жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты «Бала деген бір бақыт» 1-сынып
1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған «Бала деген бір бақыт» мерекелік тәрбие сағаты
Бағдарламаның мақсаты: 1 маусым Балаларды қорғау мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балалардың бір- біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа бірлікке тәрбиелеу.
«Бала деген бір бақыт» ертеңгілігі ашылуы
Жүргізуші: Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар,күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
Құрметті, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар !
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала деген
бір бақыт» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»
«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Жүргізуші: Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің
тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау
деген сөз.
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің
балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң
шалмаса екен!
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған
бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға
жетелеуін тілейміз. Жаздың алғашқы күні келетін балаларды
қорғау күнімен қатар мектеп жанында
ұйымдастырылған «Таң жұлдызы» демалыс лагері өз жұмысын бастайды. Жазғы демалыс лагері
сағат 9.00-12.00 аралығында жқмыс жасайды.
«Бала деген бір
бақыт» атты
ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектеп
директоры Касенов Айтжан ағайға береміз.
Келесі сөз Каргулова Ботагөз апайға
береміз.
Жүргізуші: Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін папа,мамамызда
Ырза болсын балалар
Әдеби –музыкалық монтаж
Айару: Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Аруана: Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын
Ділназ: Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Дана: Біздерде бар қуыршақ
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Емес олар ұрыншақ
Аяжан: Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.
Жанерке: Маусымның таңы
атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі-
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.
Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Жүргізуші: Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді – балалар мерекесіне арнап «Шабыт» балалар
шығармашылығының аудандық байқауында III орын иегері Сайлау
Бейбіттің орындауында « Мен қазақпын» әнін
қабыл алыңыздар
Жүргізуші : Ән айтайық
қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрты
Балалар деп үлгілі
«Анашым» әні орындайтын Даярлық тобы
қыздары.
Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
-деп 1 сынып ұлдарының орындауында «Қыздар
–ай» әні.
Анар апайдың алып келген ойынын ойнайық.
Рұқсат болса, бізде мереке тойлайықшы .
Қызықты болсын деп, бәріміз бірге ойын
ойнайық.
Балалар: Алақай!!!
ойнайық.
Ойын:
«Тәттіні
тасымалдау»
Ойынның
шарты: Қолымызды артымызға
қойып, үстел үстіндегі тәтті кәмпиттерді ауызбен
тасымалдау.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Сүйікті балалар, бүгін
сендердің тойларың жер бетіндегі балалардың достық
мерекесі..
Жан иірімі біле білсең би
деген
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Алдымызда жігіттер тұр билеген
« Толғау» биі 3 сынып
Жүргізуші:Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің
«Ұстаз ана » орындайтын Жақсылық Аяжан, Айса Ділназ қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
1-4 сынып қыздары «Жұлдыздар» биі
Жүргізуші: Талайлардың шырқалады жыр әні,
талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып, кішкентай
бүлдіншіндер орындауында
Ән: « Топ- топ балақан »
орындайтын Шағын орталық
бүлдіршіндері.
Жүргізуші:Денсаулық ол – күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Ортада 1 сынып
оқушыларының «Біз кішкентай баламыз » биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:Әнші болғым келеді бұлбұлдайын
Әміредей болуды армандаймын
Қанатымды қондырып ұшқан кезде
Арманыма жақындап қалғандаймын. Кесесі кезекте шағын орталық
бүлдіршіні Қиябаева Алтынай
«Қошақаным» әнін қабыл
алыңыздар!
Жүргізуші:Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештерде
Саусақтарым бұралып,
Биші боламыз өскенде -деп Аруана мен Ұлболсынның «Асатаяқ» биін
тамашалаңыздар.
Жүргізуші:Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін. –«Қолшатыр»әнін қабыл алыңыздар. 3-4 сынып
оқушылары
«Бала деген бір бақыт» атты ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Суюндикова Қарлығаш апайға береміз.
Оқушылар әжесі балаларға арнап
ақ батасын берді.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың
Қадамдарың сәтті болсын, балалар
Тілектерің қабыл болсын
ағайын!
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Өздеріңе шаттық сыйлайтын мерекелерің тағы да құтты болсын!
Балалардың бәрін бірге «Бал бөбек » әніне шақырамыз.
Осымен,
«Бала деген бір
бақыт!» атты мерекелік іс - шарамыз
аяқталды.
Жаз да келді
көңілді.
Келді гүл мен
өрнекпен.
Ел бақыты
мерейлі,
Балалары
әндетті.
Гүлмен келсін келер
күн.
Бала бағы бар
елдің
Балалардың
күлкісі
Көркі, сәні әлемнің Еліміз тыныш, жұртымыз
аман болсын! Хош сау
болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген