400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: Ауғанстан жүректегі жара

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.Сол кісілерді үнемі үлгі етіп, бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінің қадірін біліп, өтіп жатқан өміріміздегі бір сәтті де зая кетірмей, Отан үшін бір игі іс істеуге арнайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: 
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ауған соғысындағы батырлар» альбомы , тақырыптық көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.
Шақырырылған қонақтар: Ауған соғысында қаза болған Әділхан Құсайновтың ұстазы, ағасы, сыныптастары.
Мұғалім: 
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен
  Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.
Сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.
(Мемлекеттік Гимн орындау)


2. (Бейнефиль көрсету)

Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп , қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.
10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз Құсайнов Әділхан сол соғыста қаза. Өзі арамыздан ерте кетсе де, Әділхан ағамызды көзі көрген азаматтар қонаққа келіп отыр. Ендеше қатысушы қонақтарымызбен таныса отырайық.

- Дүйсенбеков Сапар (ағасы

- Нұрғожин Амандық (сынып жетекшісі)

- Кужумов Бақыт (сыныптасы)





Мұғалім:

«Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман –сау орала алмады, туған жерімен қауыша алмай, ауған жерінде қаза болған Әділхан ағамыз жайлы, Сапар ата, естен кетпес естеліктерден үзінді айта отырсаңыз.
-Әділхан сәби кезінде қандай бала болды.

-Амандық ағай оқушы Әділхан жайлы әңгімелеп берсеңіз

-Бақыт аға сыныптасыңыз Әділхан жайлы айтып берсеңіз

(әңгімелерін тыңдау, сұрақтар қою)

Мұғалім: Міне балалар Әділхан ағамыз қандай азамат болған.

3. Көрініс: (Әділхан, жеткіншек, ағасы, сыныптасы)

Ағасы:

Әділім арқа сүйер бауырым ең

Өзіңмен бірге өмір жасаған ем

Көзімнен бейнең кетпес сағындырған

Келер ме сол күндерім босағанмен

Әділхан:

Босама бауырым, мен үшін жылап қамықпа

Атамыз өлген, бабамыз өлген жорықта

Дұшманнан қорқып, опасыз жалған күн кешу

Жан сауғалау, өлімнен оңай болып па?

Сыныптас жолдасы:

Армансыз боп бұл дүниеде кімдер өткен,

Әділханмен бірге оқуды өмір бізге нәсіп еткен.

Аман болса ортамызда жүрмес пе еді?

Құдай оны көпсініп алып кеткен.

Әділхан:

Оңы болып сәті түссе ертең-ақ,

Сыныптастар отау тігіп үй болар.

Кейде оқылған аятқа мені қоссаңдар,

Сол да маған сендерден берген сый болар.

Жеткіншек:

Әділ аға намыс үшін оттан қашпай

Сен жеттің мақсатыңа кейін баспай

Тайсалмай Отан үшін құрбан болдың

Өлімің орынсыз боп кетпес босқай

Әділхан:

Жеткіншек ержүрек те, елжанды бол

Елімізге ешбір жау сұқпасын қол

Ақылды боп, білім ал еңбек жаса

Бейбіт аспан астында бақытты бол

Жеткіншек:

Ерлігің әрқашанда үлгі бізге

Ел қорғайтын боламыз ұқсап сізге

Ән: Мұқанова Сабина

Мұғалім: Міне балалар Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді.

10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны –14453 - ке жетті.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.
Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді
. ( Бейнефильм көрсету)

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз
бар. Сол кісілерді үнемі үлгі етіп, бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінің қадірін біліп, өтіп жатқан өміріміздегі бір сәтті де зая кетірмей, Отан үшін бір игі іс істеуге арнайық. Келген қонақтарға алғыс айтамыз. амандықпен дидарласайық .

Хормен бірге барлық қатысушылар «Атамекен» әнін орындайды.

(Әділхан аруағына құран бағыштау)














Тәрбие сағаты: «Ауғанстан – жүректегі жара»




Өткізген: Сексембаева Гулим Болатовна
бастауыш сынып мұғалімі


























СҚО

Мамлют ауданы

«Бексейіт орта мектебі» КММ



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1301
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі