жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Ана - өмірдің шуағы"
|
«БЕКІТІЛДІ» директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары: Шынбаев Е.С ___________ «____» ____________2018ж. |
Тақырыбы:«Ана-өмір шуағы»
Мектепалды даярық тобы: 0«А»
Мұғалім:Койтанова А.Т
2018жыл
Тәрбие
сағатының тақырыбы: «Ана өмір
шуағы»
Сабақтың
мақсаты:
1.
Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру.
Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым
– қатынасты нығайту. Анаға деген бала
махаббатын ояту.
2.
Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді
білуге, үйренуге және олардың логикалық
ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын,
ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері
мен дарындылығын дамыту.
3.
Балаларды мейірімділікке, аналардың
өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын
сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Суретті плакаттар,
қабырға
газеттері,
нақыл сөздер,слайд,гүлдер.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна
төріне тұрғызу.
Ананың
сүті – бал,
Баланың
тілі – бал.
Күннің
шуағы – жылы,
Ананың
құшағы – жылы.
Ана
– үйдің берекесі,
Бала
үйдің – мерекесі.
Ана
сүтін ақтамағанды,
Ешкім
мақтамайды.
Ана
– өмір себуші.
Қыз
ақылы анадан.
Ана
жүзі – күлімдеген күн көзі.
Мұғалімнің
кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы
аналар, көктем күніндей құлпырған
қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық
әйелдер мерекесімен құттықтаймын.
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға
амандық, еңбектеріңізге табыс
тілеймін.
Адам
бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің
нұрынан, ананың сүтінен жаралған.
Сондықтан құрметті аналар, қадірлі
апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі
көктемгі күндей жарқырап, гүлдей
құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
I.
Мерекелік ән – шашу.
Ән:
«Ана».Орындайтын:Камеш Айару
II.Слайд
Аналарының суретін слайд арқылы көрсетіледі.Оқушылар тақпақ айтқан кезде аналарының суреттері кезек-кезек шығып отырады.
III.Балалар тақпағын айтады.
1.Нұрдаулет:
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
2. Айкөркем
Аялаған
анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
3. Нұрасыл
Теңдесі
жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
4. Әли
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
5. Далер
Бәріңіз
де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
6.Шерхан
Жанға
сенсең тек Анаға сенесің,
Анаменен сөгер бақыт
көбесін.
Ауырмасын асыл, алтын
Аналар,
Жаратқаным Аналарды
демесін.
7.Айару
Еркелеттің
асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.
8.Жанель
Аналардан шын мейірім көресің,
Талмай ескен өмір алып
кемесін.
«Айналайын», «Ботам»
деген сөзімен,
Қиындықтың талай шыңын
жеңесің.
9.Айша
Ақ
жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
10.Диар
Аспандағы
айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең,
Айналайын
жан анам.
11.Арнат
Құтты
болсын ақ анам
Сегізінші
науырызың!
Қасымда
бол әрқашан
Жансын
жарық жұлдызың,
Тілейді
бақыт бір саған
Әлпештеген
ұл - қызың.
12.Ернат
Ана
біздің күніміз
Ана
біздің гүліміз
Аналардан
тарайды
Біздің
ана тіліміз.
13.Адия
Бесіктерін
әнімен
Тербетуде
аналар
Жасай
берсін сәнімен
Жер
бетінде аналар.
14.Сағыныш
Мен
анамды сүйемін,
Сөзің
ойға түйемін.
Анашымды
ардақтап,
Басымды
оған иемін.
15.Нұрсая
Мейірімді
жүрекпен,
Бөлісетін
бақытты.
Ақ
ниетпен шын тілек,
Ізгі
істерді жақұтты
16.Арсен
Мәпелейсің
мені анам
Қолыңдағы
құсыңдай
Құлпыра
өсіп дем алам
Құшағыңда
қысылмай.
17.Елнұр
Ардақты
ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті
ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме
нәрін бердің ақ сүттің,
Кең
құшағың – аясындай гүл бақтың.
18.Ануар
Мен
өзің мен қайда болсам да біргемін,
Махаббатың
жүрегімде жүр менің.
Күн
нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай
жақсы ортамызда жүргенің.
19.Жайық
Ақ
сүт берген балаңа
Күш
- жігерін жұмсаған
Бұл
өмірде жан ана
Тең
келеді кім саған
ІV
бөлім.
Би:
Ұлдардың орындауында «Флешмоб»
V.Ән:Аяулы анашым
Орындайтын:Айбекқызы Айкөркем
VI.Ойын «Мерекелік дастарқан»
6-ұлды тақтаға шығарып,ата-анасына көмектеседі-ме?соны тексеру мақсатында ұйымдастырылып отырғын ойын.Бірінші шыққан екі топтағы бір-бір оқушы,жерде шашылып жатқан қағаздарды жинайды.Екінші шыққан балалар:дастарханды жаяды. Үшінші шыққан оқушылар:құмыраға гул салады және үстелдін үстіне қояды.Төртінші шыққан 2-оқушы: шашылып жатқан тәтті кәмпиттерді ыдысқа салып,үстелдін үстіне қояды.Міне оқушылар аналарына арнап мерекелік дастарқанды жайнатып жиберді.
Құрметті аналар балаларыныз сіздерге үйде осылай көмектеседіме?
Сіздерге арналған мерекелік дастарқан ұнадыма?
VII.Би: Кыздар тобы
VIII.Ән: Хор:Анажаным
Балалар
өз қолдарынан жасалған сыйлықтарын
аналарына табыс етеді.
Қорытындылау:
Ата – аналарға, мектеп директорына сөз
беру.
Ана
мейірімімен бар баланың көңіліне көктем
орнап, жаздай жайнай түссін деген
тілекпен мерекелік кешімізді аяқтаймыз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген