жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі" 6-сынып
« Астана - Отанымыздың жүрегі,Тәуелсіздігіміздің тірегі »
Мақсаты:
1) Оқушыларға еліміздің бас қаласы –
Астана туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой -
өрісін, шығармашылыққабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын
дамыту.
3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта
білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды
азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері,
буклеттер, қабырға газеттері.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, сезімнен туған өлеңдер, векториналық сұрақтар.
Жоспар:
1.
Кіріспе бөлім ( 5 минут)
2. Негізгі бөлім ( 35 минут)
а) Астана қаласының тарихы
ә) « Көркімен тамсандырған -Астанам»
б) « Ойлы болсаң - озып көр» . Сұрақ –жауап
в) « Жыр арнаймын жүректен». Жыр –шумақ
г) « Сыр –сұхбат»
д) «Дыбыстар сөйлейді»
ж) Хор
3. Қорытынды бөлім ( 5
минут )
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберін құру. Мен бақыттымын
...
І. Ой қозғау. Мұғалім сөзі
Оқушыларға Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Елімнің жүрегі –
Астана» әнін тыңдату.
Оқушылар , біз неліктен «Астана» туралы ән тыңдадық деп
ойлайсыңдар?
-Иә. Себебі, биылғы жыл елімізде айтулы мереке.
Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына
арнаған жаңа Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын
атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және
Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы –
баршамыздың ортақ мақтанышымыз»- деп атап
көрсетті.Ал Астана – еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі.
- Балалар, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз Астана қаласы
құрметіне арналмақ.
1 – жүргізуші
Жаңарып
ай,жылдарым,
Жаңарып күн,
Жаңғырып есімдері сан алыптың
Күн шуақты Астана бой көтерді,
Белгісіндей
Бейне бір даналықтың
2 – жүргізуші
Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам - пейіш қалам,ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым.
ІІ. Астана қаласының
тарихы..
1 –жүргізуші
Астана тарихы туралы
түсінік.
Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу
керек.Елбасымыз Н.Ә Назарбаев 1997 жылы 20 қазанда Ақмола қаласын
Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлық
шығарды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның құқығына 1997 жылы 10
желтоқсаннан бастап ие болды. 1998 жылдың 6 мамырында Елбасымыз «
Ақмола қаласының ҚР ның - Астана қаласы болып өзгертілгені туралы
жарлыққа қол қойды.
2- жүргізуші
.Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан.
1- жүргізуші
Астана – Қазақстанның жаңа
қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында,
Республика территориясының төрінен орын тепкен.
Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік
қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжумаржан» деп
бағалауда.
III . Қаланың көрікті жерлері туралы
Бәйтерек , Ақорда, Думан , Пирамида , ЭКСПО көрмесі
2- жүргізуші
Бүгінде Астана – тәуелсіз әрі
егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық
мәдени орталығы ретінде қанат жайып көркейіп келеді.
Жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа
астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты халқы бар
әсем де, мейірлі астанамыз, міне, осындай
қала.
IV. «Ойлы болсаң – озып көр»
айдары.
1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға
жетті?
2.
Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр?
3. Жаңа көпірдің ұзындығы ?
4 . Жаңа
көпірге қандай ат берілді ?
5. Астанадағы ең басты қатынас жолы
?
6.
Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат ?
7. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай
аталады?
8.«Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша
аквариум сыйып тұр?
9. Астана қаласындағы газон қанша шаршы
метр?
10. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді ?
11. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім?
V . Жыр –шумақ
1-жүргізуші
Астана атың қандай нақ та әсем ,
Аңызақтан айналыпсың баққа сен
Таң ұзаққа таңдайымды қақтырып
Жырларымда айтарымсың жатқа сен- деп кезекті жыр -шумақтарға береміз.
VI . Сыр - сұхбат.
Келесі Сыр сұхбат айдарында бізде бүгін қонақтақтарымыз Астана қаласына барған ба екен ?
- Осы еліміздің бас қаласы, жас қаласында алған әсеріңізді балалармен бөлісе отырсаңыз. Астана қаласының келбеті сізге қандай әсер қалдырды ?
VII. « Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 13
дыбыстан тұратын « Ару қала - Астана» сөйлеміне Астана туралы
қортынды жасайды.
VIІІ. Хор « Жайна ,Астанам
!»
ІХ. Қорытындылау. Астанаға тілек
Жаса , жаңа жас қалам,
Жайнай бер, менің ,Астанам ( дауыстап бірге)
Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Біздің « Астана -Отанымыздың жүрегі , Тәуелсіздігіміздің тірегі » тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымыз аяқталды .
Назарларыңызға рахмет !
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген