жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тарбие сагаты Алғыс айту
Тақырыбы: 1-наурыз «Алғыс айту күні»
Өмірге риза болып, алғыс айт
Халық даналығы
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу. Көрнекі құралдары: слайд, Нақыл сөздер,
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
1.Психологиялық дайындық «Мен саған алғыс білдіремін, өйткені...»
2.Топқа бөліну
ІІ.Негізгі бөлім.
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі сынып сағатымыз 1-наурыз Алғыс айту күніне "Алғыс айту - парызым!" атты ризашылық күніне арналған
III. Топқа бөлу.
Нұсқау: 3 түсті стикерлер бойынша топқа бөлу.
• 1) Алғыс пен ризашылық дегенді қалай түсінесіңдер?
• 2) Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен
білдіреді?
–Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. /слайд/
–Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі /слайд/
М.Әуезов шығармаларында қазақы алғыстың мынадай түрлері айтылады: Алдыңнан жарылқасын; амандық шаттықпен көрісуге жазсын; аруақ жар болсын; аруақ қолдасын; жолың болсын; көрісуге күн жақсы болсын; қадамың құтты болсын; қайырлы болсын; құдай көңіліңді өсірсін; қызығың ұзақ болсын; өмір жасың ұзақ болсын; от анасын жарылқасын; өркенің өссін; тілектерің тап болсын; тілеуің берсін; ұзағынан сүйіндір./слайд/
ІV.Топтық жұмыс: 1. Тарихи деректер
1-топ:
1-оқушы: Бүгін – Рақмет айту
(Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ
және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде
атап өтеді. Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің
бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа
ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың
көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы
басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты
аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі –
түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда
орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен. Кейіннен, яғни, 1789
жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін «Ұлттық мереке» деп
жариялайды.
2-оқушы:
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы
Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп
жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173
Жарлыққа қол қойды. 2015 жылдың сәуір айында
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр»
тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз
сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске
алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, халықтар түгелдей жер
аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың
еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола
отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары
ғана өмір сүрді», — деді Президент. Алғыс айту күні – қайырымдылық
дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау
күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық
көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек
көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
2-топ: Алғыс сөзіне 5 жолды өлең құру
2.Проблемалық сұрақ: 1-топ:Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? 2-топ:Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»
Сонымен, рақметке лайықты
кімдер? Тізімді бірге құрайық! 1. Анаға – өмір сыйлағаны
үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны
үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны
үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны
үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары
үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы
үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы
үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны
үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны
үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны
үшін,
11. Отқа – жылулығы
үшін..
Бірге: Рахмет айтамыз!
/слайд/
3.Ұялы телефон арқылы алғыс айту
/Қазір біз тікелей байланысқа
шығып алғыстарымызды айтайық/ 1 топ-Мұғалімге алғыс 2 топ-
Ата-анаға алғыс V.Қорытынды. Құрметті оқушылар, жылы
сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен
ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар.
Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп
тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге
үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді
жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға
қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды
ұмытпаңыздар.
Аллаға әуелі
рахмет!
Тірлікті мынау
жаратқан.
Анаға шексіз
рахмет!
Ақ сүт берген,
толғатқан.
Әкеге айтам мың
алғыс!
Ұрпақтар жібін
тарқатқан.
Бауырға туған
рахмет!
Қолдаған, сүйген,
жұбатқан.
Ұстазға ұлы
рахмет!
Нәрімен білім
сусатқан.
Балалық досқа
рахмет!
Қуанған бірге
мұңдасқан.
Халқыма туған
рахмет!
Шыңдаған, елге
танытқан.
Қазаққа дархан
рахмет!
Салт - санасын
сіңірген.
Жеріме байтақ
рахмет!
Таза ауа үшін
сімірген.
Барша әлем, саған
рахмет!
Әр күнім үшін
кешірген.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген