Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Алғысымыз шексіз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағатына арқау болып тұрған "Ризашылық " – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім екені туралы оқушыларғ тереңірек ұғындыру. . Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың берекелі боп өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау екенін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы «Алғысымыз шексіз»

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту ,ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру,үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық ,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу 
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

Жүргізуші: «Алғысымыз шексіз!» атты ризашылық күніне арналған 3 «б» сыныбының мерекелік концертіне қош келдіңіздер!
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті.

Жүргізуші: Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады.

Жер- Анамыз жасайды тарлық кімге?
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде

Бастысы – алғыс айта білу...

Аңсар- Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Бақдаулет - Әкеге – қорған болғаны үшін,
Жанеля - Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Орынбай - Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Малика - Күнге – шуағы мен назары үшін,
Бағлан - Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Әмина- Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Қарақат- Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Қуат - Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Досымхан - Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Нұрқанат- Отқа – жылулығы үшін..

Бірге: Рахмет айтамыз!

Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, аялап
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Халқыма туған рахмет!
Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.

Жүргізуші: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.


Сабина . Данышпан да, данада оқып сенен,
Атақ даңқын асырған бар әлемнен.
Ұстаз деген аяулы, асыл жанды
Жақсы көрем арнаймын жақсы өлең

.

Ән:Ұстазым Орындайтындар Ералы Аңсар, Темирканов Орынбай

Адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс–әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Бақдаулет.Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім

. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың берекелі боп өсуіне берекелі отбасының әсері мол.

Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен.

Зейнұр. Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау.

Ана- әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.

Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.

Әмина. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады.

Бүгінгі ризашылық күнін және алдағы келе жатқан 8-наурыз халықаралық аналар мерекесін  пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз!


Бағлан.Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй -деп, келесі кезекті анна туралы әнге берсек.
өнерін тамашалаңыздар.
Ән: «Ана»
Орындайтын Болатова Қарақат

Жүргізуші :Бүгінгі күн — нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге.
Ескеретін күн бүгін-
Ризашылық қой әр елде-

Бану.  Анама алғыс!
Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған еңбектегенде.

Бекасыл. Әкеме алғыс! 
Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.
Өмірімде бөрідей болуға баулып
Қойынына басатын бөлтірігіндей.
Бақытым болар жырымды жария етсем
Әуелеген әкемнің еркін үніндей.

Сабина. Ағаға алғыс!
Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің.
Бір бәлеге тап болса құрсақтастарым
Қапсырмалап,қысатын жанымды демім.
Бауырларым болмаса тірегім болған
Осыншама айбатты,арынды ма едім?!

Нұрқанат. Әпкеге алғыс! 
Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.
Анамыздан айнымай туылғаннан ақ
Иесіне айналған әдемі үміттің.
Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі
Белгісі болып жаралған әдеміліктің.

Абылай. Ініге алғыс!
Жалғасы болып өмірдің тұратын күліп.
Деп жүреді:”Ардақтап көтеремін мен
Атамыздың аманат,мұратын биік”
Қиындыққа кезіксе соққы болатын
Менің жаным ол үшін тынатын күйіп.

Айдана. Ұстазға алғыс!
Бағым жанып,батылмен бел асқаныма.
Төзіндіріп өмірдің талаптарына
Ниеттеген арманның ең асқағына.
Арқасында ұстаздың даналар баққан
Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма.

Қарақат. Досыма алғыс!
Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.
Ең бақытты ер болып жүретін едім
Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.
Көтеретін еңсемді егіліп,талсам
Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.

Малика. Еліме алғыс! 
Балаң едім батаңмен жанатын бағы.
Нәтижесі тілектің өзіңнен туған
Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.
Қол жеткізіп еліме тарту етемін
Биіктікті қыранның қанатындағы.

Қуат. Өмірге алғыс! 
Өнегеңді түсіндім бар күшімменен.
Айналайын,тағдырым, қасиетіңнен
Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен.
Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың
Ей,өмірім,алғысқа- алғысыңменен!!

Жүргізуші Арайлым:  

 Қазақстан халқы мәңгіліке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейлік негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы»
Грузин:
 Аңсар
Қырғыз: Зейнұр
Қазақ қызы: Қарақат
АңсарҚырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан.
- Сенің ұлтың кім?
Зейнұр-Қырғыз.
Аңсар:-Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
Зейнұр:-Менің өз елім – Қазақстан.
Аңсар:-Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
Зейнұр:-О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
Аңсар:-Сен өз еліңе қалайда кетуің керек.
Зейнұр:-Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
-Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ қызы келеді)
Қарақат: -Балалар, осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
Біз әрқайсымызды өз еліне баруың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
Қарақат:-О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа да ұлттар  тұра береді. Тұрғанда тату – тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, бізге неге дос болмасқа! Қане салыңдар қолдарыңды!
(Бірге қосылып) Біз доспыз, әрқашан біргеміз. «Ынтымақ бар жерде бірлік,достық, татулық бар» Ендеше ынтымағымыз әрқашанда жараса берсін.

Хормен:

Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз

Жүргізуші: Біздің қазақстан жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бүгін осында татар, орыс, тәжік, өзбек, әзербайжан, кәріс ұлт өкілдерінен біздің  мектебімізде  оқитын оқушылары бүгінгі іс-шарамызға өз ризашылықтарын білдіру келіпті.Осы ұлт өкілдеріне қошеметтеп қол шапалақтап қояйық.

  

Бекасыл.Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым –  деп, 
орыс халқының өкілдерін шақырамыз.


МарленКім сүймейді ет жақынын, туысын,
Әзірбайжан туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын -
 әзірбайжан халқын ортаға шақырамыз.


Елнұр. Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда – 
 мордвин ұлтын шақырамыз


Сабина. Бұралып гөзал билегенде
Өзбектің асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,
Құрбылар айтыңдаршы қандай пенде. - өз биімен 
өзбек жерлесімізді ортаға шақырайық

 Бәрі:Бейбітшілік жасасын!

 Ынтымақтастық жасасын!

Қазақстан жасасын!

Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын

Ән: «Туған жер»хор
Жүргізуші:Осымен «Алғысым шексіз!» атты Ризашылық күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
1035
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі