«Алтын
күз»
Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері
жайлы балалардың білімдерін
кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып,
түсінік беру, ойлау қабілетін
дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай
сарғайған жапырақтармен
безендірілген)
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай
бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі
барлық үйге молшылық алып
келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз келгенде»әнін
тамашалаңыздар
Жүргізуші:
Қанекей, балалар енді күзге арнаған
тақпақтарымызды айтайық.
1. Берекелі,
мерекелі
Келді жомарт алтын күз
.
Қала да, дала
да
Жанның бәрі жарқын күз
.
2. Балақайлар
алақайлап,
Мектеп іші
нұрланды.
Астық жыры, шаттық
жыры
Қырман басы
думанды.
3.
Алтын күз, әсем
айналам,
Қараймын көзім
талғанша.
Жақын қалды
желтоқсан,
Жабырқайды
жапырақ.
4.
Жел тынымсыз
гуілдеп,
Болып кетті тым
бұзық.
Шуылдайды тал -
терек,
Жапырағын
жұлғызып.
5.
Көк майсалы
көрікті,
Алқаптағы көп
егін.
Бұл күндері
киіпті,
Сары жібек
көйлегін.
6.Алтын,
сары, қызыл, көк...
Алуан алуан
жапырақ,
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
жапырақ.
7.
Алқаптан
бидайды
Қоймаға ел
жинайды.
Тырнасы
тізілген,
Ұнатам күзді
мен.
8.
Жайдарлы күз,
жомарт күз,
Аяулы күз,
алтын күз.
Дәнге толы кең
далам
Дариядай шалқып
жүр.
Жүргізуші:
Балалардың
орындауында «Күзгі бақ»әнін
тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Балалар,
адамдар күзде қандай киімдер
киеді?
Балалар: Күзгі
жылы киімдерін киеді.
(Осы кезде ішке
сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған алтын күз
келеді)
Күз:
Сәлеметсіңдер
ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп
рахмет.
Балалар, мен
сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен
жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала
қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы
жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары
қажет.
Күз:
Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш
екенсіңдер.
Жүргізуші:
Алтын күз, енді
балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін
тамашалыңыз
Жүргізуші:
Балалардың
орындауында «Жапырақтар»
биі
Күз: Балалар
билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік,
күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып,
мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау
қажет.
Жүргізуші:
Балалар, күздің
алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме
екен?
Балалар:
Иә, өте
дәмді.
Жүргізуші:
Сол көкөніс пен
жемістерді ортаға
шақырайық.
(Осы кезде
көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып
шығады)
Сәбіз:
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын
ойыңды.
Қоянға да
азықпыз,
Сәбіздерміз
жазықсыз.
Алма: Мен
алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар
бар дәмім.
Қызылша:
Ақ түсім бар
қант алар,
Қызыл түсім
қанға нәр.
Зияным жоқ
біліп қой,
Қызылшамын
пайдам бар.
Өрік: Мен
өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа
көрікпін.
Қарбыз: Көрсең егер
бақшада,
Доп екен деп
қалма.
Шөл қандырар
қарбызбын,
Ерте үзіп
алма.
Алмұрт: Мен
алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар
жұрттың.
Қауын: Иісім
жұпар аңқыған,
Бақшадағы
шырынмын.
Жеп көргенде
тамсанған,
Балдай тәтті
қауынмын.
Көрініс:
Мөлдір: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
Нұрәлі: Енді, енді не етеміз?!
Мадинаға қалай көмектесеміз?
Дария: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Мөлдір: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Алмас: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Нұрәлі: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Мөлдір: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы
естіледі. Дәрігер киімін киген бала
келеді)
А.Нұрали: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Мөлдірге дәрігерлік көмек
керек!
Жанель: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен
кеудесін тыңдайды)
А.Нұрали: - А - а - а -
деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Мөлдір: Енді не
істеймін?
А.Нұрали: Дәрумендер
табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге
тырыс!..
Жүргізуші: Балалар,ендеше
Эфирде – «Күзгі
бақша» телеарнасының , Қызанақ –
кореспондентінен бақшада қандай өзгерістер,
қандай жаңалықтар бар екенің, хабарласып
көрейік!
- Сәлеметсізбе,
мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер
болып жатыр!
Қызанақ - кореспондент: Сәлеметсіңдер ме
балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім,
оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп
жібересіңдер? Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге
жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп
тұрамын,
Піскенде себетке
құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл
анық,
Тонып шешсе
жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың
дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты
қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
5. Өсірдім ұлпа
қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
6.
Аласа ғана бойы
бар,
Қабат-қабат тоны
бар. (орамжапырақ)
Жүргізуші: Балалар күзде,
аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына
рахметін айтады. Ендеше эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының
кореспонденті –Қоянға сөз
берейік!
- Сәлеметсізбе
қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай
дайындалады?
Қоян –кореспондент: Сәлеметсіңдер ме
балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс
мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен сендерге жұмбақ
жасырайын ал сендер шешуін
табыңдаршы.
Үсті толы ине,
өзін қорғай
алады,
домаланып қалады. Қандай
аң?
Балалар: Кірпі!
Қоян–кориспондент: Дұрыс
балалар!
Бұтақтан бұтаққа
секірген,
Кішкентай ғана шапшаң
аң.
Балалар: Тиін!
Қоян–кореспондент: Дұрыс тиін!
Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты.
Мүмкін сендер көмектесіп
жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине
көмектесеміз! Кірпіге алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап
береміз!
ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап
ал!»
Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас
жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп
тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз
заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса
сол команда жеңеді.
Жүргізуші: Досы көпті
жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар
кірпі мен тиінге көмектесіп
жіберді.
Күз:
Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге
ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс
етемін.
(Күз, балаларға
алма таратады)
Күз:
Мен туралы
жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді
тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі
кездескенше.
Жүргізуші:
Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып
салайық.
Балалар:
Рахмет сізге
күз, сау болыңыз!
Күз:
Сау болыңдар
балалар!
Жүргізуші:
Балалардың орындауында «Жеміс тердім»әнін
тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Алтын күз атты
ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға
рахмет.