Тәрбие сағаты "Алтын күз!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды тәрбие сағатына пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Т


Тақырыбы: «Күз кереметі!»

Мақсаты: Жас  ұрпаққа  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстарды және күз  кереметтілігін  нақты  айқындап  ашуға, табиғатты  сүйюге, сақтауға  үйрету.

Инабатты, иманды, іскер,  мәдениетті, жеке  тұлғаны  қалыптастыру.

Ұқыптылыққа, шымырда  шапшаң  ой  жүйріктілігіне,  талғампаздыққа, таза  әдемі  болуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахнада  күз  көріністері,нақыл  сөздер,  шар.

Қатысушылар: 4 сынып оқушылары

Іс-шара барысы:

Мұғалім:      -Қайырлы күн! Құрметті оқушылар!

     Міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз – күзде егін, астық, көкөніс, жеміс – жидектер көп піседі.


Бүгінгі іс- шарамыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік:

1. Викториналық сұрақтар
2. Жұмбақтар шешу.

3.«Кім жылдам?» ойын
4. Мақал -мәтелдерді табу

5.Логикалық тапсырмалар

6.Сурет салу.

Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.

1.Ең еңбексүйгіш жәндік.

2.Қай жануарда қалта бар?

3.Қазір қай ай?

4.7 мысықтың неше құйрығы бар?

5.Алтын түстес жыл мезгілі?

6.1 жылда неше ай бар?

7.Қазір жылдың қай мезгілі?

8.Мына нәрселерді басқаша қалай атауға болады? Сәбіз, жуа, қызылша, қызанақ

9.Шыршаны қашан сәндейді?

10.Жыл мезгілдері нешеу?

11.Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш?

12.Оны қыста қолға киеміз

13.Аспан көз жасы.

14.Қыста жауады.

15.Жылататын көкөніс

16.Көп киімді көкөніс


Бәрекелді, балалар, енді біз «Жұмбақтар әлеміне» аттанайық

1. Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы тізеден келмейді (тырна)

2. Құрлықта жүрсе – маймаңдап,
Суда жүзсе – еседі қайықтап. (үйрек)

3. Ұя сап, балапан баспайды,
Өз атын атап қақсайды. (көкек)

4. Дамылсыз барабан қағады,
Сол жерден тамағын табады. (тоқылдақ)

5. Қарағайдың, шыршаның
Бүрін шағып уатты.
Бұл қандай құс, айтшы, дос,
Тұмсығы қайшы сияқты. (қайшы ауыз)

6. Бұдыр-бұдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа,

Үй салды жабыққа.   (Қарлығаш)

7.Піспегенде сырты қара, өзі қатты,
Ал, піскенде ерекше дәмі тәтті. /картоп/
8.Ұзын, мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. /бидай/
9.Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. /сәбіз/
10.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. /пияз/
11.Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма./қызанақ/
12. Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді.
Сарғайып піседі, Үзіліп түседі. /жапырақ/


3.«Кім жылдам?» ойын


4. Мақал -мәтелдерді табу

Сурет бойынша мақал- мәтелдерді табу.

«Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар»демекші,келесі кезеңіміз мақал – мәтел жалғастыру. Мақал-мәтелдерді кезегімен алып, жалғасын айтады.

1. Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)

2.

2. Ұлға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)

3. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)

4 .Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)

5. Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)

6. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)

7. Жақсы байқап сөйлейді… (жаман шайқап сөйлейді)

8. Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)

9. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)

10.Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда сонны алады)

11. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)

12.Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)

5. Логикалық тапсырмалар

1.Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..? Айгерім

2.Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай? 150 минут = 2 сағат 30 мин

3.Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі? Дұрыс

4.Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады? Сіздің есіміңіз

5. 1 бұқа 5 литр сүт беретін болса, 5 бұқа қанша литр сүт береді? Бұқа сүт бермейді 6.Жабық көзбен нені көруге болады? Түсті

7.Тауық өзін құспын деп айта ала ма? Жоқ, ол сөйлей алмайды

8.Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе? Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар.

9.Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр? 1

10.Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? 6

11. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? 15

12.Термометр 15 градусты көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр нешен градусты көрсетеді? 15

13.Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды? Тақырбас адамның

14. Сиыр неге жерге жатады. Өйткені, отыра алмайды.

6.Сурет салу.

Мұғалім: Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған.Күз мезгілі берекелі де мерекелі болсын!


Осымен «Күз кереметі» атты іс-шарамыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!


«Елтоқ ауылының ЖОББМ»КММ








«Күз кереметі!»

Күзгі демалыс кезіндегі іс- шара



















Сынып: 4 «А»

Өткізген:Байманова Г.С.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2024
206
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі