халықаралық
аналар
мен арулар мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз.
2-жүргізуші:
Сіздерге бүгінгі айтылу күнге орай
ұйымдастырылып
отырған
қыздар арасындағы «Ал, қане қыздар»
сайысын
тамашалауға
қош келдіңіздер!
жүргізуші:
Олай болса,
Уа халайық,
халайық
Мұнда
назар салайық.
Ана
жолын жалғамақ
Ер
ұрпағын қолдамақ
Ел
намысын қорғамақ
Арулар
шықсын ортаға.- деп кішкентай аруларымызды
шақырайық.
Аруларымыз топпен
төмендегідей бөлімдерде сынға түседі.
1. Таныстыру
2.
Өнерлі өрге жүзер (өз
өнерлерін көрсету)
3.Кім
тез, кім тапқыр (сұрақ,ойын
сайысы)
4. Шаш-
адам көркі (шаш
үлгісі)
2-жүргізуші:Енді,
топпен сынға түсіп,өздерінің
тапқырлықтарымен, өнерлерін көрсететін
қыздарымызға төрелік ететін әділ
қазылармен танысайық.
Көркемөнер- жас
бөбек
Апалар ізін басады
Өнерлерін әнменен
Шашу қып бүгін
шашады- дей келе, алдарыңызда кішкентай
арулар ән шырқап, сайыс шымылдығын
ашады.
1-жүргізуші:
Арулар келіп жетті танысуға
Бойындағы
дарындарын дамытуға
Қыз
Жібек пен Әлиядай,
Мәншүк
пен Розадай
Болып
өссін, арулар- ай- дегендей 1-бөлімге
кезек берейік.
(Әр топ өздерін
таныстырады)
Әділ қазылар
алқасынан таныстыру бағасын сұраймыз.
2-жүргізуші:
Құлпырған қандай –жас ару
Қайсысы
әнші, кім биші
Талабына
қарайық
Шаттана
қол соғайық –деп 2-ші бөлім «Өнер
сайысына» әр
топ аруларының өнерлерін тамашалайық.
Әділ
қазылар алқасынан 2-ші бөлім өнер
сайысының бағасын сұраймыз.
1-
жүргізуші:
Ал, келіңдер, келіңдер!
Бір-біріне
еріңдер.
Білімдеріңді
тексеріп,
Әр
жылдам жүріңдер-деп аруларымызды
қызықты ойын мен сұрақтарға жауап беруге
3-ші бөлімге шақырамыз.
Әділ қазылар
алқасынан 3-ші бөлім «Кім тез, кім тапқыр»
сайысының бағасын сұраймыз.
жүргізуші:
Ару қыздың бұрымы
Сән
мен көркі ажары
Сәндей
білсе, бұрымын
Ол
да оның ғажабы-деп әр топ өздерінің шаш
үлгісін көрсетуге 4-ші бөлімге ортаға
шақырамыз.
жүргізуші:
Аруларымыз, тамаша шаш үлгісін жасап
болды, енді үлгілерін таныстырсын.
Әділ
қазылар алқасынан 4-ші бөлім «Шаш- адам
көркі» сайысының бағасын сұраймыз.
Қорытынды
баға дайын болғанша тамаша ән шашуын
тамашалайық.
Ән:
« Анашым »
2-жүргізуші:
Сіздер аруларымыздың сайыстағы бар
өнерлерің, тапқырлықтарын
тамашаладыңдар.Ендігі сөз кезегі
әділқазы
алқасында
(Әділқазы
алқасы ортаға шығып өз пікірлерін
білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына
сай атақтары мен мақтау қағаздарын
береді.)
1-
жүргізуші: Бойларында от бар екен
байқадық
Жүректерде
шоқ бар екен байқадық
Әрқашанда
осы шоқты өшірмей
Жалындатып,
шарықтаңдар мазданып- деп бүгінгі
кешімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға
рахмет!
« Ал,
қане қыздар » атты
мерекелік сайыстан көрініс
«ЖББ Т. Жароков
атындағы мектебі» КММ-нің жанындағы
интернат
«Ал,
қане қыздар»
Өткізген:Махлиева
А.Н.