жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты Ардақты менің анашым
Ардақты менің анашым
Кіріспе сөз: Бүгінгі Ардақты менің анашым атты тәрбие сағатымыздың мақсаты: Ананы құрметтеу, ананың бойындағы ізгі қасиеттерді оқушыларға сездіру, аналарға деген құрмет сезімін ұштап,оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Сегізінші наурыз – Халықаралық әйелдер күні.
Аяулы аналар, ардақты арулар. Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, зор денсаулық, өмірлеріңізге сәттілік тілейміз.
Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі және біздің ару қыздарымыздың мерекесі.
Адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Ұлы дана Қорқыт ата бабамыз:
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұлы әкеден үйренбей сапар шекпес. – деген екен. Олай болса бүгінгі кешіміздің қонақтары асыл аналарымызға құрмет көрсетуді – ұлдарымыз бен әкелерімізге береміз.
Көрініс: «Жалғыз көзді ана»
Мұғалім: Ана-бала, бала-ана-бір ұғым,
Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты.
Ана-бала, бала-ана әрдайым
Бірге жүрсін, бірге көрсін шаттықты.
1ж:
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі аналар,
«Ана» деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес қадір тұтқан балалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген-тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар.
1 о:
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам мені мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан,
Маған қымбат жан жоқ сірә, анадан!
2 о:
Ана тұрса құшаққа алып баласын:
Бақыт шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер анашым.
3 о:
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кеудеңе мен гүл болып тағыламын.
Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын.
Алыс кетсең аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
ХОР: «Ана туралы жыр»
(ұлдар, әкелер аналарға гүл тапсыру)
Көрініс: Әке мен бала
Асыл анам-алтын жан, асқар тауым,
Арайланып алдымнан атқан таңым.
Әлпештедің, әлдилеп аяладың,
О анашым, бір өзіңсің сая бағым!
АНА – жүрек, жүректі құдіретте
АНА – тірек, тіректі құрметте
АНА – шыңың, шыңыңа сағынып жет
АНА – күнің, күніңе табынып өт
Көрініс: Бала тілі бал.
Ойын:
Ұлдардың құттықтауы:
1.
Анашым менің-саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде, анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр- әнім.
2.
Ана деген кім десе,
Шуақ шашқан күн дер ем.
Сәбиі үшін ұйықтамай, арпалысқан түнменен
Ана үні өмірде ең мейірімді үн дер ем.
3.
Мен ананы шуағы толы күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін.
Анам аман-сау қасымда жүрсе егер,
Бақытымда әркез бірге жүр деймін.
4.
Жарық өмір бір өзіңсің сыйлаған,
Баласыны бар ғұмырын арнаған.
Сенсің, ана, түн ұйқысын төрт бөліп,
Тыным таппай бізді өсіріп баптаған.
5.
Әрдайымда ана сөзін тыңдайық,
Аялайық, қайда жүрсек жырлайық.
Әрбір сөзін екі айтқызбай әрқашан,
Аналарды құрметпенен сыйлайық.
6.
Кең жазира, ұлан ғайыр даласың,
Данышпансың, ақылгөйсің, данасың,
Арқалапап үш апарсам Меккеге,
Қарызымды өтей алман,Анашым.
7.Қарт әңгімесі:
8. Оқушылардың өз аналары туралы жазған толғаулары.
Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының керегі жоқ.
БАРЛЫҒЫ: Аналарды сүйеміз,сөзін ойға түйеміз, әженіде ардақтап, әдеппен бас иеміз.(барлығы бас иеді)
9. Аналар туралы даналық сөздер:
Дүниеде ана махабатынан қасиетті нәрсе жоқ.
Нәзіктік атаулының жиынтығы- ананың алақаны, сондықтан ол-сәби үшін ең жылы ұя.
10.
АНА – перзент тәрбиелеуші.
АНА – ғалым.
АНА – ұстаз.
АНА – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
ХОР: Мерекеңмен анашым. (сыйлықтарын тарту ету.)
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген