Материалдар / Тәрбие сағаты "Алыстан келеді ұшып мұзбалағың..." 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Алыстан келеді ұшып мұзбалағың..." 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақиық ақынның жырларымен таныстырып,оқушылардың поэзия туралы түсініктерін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
493
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні: 22.02.21ж.

Уақыты: 08.15.

 ZOOM

«...Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім...»


Сабақтың тақырыбы: «Алыстан келеді ұшып мұзбалағың...»


Сабақтың мақсаты: М. Мақатаевтің өмірі мен шығармашылық еңбегімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімдік: Ақынның өміріне шолу, поэзиясына талдау жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, мәнерлеп оқуға үйрету.

  2. Дамытушылық: Ақиық ақынның жырларымен таныстырып,оқушылардың поэзия туралы түсініктерін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларға поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік мен мейрімділік қасиеттерін тәрбиелеу.


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!    

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 90 жасқа толып отыр. Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.

 

  1. «Мұқағалиға арнау». (Г.О.)

 

Жүргізуші:  Бүгінгі кеш тек ақиық ақынға ғана арналады. Ендеше ақынның әуезді, әсем әндеріне кезек берейік.


  1. Презентация

 

Жүргізуші: Келдім өмір,  қойыныңды аш, енейін,

Ашты-тәтті тамағыңнан өбейін.

Тартылмаған талабымды қуат қып,

Соқпағыңмен мен де алысып көрейін,-дейтін Мұқағали-біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Өйткені ол шынында да алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын.


Жүргізуші: М.Мақатаев поэзиясы – мезгілімен бірге жасайтын ескерткіш.

Ол поэзияның туған мекені – ақынның жан дүниесі.


  1. Жансая: «Бүгін менің туған күнім».


  1. Дастан:  «Поэзия, менімен егіз бе едің?...»



  1. Саль Сабиль: «Әке»

  2. Саят: «Ей, өмір».

  3. Айнұр: «Жарайсыңдар жігіттер!».


Жүргізуші: Мұқағали лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің жыршысы. Өзі өскен Алатауын, Қарасазын сөздің барлық құдіретіне бөлеп-ақ кетті.

 

Жүргізуші: Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт жоқ.Ол өлең болып өмір сүрді де, өлең болып жатып үзіліп кетті. Өлеңнің соңғы жолын жазуға көңіл құдіреті жеткенімен қолының әлі келмей әлсіреп барып көз жұмды.


Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

                           Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

                           Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

                           Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

деп сонау еленбей жүрген ерте кезінің өзінде ілгері ұлы ақындарша дөп басып дәл болжап өзінің айтқанындай Мұқағалимен бірге жүрген, көріп-білгендердің ішінде құлаш-құлаш еселеп естеліктер жазбағаны кемде-кем.


  1. Естеліктерден үзінділер.


Ақнұр: Нағиман Батанқызы (Ақынның анасы)

Қырық бес жасында қыршын кеткен оның күллі қазақтың баласы боларын,ардақты ақыны атанарын,құдай ақы, туған шешесі мен де,өмірлік жары да, туған бауырлары да білгеміз жоқ. Көпшілік ел де кезінде білмеген шығар...Енді қарап отырсам,тыңдап отырсам,Мұқағалиымды аспанға көтеріп, өзі өлген соң еліне танытқан құдайдың берген таланты,өлеңінің қуаты шығар. Бұған да тәубе. Өзі тіршілігінде көрмеген құрмет пен қошаметті артында қалған біз-отбасы, жары мен балалары,бауырлары болып көріп жатырмыз. Қайсыбірін айтайын. Алатаудай айбарлымды ойласам,өзегім от болып жанады...

 

Балнұр: Лашын Әзімжанова(Ақынның зайыбы)

 Мұқағалидың тілі бай, халық тілі еді ғой.

Ол халқын қалай сүйсе,халық та оны солай сүйді.Оған-жырларына жазылып жатқан белгілі композиторлардың да,әуесқой композиторлардың да әсем әндері,қолына қалам алған ақындардың арнау өлеңдері,суретшілердің жасап жатқан бірінен-бірі өтетін Мұқағали портреттері,тағы басқа да дүниелері бәрі-бәрі куә.Олардың қай-қайсысы да халық сүйіспеншілігінің белгісі болса керек.Лауреаттықты „жоғарғы топ," мықты ағалары қимаса да,ел-жұрты ыстық ықыласына бөлеп,әлдеқашан шын бағасын,зор құрметін беріп те қойған.Мұқаң халқына піріндей сенді.

 

Әдина: Фариза Оңғарсынова

 Мұқағали-біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс.

Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып,дөп басып,тани алмасақ,бұл-өнердегі заңдылық.

Ол-әсіре қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес,жақындаған сайын алыстап,жақындаған сайын жан дүниеңді сан күйге бөлеп жүрек лүпілімен сезім құдіретінен құйылған қанық бояуымен құпиялана түседі.

         Поэзияның әрі таймас сұлулығы да,барған сайын ынтызарыңды құрта түсетін құдіреті де осы болуы керек.

          

Жүргізуші:  Жазылар естеліктер нешелеген,

                      Көрерміз оның бәрін пешенеден.

                      Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе,

                      Көшеді өлең немесе өшеді өлең,-дейді Мұхаң.

Ақиық ақынға арнау, өлең де, эссе де, естеліктер де әлі жазыла берер. Мұқағалидың өзі айтпақшы: өлең көше ме, өше ме-мәселе сонда! Ал М.Мақатаевтың жырлары күндегендерге-көктен түскен жасындай боп, күткендерге-мәңгі тозбас асылдай боп, 20 ғасырдан 21 ғасырға бар бояуын жоғалтпай көшкені анық. 

  1.  Ислам: «Үш бақытым»

  2. Аяна: «Өмір жайлы»

  3. Дастан: «Көрер едің»

  4. Арай: «Өтелер ме?»

  5. Сабина: «Мне-дағы өлең жазбаймын»

  6. Назерке: «Отан»

  7. Дания: «Автограф»

  8. Ақбота: «Күрең күз».

   

Жүргізуші: Ертең- сенің туған күнің,о, пәлі-ай!

                       Мына дүние қалай тұрсын тойламай!?

                       Өлмесіңді біле тұра мәңгілік

                        Бұл өмірді қиып кеттің сен қалай!?

                        Туған күнді тойламай қынжылып ең,

                        Сыр бермей ешбір жанға тік жүріп ең.

                        Мерейтойды өткізді бүкіл қазақ,

                        Күні-түні дүрлігіп мың-мыңымен!     

Мұқағали ақынның жырлары – тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.

Өткенге шегініс жасап, ақынның өз дауысымен жазылған өлең шумақтарына көңіл бөлейікші (видеопролик қосылады)

17.Видеоролик

Жүргізуші: Мұқағали жырларын оқымайтын адам кемде-кем. Мұқағали өлеңдерін айта берсек бір күнде тауысу мүмкін емес.

Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы дараланып, биіктеп бара жатыр. Оның поэзиясы-ұлттық байлық, қазақ халқының рухани сауаты. Оны жеткізетін біз – болашақ жас ұрпақ.

Көзі қарақты көпшілік қауым, осымен ақиық ақынды еске алу кеші аяқталды!

Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!!!

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!