А.С. Макаренко атындағы №6
орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік
мекемесі
Ана - өмірдің
шуағы
Сынып: 2
«Ә»
Сынып жетекшісі: А.М.
Имашева
Талдықорған
қ.
Тақырыбы: Ана - өмірдің
шуағы.
Мақсаты:
Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға
тек ұлылық тән екенін ұғындыру.
Анаға деген
бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай,
құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
көріністер,
әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа
жазылған нақыл сөздері.
Барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушыларды сахна төріне
тұрғызу.
1 - жүргізуші:
Құрметті асыл аналар, әжелер мен
қыздар!
Сіздерді
көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде
тойланатын
8 - наурыз
әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен
құттықтаймыз.
2 - жүргізуші:
Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз.
Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де
сіздерсіздер!
1 - жүргізуші:
Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық
құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың
шапағат мейіріміне жетпейді.
2 - жүргізуші:
Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей
алмайсың.
1 - жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең
әзиз жан ол – анамыз.
2 - жүргізуші:
Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің
шуағы» атты мерекелік
кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз
аналар сіздер үшін.
1 - жүргізуші:
Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға
арнап жазған өлең шумақтарын қабыл
алыңыздар.
1 –
оқушы
Сенен өскен
балалар,
Батырлар мен
даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті, жан
аналар!
2 -
оқушы:
Ана дейміз
бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас
сәби де жарқылдап.
Ана деген –
бәйтерегі өмірдің
Ана деген –
алтын қазық, алтын бақ.
3 -
оқушы:
Ана деген асыл
жандар болаттай,
Ана деген
мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар
қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа
ақыл ойды тонатпай.
4 -
оқушы:
Ана десем шешек
ашып жанары,
Өмірімнің
бастау алар жанары.
Ана деген
тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде
жұлдыз болып жанады.
5 -
оқушы:
Ана деген
ақылшың,
Анаң барда
батырсың.
Қасыңда кім
болса да,
Тек анаңа
жақынсың.
6 -
оқушы:
Ақыл құйған
санама,
Күннен артық,
расында.
Күн алыста, ал
анам,
Ылғи менің
қасымда.
7 -
оқушы:
Шалқып, тасып
әніміз
Жадырасын
жанымыз,
Ана сені
құттықтап,
Әндетеміз
бәріміз.
2 -
жүргізуші:
Құлақтан кіріп,
бойды алар,
Әсем ән мен
тәтті күй.
Көңілге түрлі
ой салар,
Әнді сүйсең,
меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай оқушымыздың орындауындағы
«Аяулы анашым» әнін, қабыл
алыңыздар.
Ән «Аяулы
анашым»
2 -
жүргізуші:
Үкілі кәмшат,
бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі,
қимылсыз билеп,
Иықтан шашып,
төгіліп жерге,
Күмісті шашбау,
жарасып белге – демекші, ендігі кезекте қазақтың «Қазақ биі», қабыл
алыңыздар.
Би «Қазақ
биі»
1 -
жүргізуші:
Дүние ойдан
шығалы,
Өзімді өзім
ұмытып.
Көңілім әнді
ұғады,
Жүрегім бойды
жылытып, – дей отырып, ендігі кезекті әнге
берейік.
«Асыл әже»
әні
2 -
жүргізуші:
Ойын «Ананың
алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың
орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық
аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу
арқылы табу керек.
2 -
жүргізуші:
Мерекеге
арналады бүгін билер.
Көтерілсін,
қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда
қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып
қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл
алыңыздар!
«Үнді
биі»
2 -
жүргізуші:
Ана ол біздің
елде ардақты адам,
Кішісі де,
үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы
да Отанын да,
«Ана» деп
біздің халық текке айтпаған, – деп кезекті көрініске
береміз.
Көрініс «Әжесі
мен немересі» «Дүниеде не
қымбат?»
Немересі: - Әже
деймін, әже,
Сұрақ қойғым
келеді сізге.
Мен түсінбейтін
бір жәйт бар.
Түсіндірші соны
бізге.
Бірінші сұрағым
сізге:
Дүниеде не
қымбат?
Әжесі: - Адам
қымбат, қалқам.
Немересі: -
Адамға не қымбат?
Әжесі: - Бала
қымбат, қалқам.
Немересі:-
Балаға не қымбат?
Әжесі: - Ана
қымбат, қалқам.
Немересі: - Иә,
десеңші әже!
Түсінбеппін осы
жайды.
Тағы бір
сұрағым бар сізге,
Қатты мен
жұмсақ жайлы.
Әжесі: - Сұрай
ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап
берейін.
Немересі: - Әже
дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың
сүті тәтті.
Немересі: -
Дүниеде не қатты?
Әжесі: - Атаның
жүрегі қатты.
Қарағым, сауал
қойдың көп маған.
Бір ақыл
айтайын саған
Тату болса –
ағайын жақын,
Ақылшы болса -
апайың жақын.
Бауырмал болса
- інің жақын,
Алдыңа тартқан
адал асың,
Қимас жақын
қарындасың.
Немересі:-
Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен
айтайын:
Алтын ұяң -
Отан қымбат,
Құт берекең -
атаң қымбат.
Аймалайтын -
анаң қымбат.
Мейірімді -
әжең қымбат.
Асқар тауың -
әкең қымбат.
Бәрінен де ұят
пенен ар қымбат!
2 -
жүргізуші:
Ойын «Жылы
сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы
сөздер айтады.
1 -
жүргізуші:
Бишілер бар
бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге
өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып,
қанекей би билеші,
Қол соғып,
демеу берсе көрермендер!
Сахнада «Вальс
биі» қабыл алыңыздар.
1 -
жүргізуші:
Жан анам,
құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің
құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің
берген бақыт бағы,
Жазбасын шат
көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі кезекте «Апатайым
–
анашым» әні,
қабыл алыңыздар!
Хор «Апатайым –
анашым»
8 -
оқушы:
Достықты біз
ойлаймыз,
Бірге күліп
ойнаймыз.
Қыздарды да
құттықтап,
Мерекесің
тойлаймыз - дей отырып, біздің сыныптың ер жігіттері
қыздарды
құттықтап
жіберсек дейік.
2 - жүргізуші:
Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау
мерейлі
мереке тек қана
игі жақсылықтар әкелсін.
1 - жүргізуші:
Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.
Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін.
Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын!
Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік
болсын!