Материалдар / Тәрбие сағаты "Алғыс айту парызым" НОО-20-2 тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Алғыс айту парызым" НОО-20-2 тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күніне орай студенттерді адамгершілікке тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2021
654
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі

Биология пәні оқытушысы

Оспанова Ақниет Ұғыбайқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғыс айту – парызым!»

Мақсаты: Студенттердің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту


Міндеттері: а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу


Көрнекіліктері: Нақыл сөздер,сандықша, шарлар және т.б.

Барысы:

Топ жетекші Оспанова А.Ұ.:
Мемлекеттік әнұран орындалады.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні

1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.


1-Жүргізуші:

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

2-жүргізуші

Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні. Алғыс айту күнінде ата-анамызға, өмірімізге, ұстаздарымызға, достарымызға, барша жанға алғыс айтамыз. Қазіргі сәтте ұстаздарымызға алғыс айту үшін ортаға топты шақырамыз.

Ән: «Ұстазым» ХОР





1-жүргізуші

Бүгін Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен. Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялайды.

2-жүргізуші
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады. Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.

Топ жетекші Қайратова А.Қ.

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының  ұғымында  неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған меңзейді.

Слайд: «Жаныңда жүр жақсы адам.......»

1-жүргізуші:

Алғыс – қуаныш үстінде, жиын, мереке, той-томалақта адамдардың бір-біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауы.


Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…

Топ студенттері кезекпен –кезек:
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..

Күй: «Сарыарқа»

2-жүргізуші:

Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.

Проблемалық сұрақ:

«Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?

Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

Видео ролик: «Жақсылығың қайтар өзіңе»

Топ жетекшілер Оспанова А.Ұ., Қайратова А.Қ.:

Студенттер, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.


«Автограф» ойыны: (Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет)
Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды тілеу.

1-жүргізуші:

Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қазақтағы алғыс ежелгі сипатын өзгерткен, ол рух-иеге немесе басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үлкеннің алғысын алуға тырысқан. Мәселен, олар тойда, аста жиналған үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап түсіріп, үйге енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қарағым, ғұмырлы бол!» деп өзінің алғысын айтады. Немесе, үйде жағалай отырған адамдардың қолына су құйып, орамал беріп, қызмет етеді, ал келіндерге үлкендер «Көп жаса, шырағым!» деп ризашылық сезімін білдіреді. Сол сияқты жас келін үйге келген кісіге, яки жасы үлкен адамға ізет көрсетіп, сәлем етеді. Оған «Қалқам, өркенің өссін» деп, үлкен кісі өзінің ризашылық батасын айтады. Я болмаса жас адам үлкен кісінің әлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде ойдағыдай орындаса, қария оған «Жасың ұзақ болсын!» деген сияқты алғыс айтып, екі жақтың да көңілі хош болады.

2-жүргізуші

Қазақ алғыстары нақты адамға қарата айтылады, ол екі адамның бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Оның басты мақсаты жақсылық істеген адамға ризашылық білдіру, алғыс алған адамның көңіл-қошы болып, ырыс-берекесі арта түседі деп ырымдаған. Қазақта алғысты риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, басқа түркі халықтарындағыдай арнайы алғысшылар болмайды.

1-жүргізуші:

Байқайтынымыз: алғысты риза болған жақ өзі айтса, батаны екінші жақ көбінесе «Батаңызды беріңіз!» деп сұрап алады. Екіншіден, алғыс ұғымында ризашылық белгісі сақталған, ол туралы қазақ паремасында «Алтын алма, алғыс ал!» деп келетін мәтелде алғыстық сипатты байқауға болады. Себебі, қазақ  ұғымында алғыс алған адамды Тәңір жарылқап, оның құты көбейеді, ырысы артады деп сенген. Алғыстың мазмұны көбіне тілек түріндегі білдіріледі: Алла риза болсын! Көп жаса! Өмір жасың ұзақ болсын! Бақытты бол, Тең құрбыңның алды бол! және т.б.

2-жүргізуші:

М.Әуезов шығармаларында қазақы алғыстың мынадай түрлері айтылады: Алдыңнан жарылқасын; амандық шаттықпен көрісуге жазсын; аруақ жар болсын; аруақ қолдасын; бақыл бол; жолыңа жұп шырақ; жолың болсын; көрісуге күн жақсы болсын; қадамың құтты болсын; қайырлы болсын; қайыры бірге болсын; қосағыңмен қоса ағар; байлар көбейсін; құдай көңіліңді өсірсін; құсың құтты болсын; қызығың ұзақ болсын; ойнар көбейсін; осы бетіңнен жарылқасын; өмір жасың ұзақ болсын; от анасын жарылқасын; өркенің өссін; садағаң келсін; сауық молайсын; сақтай гөр терістен; тие берсін; тілектерің тап болсын; тілеуің берсін; ұзағынан сүйіндір.

Хормен: «Өмірге риза болып, алғыс айт».



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!