жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Аттандық балалықтан-болашаққа" 4 класс
Аттандық бала шақтан болашаққа!
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мақсаты:
-
Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрініс
( Сыныпта мұғалім отырады)
Дидар: Сәлеметсізбе, Айнұр апай ? Оқушыларды 1-сыныпқа сіз қабылдап жатырсыз ғой.
Мұғалім : Иә, 1-сыныпқа мен сабақ беремін.
Дидар: Мынау менің тұңғыш балам. 1-сыныпқа әкелдім.
Мұғалім : Атың кім?
Алтай:Алтай
Мұғалім: нешедесің ?
Алтай ;алтыдамын
Мұғалім: Әріптерді танисың ба?
Алтай:Танимын
Дидар:Осы мектепте даярлық сыныбында оқыды.
Мұғалім:Жақсы екен, онда мына тақпақты жаттап, алғашқы қоңырауға дайындыққа келесің.
Естай ата-анасымен келеді.
Анасы:Сәлеметсізбе, 1-сыныптың мұғалімі сіз боласыз ба?
Мұғалім : Кіріңіз танысып қоялық, мен Карагулова Айнур Итемгеновна боламын.
Анасы:Атым Гулназ, балам Естай.Баламды сіздердің қолдарыңызға тапсырғалы келдім, азамат етіп шығарарсыз деген үміттемін. Балам 6- жаста даярлық сыныбын оқыған жоқ.
Мұғалім: Жасы толған екен 1- сыныпқа аламыз. Әрине үйренісу қиындау болуы, бірақ оқытамыз, үйретеміз, тәрбиелейміз.Мына тақпақты жаттатып, алғашқы қоңырауға дайындыққа келесіздер.
Аружан анасымен келеді.
Анасы: Сәлеметсізбе, Алғашқы қоңырауға дайындалуға келіп едік.
Мұғалім:Өте жақсы , атың кім?
Аружан:Аружан
Мұғалім: 1- сыныпты нешемен оқисың?
Аружан:Тек «5»пен оқитын боламын.
Мұғалім: Қандай өнерін бар?
Аружан:Би билеймін,
өлең айтамын.
Мұғалім:Білетін бір өлеңінді оқып берші.
(Аружан өлең оқиды)
Мұғалім: Сабақты «5» ке оқуыңа тілектеспін. Осы өлеңінді алғашқы қоңырауда айтасын.
Анасы:Сау болыңыз.
Мұғалім:
Білім жалын, өзегің өртенеді
Білімді ұрпақ не деген көркем еді!
4-жыл бұрын алдыма міне, осылай
Келіп еді бір-бір үйдің еркелері
Оң мен солын таныды сол еркелер
Орындап арман мен тілегімді
Бастауышпен қоштаспақ міне бүгін
Елжіретіп менің ет жүрегімді!
Қимас шақта бүгін келіп жетіпті
4 жылда тым лезде өтіпті
4 көктем, 4 қыс пен 4 күз
Сағым болып белес асып кетіпті
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Аттандық бала шақтан болашаққа!» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар мен әкелер,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр төгілер
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, ержеткен сіздің түлектер!
1-жүргізуші: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
2 жүргізуші: - Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен , алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.
1
жүргізуші: Тарыдай болып
кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды
айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі
отырған «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты қоштасу мерекесін
бастауға рұқсат етіңіздер!
2 жүргіуші: Олай
болса, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға
шақырайық.
1 жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз
баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып түлектерін ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.
)
1-жүргізуші: Армысыздар жас достар
Болашаққа жол бастар.
2-жүргізуші: Білім деген ғажаптың
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Айдос: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Лейля: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Азамат: Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата –анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Нұрия: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
Бекет: Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім – мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
І
жүргізуші: Армысың сен ,
алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
ІІ жүргізуші
: Олай болса Арай алтын ұя
мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.
https://www.youtube.com/watch?v=bOshzXnHPX4
1. Мектебім, аяулы
мектебім,
Өзінсің өмірдің
көктемі.
Нәр алып,
қолымды созамын,
Арманға
көктегі.
Мектебім келеміз
тағыда,
Күн сайын
өзіңді сағына.
Сыңғырлап
соғылды қоңырау,
Бар бала
бағына,
Қайырмасы:
Мектебім, аяулы
мектебім,
Бағында гүлдей
боп көктедім.
Өзіңсің
білімнің бұлағы,
Нәр алып
келемін.
2. Келеміз куанып біз
дәйім,
Мектебім, сен
жайлы жыр дайын.
Айқара есігін
ашады,
Қарсы алып күн
сайын.
Мектебім, өзінді
сүйемін,
Білімді санама
түйемін.
Аяулы ұстаздар
алдында,
Басымды
иемін
Слайд:
«Мектептегі мерекелер».
Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)
1- оқушы
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.
2- оқушы
-
Дос табу оңай ма? - депті қарт.
-
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.
3- оқушы
- Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың -қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.
4 - оқушы
-
Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
-
Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
-
Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
5-оқушы
- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
І-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
ІІ-жүргізуші: Дұрыс айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
І-жүргізуші: Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнаймыз.
СЫНЫП
ЖЕТЕКШІ
Ұстазым екінші
анам аялаған,
Біздерден бар
білімін аямаған.
Жетекші апай
сізге ерекше көп алғыс,
Таңертең күнде
құшақ жаяр алдан
Әр адамға құрметпенен
қараған,
Өз бойынан мол
ізгілік тараған.
Талап пенен
тәртіпті тек ту етіп
Айнұр
апай
сіздей қайда бар адам?!- деп ортаға сынып жетекшiміз Карагулова
Айнур апайды шақырамыз.
Орыс тілі
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен,
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген Балқиядай, гүлнардай, Салтанат пен ғанидай
Ұстаздарымыз әрқашан,
Ұрпаққа жаңа өн берген! деп орыс тілін меңгерткен апайды ортаға шақырамыз.
Д.ш
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Деп үйреткен үнемі
Құрметті ағайым
Жүріңізші ауырмай. дей келе дене сымбатын сақтауға үйреткен ағайды ортаға шақырамыз.
Әдебиеттік оқу
Қазақ тілім, өз тілім, ана
тілім,
Мұхтар, абай сөйлеген дана
тілім.
Әдебиеттің ұқтырған терең
сырын,
апай,
Әрқашан да біздерге
берген білім. Деп апайымызды ортаға
шақырамыз.
Бейнелеу өнері
Ақ қағаздың
жүзіне
Алуан бояу
түсіріп.
Қадап көзін
сүзіле
Ойын құстай
ұшырып.
апай
дамылсыз,
Сүйкектеген
қаламын.
Суреттеген бояумен
Кіршіксіз жанын баланың деп ортаға сырлы өнердің сиқырын үйреткен апайды шақырамыз.
Ағылшын тілі
Ағылшын тілін білген орасан зор талабы,
Әрқашанда ашық - жарқын қабағы.
Бақыт апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.
«good morning, teacher» деп бастаймыз оның әрбір сабағын,
Бақылаймыз әрқашанда күлім қаққан қабағын.
апай сізге де алғыс айтып әрқашан,
Ағылшынша білілмімді
кеңейтетін боламын деп апайды ортаға
шақырамыз.
Би:
1-жүргізуші: Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.
Күй:
ІІ жүргізуші: Келесі кезекті сөз 4 жыл бойы білім берген ұстаздарымызға беріледі.(оқушыларға дипломдар тапсырылады)
Көрініс: «Кітаптар мұңы»
Автор: Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітаптар әкеліп тастады. Беттерін шаң басқан бір топ оқулықтар қайда келдік дегендей жан – жағына көзін сығырайта ашып, көршісін түртті.
Математика: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік, тіріиісің өзі?
Ана тілі: Ой, мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын. Бұданда парақтарымның жыртылып, желмен ұшып кеткені жақсы еді ғой.
Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп – бүтін ғой?
Ана тілі: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана тілі оқулығы боламын. Мен үшін қагшама адамдар еңбек етті. Кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрініңкі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді бердім.
Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп (бір күрсініп) о – ой өткен күнім есіме түссе, сай – сүйегім сырқырайды.
Қазақ тілі: Бәріміз де сол, мұңдас болдық досым. Мен Сотқарбай деген баланың кітабы боламын. Әдепті оқулық болып мектеп табалдырығын аттағаныма қуанышты едім. Оным көпке бармады. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда қой демеді ғой, анау үлкен ағасы.
Бейнелеу: Ей, е-ей! Біздің Артықбай көзімізді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлады.
Бірақ шындығын айтқанда әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой!
Математика: Енді бізді қайтер екен?
Қазақ тілі: Жинап – жинап, отқа тастайды.
Бәрі қосылып: Отқа тастар!!!
Математика: Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптеуі мүмкін.
Дүниетану: Иә, түптесе мына сені түптер, жалаңаш бізді қайтсін. Жұртқа көрінуге ұялып, бір бұрышта отырған жоқпыз ба?
Бейнелеу: Тұрыңдар, достар! Сыныпта «кітаптар емханасы» бар емес пе? Жүріңдер, кітап дәрігеріне барып көрінейік.
Қазақ тілі: Иә, достар! Келер жылы ұқыпты оқушының қолына түсейік!
Дүниетану: оқулықтың қадірін білетін жақсы оқушылар көбейе берсін!
1-жүргізуші : Мың бұралған бишілерімізге кезек береміз.
Би: Флешмоб
І жүргізуші:
Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер.
ІІ-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.
1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.
Ән Әке - ана
Жанашырым ана дара шыным
ана
Бар асылым ана
шуағымсың
Бағбанымсың әке зор бағымсың
әке
Қорғанымсың әке
шырағымсың
Ана аяулым өзіңмен
мақтанамын
Ана мен сені Меккеге
апарамын
Ана баланың қолдаған бақ
талабын
Бұлағымсың
Әке бір жылы сөзіңе
шаттананым
Әке мен сені Меккеге
апарамын
Әке биекке самғатып
баптағаның
Шынарымсың
әке
Өмір берген маған, көңіл бөлген
маған
Сенім берген ай
күнімсің
Қамқорларым дана сүйенішім
дара
Әке мене ана
байлығымсың
Ана аяулым өзіңмен
мақтанамын
Ана мен сені Меккеге
апарамын
Ана баланың қолдаған бақ
талабын
Бұлағымсың
Әке бір жылы сөзіңе
шаттананым
Әке мен сені Меккеге
апарамын
Әке биекке самғатып
баптағаның
Шынарымсың
әке
1-жүргізуші: Ата-аналар атынан сөз кезегі ...............................................
..............................................................................................................беріледі.
(ата-аналардың ыстық лебіздері)
І жүргізуші:
Мың бұрала
билейтін,
Биді жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің
Қазақ биін билейтін деп ортаға бишілерімізді
шақырайық.
Қазақ биі
ІІ жүргізуші:
Достар, осы бізді болашаққа не бастайды?
1 жүргізуші: Ата- ананың ақылы
Болашаққа деген сенім
Ұстаздың көрсеткен жолы
2 жүргізуші: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да бәрі –бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Хор: Ұстазым.
ІІ
жүргізуші: Бастауышым – бал
бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
І
жүргізуші: Өтті сенде қызық
шағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын
Қоштасу вальсі
2 жүргізуші: Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.
хормен Қош бол, балғын балалық
Қош бол, сүйікті бастауышым !
І жүргізуші: Осымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген