Аңызға айналған қаһарман
Сабақтың мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмір жолынан,ерлік істерінен мәлімет беру,халқымыздың ерлік дәстүріне,отансүйгіштікке адамгершілік сезімдерін ояту,ұрпақтар бірлігін сақтай отырып ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Бауыржан Момышұлы портреті,даналық сөздер,суреттер
Әдіс-тәсілдер: топпен жұмыс,баяндау,әңгімелеу,іздендіру.
1.Кіріспе.
2.Топтарға сөз беру
3.Көрініс: «Фамилиясы жоқ адам»
4.Қ.Аманжоловтың «Бауыржан» өлеңін оқу
5.Оқушы шығармашылықтары
6.Қорытынды
Барысы.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді.Әр топтың өз аттары,мақсаттары,тапсырмалары бар.
1-топ.«Ұшқан ұя».Б.Момышұлының өмірі, білім алған ордасы,еңбек жолы туралы жинаған мәліметтерін ортаға салады.
2-топ. «Отан үшін от кешкен».Соғыстағы ерліктері,қаруластары туралы баяндайды.
3-топ. «Ұрпаққа өсиет».Б.Момышұлының артында қалдырған өнеге өсиет сөздеріне,жазған шығармалары мен өлеңдеріне тоқталады.
4-топ. «Өмір-дастан» .Б.Момышұлы туралы жазылған шығармалар,өлеңдер.
Кіріспе сөз.
Құрметті оқушылар!Бүгінгі сабағымыз «Аңызға айналған қаһарман» тақырыбында өткелі отыр.Онда кешегі естен кетпес отты жылдар жайында,2-Дүниежүзілік соғыста жанқиярлық ерлік көрсеткен,ержүрек қолбасшы,жазушы Бауыржан Момышұлының ғасырдан ғасырға,ұрпақтан ұрпаққа үлгі болар өнегесі туралы әңгімелейміз.
Топ төртке бөлініп Бауыржан атамыздың өмірін,шығармашылығын зерттеп,сіздерге таныстырады.
Сөз «Ұшқан ұя» тобына беріледі.
Айнұр:
Б.Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге келген.Шымкент қаласындағы орта мектепті 1928 жылы бітіріп,еңбек жолын бастауыш мектепте мұғалім болып бастады.1932 жылы Қызыл армия қатарына алынады.
Ақтілек:
Әрі қарай еңбек жолын Шымкент,Алматы қалаларында банк салаларында жалғастырады.1936 жылы Ленинград қаласында финанс академиясы жанындағы курсты бітіріп,қайтадан қызыл армия қатарына алынады.Взвод,рота командирі,полк штабы бастығының көмекшісі,ал 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы жұмыстарын атқарады.
Алмат:
Соғыс басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып,сол дивизия құрамында майданға аттанады.Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты.панфилов атындағы 28-гвардиялық дивизияның батальон,полк командирі болды,соғыстың соңғы жылдары осы дивизияны басқарды.
«Ұрпаққа өсиет» тобы.
Минар:
Б.Момышұлы батыр,ержүрек қолбасшы ғана емес,бойында жазушылық,ақындық қасиет те болған.
Еламан:
Б.Момышұлы ана тіліне араша бола білген.Ол сонау 1944 жылы 25-ақпанда қазақ тілінің жай-күйін мәселе етіп көтере білген.
Ол Орталық Комитеттің хатшысы М.Әбдіхалықовтың атына «Қазақ тілі туралы пікір» атты арнайы хат жазды.
Минар:
Ол хатында «Тілсізді-айуан деген.Тілі кедей елді мәдениетсіз,анайы,надан халық» дей келіп сол кездері қазақ тілінің тілдік сапасының жоғалып бара жатқанын тілге тиек етіп,мүшкіл халіне күйінеді.
«Отан үшін от кешкен» тобы
Ерасыл:
Б.Момышұлына жауынгерлік мінездеме:
1910 жылы туған,1942 жылдан БКП мүшесі,ұлты қазақ,әлеуметтік қызметші,жалпы білімі-бір жылдық.1932 жылдан 1934 жылға дейін Қызыл Армия қатарында.1941 жылдың қыркүйегінен майдандағы армияда.
Ерғазы.
«Өмір-дастан» тобы.
Еркежан,Серікқажы баяндайды.
Көрініс «Фамилиясы жоқ адам»
Автор: Бауыржанның тіліне деген құрметін орыс жазушысы Александр Бек Бауыржанның ерлігі туралы жазған повесінде былайша суреттейді:
Ортаға әскери киім киген және қолына қалам,қағаз ұстаған Бауыржан және Александр Бек шығады.
Бек:Аты-жөніңіз кім?
Бауыржан:Бауыржан Момышұлы
Бек:Түсінбедім,қайтадан айтыңызшы?
Бауыржан: Бауыржан Момышұлы
Бек:Ғафу етіңіз,фамилияңыз қалай жазылады?
Бауыржан:Менің фамилиям жоқ.Атым-Бауыржан,әкем-Момыш,мен соның ұлымын,баласымын,түсіндің бе?
Екеуі сахнадан шығып кетеді.
Қ.Аманжоловтың «Бауыржан» өлеңін оқушылар жатқа оқиды.
Оқушы шығармашылықтарын оқыту.
Қорытынды.
Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Бауыржан Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық.Ерлігі елге өнеге Бауыржан атында мемлекетімізде патриоттық рухта тәрбиелейтін арнаулы орталықтар,мұражайлар,көше,мектеп аттары бар.Сонымен қатар 2007 жылдан бері елімізде «Б.Момышұлы» атындағы нөмірленген «Құрмет белгісі»беріліп келеді.Оқушылар Б.Момышұлы туралы қанша айтсақ та,қанша жазсақ та білгенімізден білетініміз әлі алда.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін» деп М.Жұмабаев жырлағандай,жастардың жүрегінен жалын,көзңнен нұр ұшқындап тұрсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тарбие сағаты "Аңызға айналған қаһарман" 9 сынып

шағым қалдыра аласыз