15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты Байлығы мол, Алтын күз 4 сынып
Тақырыбы: «Байлығы мол, Алтын күз!»
Мақсаты:
1. Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Таныстыру
2. Көкөністер айтысы.
3. Өз өнерлерін көрсету.
4. Күз сыйы. (Икебано)
5. Көрініс: Шалқан
6. Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
7. Қас - қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
8. Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. («Күрең күз» әнімен вальс)
- Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгін мектеп жанындағы интернат оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған «Байлығы мол, Алтын күз!» сайысына қош келдіңіздер.
Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастамас бұрын әділқазылармен таныс болайық.
(Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бибинұр Қасымқызы, қосымша білім беру педагогы Фатима Сұлтанқызы, )
- Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
- Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.
- Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын күз сайысына қатысушылардың өзін - өзі таныстыруы.
Көкөністер айтысы (төменгі сынып оқушыларының қатысуымен)
2-бөлімінде
Өнер жастан жаныңдар
Шақырған сайыстарға бір – бірін.
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
«Ертегілер» әнімен алдарыңызда 2 сынып оқушылары Рахман мен Нұрлы.
3-бөлімінде
Молшылық күз - береке күз,
Береке күз - мерекеміз - дей келе, оқушыларымыздың өз қолдарынан жасалынған икебано туындыларын тамашалаймыз.
Көрініс: Шалқан
6 сынып оқушысы Өтеғали Гүлназдың орындауында «Күзгі қайың» әні.
7 сынып оқушыларының атаулы мерекеге арналған биімен ортаға шақырамыз.
4-бөлімінде
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз.
5-бөлімінде
«Қас - қағым сәт» «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру
6-бөлімінде күз ханшасы мен ханшайымының биі. Ортаға сайыскерлер шығады. (барлық қатысушылар күзгі киім үлгілерімен шығады)
Қорытынды бөлім.
М а р а п а т т а у л а р
31.10.2015 жылы мектеп- интернатымызда коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағытында «Байлығы мол, Алтын күз!» атты тәрбие сағаты оздырылды.
Мақсаты: Мақсаты:
1. Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Таныстыру
2. Көкөністер айтысы.
3. Өз өнерлерін көрсету.
4. Күз сыйы. (Икебано)
5. Көрініс: Шалқан
6. Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
7. Қас - қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
8. Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. («Күрең күз» әнімен вальс)
Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады) Сайыс әдеби монтаж түрінде өтті. Сайыс қызықты өтті. Оқушылар өз өнерлерін көрсете білді. Қатысушылар марапатталды.
Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.
Қ
атысқандар:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Бибинұр Қасымқызы, қосымша
білім беру педагогы Фатима Сұлтанқызы,
және т.б.)
Тәрбиешісі: Махлиева А.Н.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген