Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ана-өмірдің шуағы" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды ұсынып отырған себебім, жас мамандарның іс-тәжірибесіне және басқа да мұғалімдерге қажет деп есептеймін. Өйткені бұл тәрбие жұмысым өте әсерлі болып өтті. Балалардың аналарына деген сұйіспеншіліктері, сыйластықтары, мейірімділігі арта түсті. Жас ерекшеліктеріне сай тәрбиелік мәні бар сабақ деп есептеймін.Жас буынды ұрпақты тәрбиелеуде осындай жұмыстар көп болса екен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі


2 сынып


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана – өмірдің шуағы"

Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.


Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.


Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – – өмір
дің шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Оқушылар сахнаға жүрекшелерді көтеріп шығып билейді. Билеп болған соң аналарына табыстайды.


1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
2жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
1 жүрг:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2жүрг:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Балалардың тақпақтары
Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
Презентация бейнефильм


Хор «Ақ мамам»


1 жүрг. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес


Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдардың орындауында «
Бәйге» биін қабыл алыңыздар.





Мұқағали Мақатаевтың «Ана» өлеңі


2жүрг: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Видео көрсетілім.



Ойын «Кім гүлді алады»


Ән шашу


1жүрг: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
Аяжан:
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже

Сахналық көрініс


«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.





Қыздар биі «әсем ән»
Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)


5бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.


2жүрг: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты – деп, ортаға балаларды шақырайық.
Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді
хормен: Ойлап тапқан балалар!


Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
хормен: Ойлап тапқан аналар!


Би «үнді биі»

Беркут пен Жансезім орындауында


1жүрг: Жаңбырменен жер көгереді
Батаменен ел көгереді – деп барлық аналарға, әжелерге Мамадияр бата
беремін деп отыр.
Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт – ашып қақпасын
Мәңгі – бақи жаппасын
Бәле – жала отбасын
Іздесе де таппасын
Әумин!



Вальс биі


Ән шашу: «Анашым» Беркуттің орындауында.


1 жүрг: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз


2 жүрг: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.










Қыздар биі «Павлин»


Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп таратады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
1347
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12