Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты, «Ана тілім – асыл қазынам!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сыныптан тыс жұмыс жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

КММ «№15 гимназия»













Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Ана тілім асыл қазынам!»







4-сынып













Сынып жетекшісі: Анас Б.Ж









Алматы, 2020ж

Сабақтың тақырыбы: «Ана тілім-асыл қазынам!»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.

  2. Оқушылардың бойына тілдің қадір-қасиетін ұғындыру және тілге деген сүйіспеншіліктерін ояту.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: презентация, суреттер, кеспе әріптер, ақын - жазушылардың фотосуреттері мен кітаптары, карточкалар.
Сабақтың түрі: сайыс- байқау                  

Сабақтың барысы:

Шамсия:
- Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Ана тілім-асыл қазынам!»» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс - ақ. Ана тілі атаңның, анаңның тілі, туған халқыңнның тілі.
Қазақ халқы сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Тіл ұлттың жаны, тіл ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

Саят: Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Айзере:Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Назерке:Қазақстанда 130 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Дария:1995 жылы 30 – тамызда қабылданған  жаңа Конституцияда қазақ тілі ҚР Мемлекетттік тілі болып бекітілді. Ал 1997 жылы 11-шілдеде «Тіл туралы» Заң  қабылданып, оның 4- бабында «Қазақстан Республикасының тілі- қазақ тілі» екені жазылды.

Хор: «Анамның тілі»

Айзере:Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…

Жүсіпбек Аймауытов

Мағжан:“Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”

Мұхтар Әуезов

Саят:Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Кәусар:«Қазақ тілі - сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей міндет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.» Бауыржан Момышұлы

Айбат:Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.

Хормен: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!»

Шамсия: Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топқа бөлініп, қазақ тілінің байлығын, көркемдігін байқап, сынап көрейік.

І- топ: «Алғырлар» тобы, ІІ- топ: «Тапқырлар» тобы

 Сабақ төрт бөлімнен тұрады:

І. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
ІІ. Өлең - сөздің патшасы
ІІІ. Мақал - сөздің мәйегі.
IV. Көрініс

1-бөлім. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» бөлімі, топтарға жеті сұрақ қойылады. Топ мүшелері таңдаған әріптен ғана басталатын сөздермен ғана жауап береді:

Ғ, Т, Қ, Ж, З, О, М
1. Сенің атың кім?
2. Қайдан келесің?
3. Жолда нені көрдің?
4. Не істедің?
5. Таңғы асқа не жедің?
6. Қайда барасың?
7. Қандай сыйлық әкелдің?

2- бөлім. « Өлең - сөздің патшасы» бөлімі, топ мүшелері тіл туралы өлеңдер оқиды.

1-оқушы:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,                                                                       Соған берем ойымның алтын кенін Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.                                                                             

Ал екінші бақытым – Тілім менің,              Тас жүректі тіліммен тілімдедім.                    Кей – кейде дүниеден түңілсем де,            Қасиетті тілімнен түңілмедім.                                                                     

Бақытым бар үшінші – Отан деген,              Құдай деген кім десе, Отан дер ем!      Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?         Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.                                                                                        

Үш бірдей бақытым бар алақанда,           Мені мұндай бақытты жаратар ма?!       Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,   Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

2-оқушы:

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім - анам тілім - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі – өз тілім!
Туған тілім - далам тілі – өз тілім

3 - оқушы.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.



4- оқушы
Ана тілі – бала шағым, өркенім.
Ана тілім - болашағым, ертеңім,
Ана тілім - сайын далам, жер көгім,
Ана тілім - арман атым, өрнегім.


5 - оқушы
Ана тілді білмесем,
Шат - шадыман күлмес ем.
Жер бетінде сайраңдап,
Қазақ болып жүрмес ем!



6- оқушы

Сүйемін туған тілім – анам тілін,Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.Шыр етіп жерге түскен минутымнанҚұлағыма сіңірген таныс үнің.

7 - оқушы:

Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүние тапты кім?


8 - оқушы: Ана тілің арын бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.




9 - оқушы:

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.


10 - оқушы:

Сенің әрбір тынысыңмен тілдесем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын
Ана тілім егер сені білмесем



11-оқушы
Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.


12-оқушы

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін

Милана

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Адият

Ана тілім,
Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

Тәнірберген

Қуатым – ана тілім
Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,
Айтады ана тілсіз кім түбіңді?
Қайсыбір қандастарым шүлдірлесе,
Жүрегім біз сұққандай мың тілінді.

Ақерке

Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім,
Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім.
Сен барда терезем тең, еңсем биік,
Қасында тұрсам-дағы қай мықтының!






Ардағым, ана тілім - жан мерейім,
Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін.
Сен болсаң, көш бастаушым келешекке,
Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін.


Даниял

Ана  тілі – біздің туған  анамыз,

Анамыздай  сыйлап,  бағып  қағамыз.

Ана  тілін  бағаласақ  қалай  біз,

Өзіміздің  сондай  болмақ  бағамыз.

Ана  тілін  кім  аялай  білмесе, 

Анасынан  безінген  ұл  деп  қараңыз.



Қажымұқан


Ана тілі  бар  білімнің  қайнары,

Аталардың  өсиеті  пайдалы.

Алақаны  мейірімді  ананың,

Ұстазыңның  жаққын  жүзі – жайдары.





Назерке

Қымбат  маған  анан  тілім,  бал  тілім, 

Қымбат  маған  дана  тілім,  ар  тілім.

Ақ  сүтімен  бірге  сіңген  бойыма,

Ана  тілі – ардақ  тұтар  алтыным.

Темірлан

Ана  тілін – жырлап  өткен  талайлар,

Жырлап  өткен Ыбырай  мен  Абайлар.

Қасиетті  менің   ана  тілімде,

Өшпес  мәңгі  алаулаған  арай  бар.



Адия

Тілім менің-қуатым,күнім менің,
Күнім кетсе не болар ісім менің?!
«Тілсіз өмір бар» десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.



Би: «Қамажай»

КВН:

  1. Қазақ тілі диктант

  2. Екі баланың әңгімесі

  3. Робот

  4. Сұлу қыз

  5. Қонақта болған оқиға

  6. Әдебиет сабағы

  7. Мистер пропер



4-бөлім. «Мақал - сөздің мәйегі» бөлімі, мақал - мәтелдердің жалғасын табу


1.Шебердің қолы ортақ.........(Шешеннің сөзі ортақ).
2. Тіл тас жарады,.......( Тас жармаса бас жарады).
3. Бас кеспек болса да,...........( тіл кеспек жоқ).
4. Таяқ еттен өтеді, ............(сөз сүйектен өтеді).
5. Білікті бірді жығады, .............(білімді мыңды жығады).
6. Тіл қадірін білмеген - .........(жетесіз).
7.
Ана тілін білмейтін адам............... (Надан)
8. Бал тамған тілден........... ( у да тамады)
9. Тіл - ақылдың........... (өлшемі)
10. Ақынның тілі қылыштан өткір........... (қылдан нәзік)
11. Ана тілім -........... (дана тілім)
12. Ат жүйрігі айырады,
13. Тіл жүйрігі........... (қайырады)
14. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).15. Тілмен байланған... ( тіспен шешілмес).16. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
17. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
18. Тіл - адам ойының... (айнасы)
19. Тіл қылыштан... (өткір)
20. Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
21. Айтылған сөз,... (атылған оқпен тең)
22. Көп сөз - күміс, аз сөз -... (алтын)23. Жақсы байқап сөйлер... (жаман шайқап сөйлер)
24. Көре - көре көсем боларсың... (сөйлей - сөйлей шешен боларсың)

Ән: «Қазақ тілі» ( Бақдәулет)

5-бөлім. «Көрініс» бөлімі, берілген көріністерді рөлге бөліп қою.

Көрініс 1-топ:«Қазақ тілінің шығу тарихы» видеороллик

Көрініс2-топ: «Ең қымбат қазына»
Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
Автор:Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
Қария: «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет».

Автор:Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып - ашып жүріп, ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты.

Баласы:«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет»деді. Бұл не дегені?

Автор:Әлгі дана қарт тыңдап болып:
Дана қарт:«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы - қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ - па, сірә!»

Автор:деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
Баласы:Сендер осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесіңдер ме, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
Дана қарт:Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл - ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
Баласы:Оныңыз өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.

Қорытынды.

Айбат:

Тіл байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз.
– Тіл біздің ұлттық намысымыз, арымыз, барымыз. Тіл мерейі - ел мерейі.
– Ана тіліміздің мерейі үстем болсын!

Балым: «Тіл  дегеніміз – қай  халықтың  болмасын  кешегі,  бүгінгі   ғана  емес,  ертеңгі  де  тағдыры». Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.

Хор: «Жаса, жаса қазақ тілім!»

Балым: Бүгінгі тәрбие сағатымыздың соңын ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен аяқтаймын
Тілің-халқың,халқың-тілің,қос егіз!
Екеуінің саясында өсеміз,
Халық пен тіл-жасай берер қос емен,
Саясында көгереді көсегең.
Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.
Жасай бермек,жасайды сол қос – егіз!

Шамсия: Осымен біздің «Ана тілім – асыл қазынам!» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келесі кездескенше!

Балым:Топтарымызды бағалау үшін директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Раушан Мұратхановна ханымға сөз кезегін береміз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2020
3556
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12