жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты: Алтын күз
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күз мезгілінің жомарттығы, табиғатының сұлулығы, еліміз үшін үлкен маңыздылығы туралы түсінік беру. Өскелең ұрпақтың бойындағы қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа жетелеу. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата- аналар!
Сіздерді «Алтын күз» мерекесінде көріп отырғаныма қуаныштымын. Биылғы күз мерекесі Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа –тұс келіп отыр. Сондықтан бүгінгі салтанатты жиынымыздың ерекшелігі де осында. Алдымен баршаңызды тұғырлы тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен құттықтаймын. Ал жомарт күз әр шаңырақты шаттыққа бөлеп, несібелеріңізді асыра берсін.
Сіздерге арнап оқушылардың дайындаған ән жырлары бар. Соған назар аударыңыздар.
-
Қойылым:
Әтеш шақырады – Мұхаммед, Долон – Бий.
-
Ку-ка – ре- ку, ку-ка-ре –ку.таң атты. Күн шығып келеді. Ояныңдар!
Күн шығады - Мақсат.
-Уа Адамзат баласы!
Күз мезгілінде қысқа қамданыңдар!
Сендерге азықтарыңды жинап алу үшін ашық күндерімді сыйлаймын.
Күз келеді – Асқар.
Армысыздар халайық
Күздің үш айларын ортаға шақырайық.
Қыркүйек – Аруза, Қазан –Айбын, Қараша – Анел.
Ризық, несібелеріңді жинап алыңыздар.
Айбын бауырсақты үстелге апарады. Аруза мен Анел шашу шашады.
-
Би «Қара жорға»
-
Мұғалім:
Биылғы жылы егін бітік шығып, қамбамыз астыққа толды. Бау – бақшаның да өнімдері аз болған жоқ. Қай жағынан алсақ та еліміз мол ырысқа бөленді .Әрине мұның бәрі еңбектің арқасында қол жеткен толағай табыстар. Сондықтан да маңдай терін төккен ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне рахметімізді айтамыз. Халқымыз «Дән болса ән де болады» демекші мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері дайындаған өлеңді назарларыңызға ұсынамыз.
-
МАДТ тәрбиеленушілерінің күз туралы өлеңдері.
-
Ән: «Болайықшы осындай» орындаушылар: 2 сынып оқушылары.
«Болайықшы осындай»
Сөзі мен әнін жазған: А. Меңжанова.
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қ – сы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым – ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы көрер бар адам.
Ұқыпты осындай
Болайықшы досым - ай
-
1 сынып оқушыларының өлеңдері
Ертегі «Мақта қыз бен мысық» Маханов Бейбіт.
-
2 сынып оқушыларының күз туралы өлеңдері.
Анел: Күз – береке. Н.Әлімқұлов.
Берекесін сыйлауға, Құстар қайтты ән салып,
Өлкемізге күз келді. Бұлт шарлады аспанды.
Жемістерін жинауға, Қыс келеді жар салып,
Шақырады біздерді. Күзгі суық басталды.
Аруза: Күз. Ж.Кенжеғалиева
Тамсандырып таңдайды, Оқушылар сағынып
Жеміс- жидек піседі. Оралады мектепке.
Жапырақтар сарғайып Құстар жатыр асығып,
Жер бетіне түседі. Жылы жаққа кетпекке.
3 сынып оқушыларының күз туралы өлеңдері.
-
Ән «Бақытты балалық шақ» орындайтындар: 2,3 сынып.
Бақытты балалық шақ
Сөзін жазған Ж. Тұрбеков
Әнін жазған Ә. Еспаев
Жарастықпен жайнатып өмір көркін,
Гүл-бақшада сайраңдап өскен еркін.
Шат көңілді, бақытты ел ұланымы
Келешекте ұлы істі меңгере
Отанымыз әлпештеп анадайын,
Құшақтайды аялап сағат сайын.
Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң
Не керектің біз үшін бәрі дайын.
Білім шыңын өрлейміз басып алға,
Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,
Көк туымыз желбіреп қолымызда.
-
Үй тапсырмасы:
Мұғалім: «Алтын күз» тәрбие сағатының жақсы өтуіне ата – аналардың қосқан үлесі мол. «Ас адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде оқушылардың аналары күзгі өнімдерден тағам дайындап әкелген екен. Қазір дайындаған тағамдарын қорғап, оны тапсырады. Қошеметтеп ортаға шақырайық.
1.Жұмбақ жасыру.
1. Бұйра тұлымы 2. Әр желінің асты толған көк қоян.
Желмен ойнайды. Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
Қызыл мұрыны (Қияр)
Жерге бойлайды.
(Сәбіз)
3. Жүзін орап гүлменен, 4. Көктемде
Күнге қарап телмірер. Ақ гүлге оранады,
Тіспен шағып, Күзде
Тілменен, Қолға доп боп оралады.
Дәмін татқан ел білер (Алма)
(Күнбағыс)
5. Сыртым – қызыл, өзім ақ, денем доптай, 6. Тігіп алып көк шатыр,
Шешіндірсең жылатам ұрмай – соқпай. Қызылкүрең доп жатыр.
(Пияз) (Қызылша)
7. Қырық қабат орамалға
Оранады ол бала.
(Орамжапырақ)
2.Ойын. «Өнім жинау»
3. Көп жылдар бойы ауыл шаруашылығында еңбек еткен Баршақаев Жандостың атасына және Дастан Дәуреннің әжесіне сөз беріледі.
4.Балалардың суреттері мен табиғи материалдардан жасаған бұйымдары жөнінде марапаттау және қорытындылау кезеңі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; Қасенова Мәриям Нұржанқызына сөз кезегі беріледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Шаховское орта мектебі
Тәрбие сағаты:
«Алтын күз»
2011-2012 оқу жылы


шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген