400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: «Ауылым-алтын бесігім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ауылым-алтын бесігім»

Мақсаты: Оқушыларды туған ауылдың тарихын білуге тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеттері:

  1. Оқушылар туған ауылының жері, тарихы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы мәлімет алады.

  2. Ауылымыздыі болашағы туралы ойланады.

  3. Топ іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастырады.

Бағалау:

  1. Туған ауылдың тарихы, жері жөнінде кесте сызып толтырады, жаңа ақпарат алады.

  2. Бірлесіп сурет салу арқылы ауылымыздың болашағын көрсетеді.

  3. Жеке, жұпта, топта, топ алдында жұмыс жасайды.

Құралдар: «Менің ауылым» атты шығармалар көрмесі, мәтін.

Стратегиялар: «Ассоциациялық карта», «Білемін, білгім келеді, үйрендім», «Бірлесіп сурет салу».

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ауыл - заты қазақ баласының кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейінгі сан толқын ұрпақтардың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.

Ауыл - адамдардың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен - жайы, ұлттық рухының қуат алар қайнар көзі. Ауыл көркейсе - халық өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі. Ауыл төсінде жайқалып егін өссе, төрт түлік мал өрсе - ауылдың сәні кірмей ме?

Ауыл ұлтымыздың ұйтқысы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев былай деген: «Біз, кез келген ұлттың түп тамыры ауыл жұртында жататының естен шығармауға тиіспіз». Ауыл - қазақ халқының алтын бесігі, салт - дәстүрі, өлең - жыры, өнерімен, мәдениетімен дамыған ордасы.

  1. Қызығұшылықты ояту.

«Ауылым» әнін тыңдау.

Ассоциациялық карта құру. «Ауыл» деген сөзді естігенде ойларына не келеді?

  1. Мағынаны ашу.

«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» стратегиясы

  • Теректі ауылы туралы не білеміз? Кестенің 1 бөлігін толтыру.

  • Не білгілеріңіз келеді? Кестенің 1 бөлігін толтыру.

  • «Менің ауылым» мәтінімен танысу

  • «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» кестесін аяқтау. Жеке, жұпта, топта жұмысты қорғау.

  1. Ой толғаныс. «Менің ауылымның болашағы» деген тақырыпқа сурет салу. Топта хатшы мен спикер тағайындалады. Хатшы топ мүшелерінің іс-әрекетін жазады. Спикер топ атынан қорғайды, өзге топ сұрақ қояды, пікір айтады.


  1. Қорытындылау.

Теректім туған елім, туған жерім,
 Ешқандай ел жетпейтін менің жерім.
Жазық дала, кең дала жайылымды.
Адамдары сыпайы, қа
райырымды.
Суы қандай тәтті су бал татыған,

Буы қандай ыстық су шай қайнардай.
 Зауыты бар қыз
ына  өңдейтін
 Мектебім бар зәулім сарай мақтанардай.
 Көлім бар, сазан, табан балығы бар.
Төлім бар қаракөл қой мақтанарлақ
Егінім бар алуан түрлі ақ мақталық
 Міне осындай ауылым менің мақтанарлық.






























«Бекітемін»

Тәрбие жұмысының

орынбасарының м.а

_______М.Уақасова

« __» ____ 2018 жыл










Орындаған: Ажибаева Г.С.













2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі