Тәрбие сағаты "Әлемді тербеткен ана" 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Әлемді тербеткен ана" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне тәрбие сағатын өткізу үшін көп көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әлемді тербеткен ана»

Мақсаты:Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын арттырып, анаға саналы түрде құрмет пен махаббат сезімін калыптастырып, балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік:Даналық сөздер жазылған плакаттар,аналарымен бірге түскен отбасылық суреттер. «Әлемді тербеткен ана» презентация.

Ақ шашты ана:

«Жастығым-балам» дейді.

Ақылды бала:

«Ай-күнім-анам» дейді.

Мұғалімнің сөзі:-

Ана... Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып,алтынмен апталған Ана деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді.Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң «Бауыр етім балам»,-деп ақ сүтін беріп, аялап, «Менің балам керемет»-деп мақтан тұтады.Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы.Баласы үшін жанын да аямайтын ардақтың да- абзал ана!

Ана- жүрек, сол жүректе құдірет те,

Ана- тірек, сол тіректі құрметте!

Ана- шыңың, ардақ тұтар биікте,

Ана- күнің, сәуле шашар жүректе- деген өлең жолдары барлық аналарға арналады.Олай болса бүгінгі «Әлемді тербеткен ана»- атты ертеңгілігімізді сіздерге арнаймыз.

Кәлима

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.


Хормен барлығы:

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар!


Ізгілік  Бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана.Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын.Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді.Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. Олай болса балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Нұртілеу

Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

Ақбота

Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп әлдилеген,
Ананың орны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,

Айбота

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

Ана деген – асыл жандар бұлақтай

О адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай

Нұрлай

Ана өмірдің қуанышы, тірегі

Бала оның жұбанышы, жүрегі

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дәйім тыныштықты тіледі.



Мұғалім: Кез келген адамның әдептілігі мен сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер балаға алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні,жұмсақ,аялы алақаны бала өмірін шаттыққа бөлейді.Сондықтан да анасын жақсы көрмейтін бала жоқ шығар.


«Әлемді тербеткен ана» презентация.


Хормен:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!


Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған аналарына деген сыйлықтарын тапсырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2020
1327
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі