8- наурыз халықаралық
әйелдер мерекесіне орай
ұйымдастырылған
"Ана деген тіршіліктің
тірегі" тақырыбындағы мерекелік кештің
сценарийі
Күні:06.03.2023
ж.
Уақыты:13:00
Өтетін жері: мектептің
мәжіліс залы
Тақырыбы: "Ана деген
тіршіліктің тірегі"
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік
сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар
бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке,
ізгілікке, достықты қастерлей білуге
тәрбиелеу
1-жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
2-жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты
ұстаздар,құрметті аналар, әсем арулар! Көңілдеріңізге көктем
шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық
әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны
бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет
ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр
отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің
өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге
әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де
өздеріңізге арналады.
1-үргізуші:
Сіздер-Күнсіз,аспанда
жарқыраған,
Сіздер-өзен,тау суы
сарқыраған.
Сіздер-ана,сіздер-жар,сіздер-қыздар,
Сіздер-жаңбыр,ақ нөсер
арқыраған!
Анасыздар әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың, мерей
тасып,
Қыз
күлкісін сусын ғып қанасыздар!
2-жүргізуші:
Десек те уақытпенен
жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін АНАҒА бағыштайды.
Ән: «Анашым»
әні.
Берікханұлы Қуаныш, Кеңесхан
Архат, Ардаққызы Сабина
1-жүргізуші:
Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді
көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім,
еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын, аяулым
сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың, мен
үшін бірақ данасың.
Құттықтау
сөз.
Құттықтау сөз мектебіміздің
директоры Сембаева Ляйля Айтжановнаға
беріледі.
2-жүргізуші:
Алақаны жылылықтан
балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған
Күй: «Бала
Мишка»
Әкімбай
Заңғар.
1-жүргізуші:
Бір өзіңнен бастап өмір
жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Көрініс: Ермек Есқожа «Ана
туралы» баллада
Бейнеқұттықтау: 11 сынып
оқушылары
Ән: «Ұстазым»
әні.
Кумаров
Аслан.
1-жүргізуші:
Ер жеткізіп елге берген
баласын,
Ақылдысың, ардақтысың,
данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір
сенің,
Қайратыңнан қайта көрме,
анашым!
Көркем
сөз:
М.Мақатаев «Ана сен
бақыттысың,жыламағын!»
Өмірзақ
Айшолпан,Қалықбергенұлы Алихан ,Бауыржанқызы
Диляра
Дина Жамбыл
«Анама» Жайнақбаев
Ерлан
Қадыр Мырза Әлі «Бәрі де
Ана» Есенол
Алихан
2-жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды,
бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас
иіп,
Құрметтейік қасиетті
ананы.
Күй:
«Әлқисса»
Әкімбай
Заңғар.
1-жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл
бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең
мен би,
Сендер үшін мереке
шашулары.
Ән: «Бақыт
деген...»
11 сыныптың
оқушылары
Бейнеқұттықтау: 11 сыныптың
оқушылары.
Ән: «Бір үйдің
баласындай»
2-жүргізуші:
Ана – барлық қиындықты жеңетін
сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің
дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші
орында отбасының берекесі тұрады.
Барша ана, құтты болсын
мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар,Аналар,Ұстаздар біздің бүгінгі шағын ғана
мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде
кездескенше!