400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ақылына көркі сай"

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз Халықаралық әйелдер, аналар мерекесін өткізу. Бойжеткен қыздардың мәдени – бос уақытын тиімді пайдалануға белсендіру. Жоғарысынып қыздарын ситуациялық жағдайдағы сайыстарға жұмылдыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақылына көркі сай»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Оқушылардың  рухани адамгершілік, тұлғалық қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Бойжеткен қыздардың мәдени – бос уақытын тиімді

пайдалануға белсендіру.

Білімділік: Оқушыларды дүниедегі жақсылық атауларының бәрі күннің

нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.

Бағдарлама түрі: Сайыс

Тәрбие сағатының өтілу жолы:

Жүргізуші:

Әкелетін отабасына береке ең,

Әз аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын оралар,

Құтты болсын нұрға толы мерекең!

Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.

Жарығыңмен шуағыңмен күн – Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Бүгін осы залда біз көктемнің ерекше мейрамы қыздар мен аналар мейрамын атап өтуге жиналып отырмыз. Ендеше, халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар, қыз-қызғалдақтар. Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді.

Ұстаздар және арулар! Көктемгі күйден жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!

Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады. Біздің ару қыздарымыз да соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.

Демек, бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған қыздарда сайыстың шартын білместен қатысқалы тұр. Яғни бүл сайыстағы келетін ситуациялық жағдайлардан мүдірмей өткен қызымыз сайыстың жеңімпазы болып табылады.

Ендеше ортаға бүгінгі сайысымызға қатысатын қыздарымызды шақырамыз.

Бүгінгі сайысымызды әділ бағалайтын әділқазылармен таныс болайық.

- Директордың ТІЖО Аманова Лиза Молдабекқызы

- Мектеп тәлімгері Хабиболлина Айнамкөз Есімқызы

- Музыка пәні мұғалімі Тулегенова Салтанат Сейтжановна

Олай болса сайысымызды бастайық.

Қыздар өздерін таныстырып, жылы лебіздік құттықтау сөздерін жеткізуі тиіс.

Бірінші сіздерге сұрақ қойылады

Бірінші сайысымыз «Кім тапқыр». 

1.      Золушка Ханзаданың кешінде нені жоғалтты? (хрустальді туфли)

2.      Әлемдегі ең аяулы, ең сұлу, ең мейірімді жандар деп кімді атаймыз? (ана).

3.      Өнімі жердің астында өсетін көкеністерді атаңдар. (картоп, сәбіз, қызылша, сарымсақ, пияз).

4.      Қызыл Телпекті бәрінен көп кім жақсы көрді? (апасы)

5.      Қасиетті тағам. (нан)

6.      Ең киелі құс. (аққу)

7 . Қабат қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап)

8.      Ананың көңілі балада, ... жалғастыр (баланың көңілі далада).

9.   Анашым шалқып күлсең, алдымда ұзақ жүрсең.

Жүрегім жыр толғайды, Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Әннің авторы кім? (Нұрлан Өнербаев)

10.  Қыздар атаулары кездесетін ертегілерді атаңыз. (Золушка, Түйме қыз, Мақта қыз бен мысық және т.б.).

Екінші сайыс:  "Ерекше әуен".

Жақсы ән айтуды бәрі біледі. Бірақ кей кездері әуенді бір сарыңмен айту тыңдаушы қауымды жалықтырып жібереді.

Сіздерге тапсырма: өздерің білетін ана туралы әннің біреуін мұрынымызды қыса шырқауымыз  қажет. 

Үшінші сайыс: "Сезімтал жүректі жандар"

Адамдар өте сезімтал жандар. Негізінде біздің сезімдеріміз «бет әлпетімізде» жазулы тұрады. Бірақ сезімді тек қана бетті қимылдата отырып ғана емес, қолмен де көрсетуге болады. 

Сіздерге тапсырма ашуды, куанышты, қорқуды, жабырқауды, ашығуды дене қимылымен көрсетуге тырысыңыздар.

Төртінші  сайыс:  "Золушка биі".

2-ші жүргізуші. Золушка әрдайым билегенді ұнатқан. Бірақ оның билеуге бос уақыты болмағандықтан жұмыс істеп жүрген кезінде би билеп үйренген.  

Золушканың киім үтіктеп, гүл суғарып, ыдыс- аяқ жуғанда, шаң сүрткен кезде билеп жүргенін көрсетіңіздер. 
Бесінші сайыс: «Бұрымды қыз» қыздар көрермен қыздар арасынан 1 қыз алып шығып шаш үлгісін жасайды.
Алтыншы сайыс: "Құттықтау".

Бұл сайыстың мәні  дайындықсыз залдағы барлық нәзік жандарды мейрамдарын өлең жолдарымен немесе ән айту арқылы  және т.б. өнерлерімен көрсету арқылы құттықтау қажет. 

Сайысты қорытындылау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 наурыз
888
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі