Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты “Бала құқығы”
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сынып сағаты сценарийі
Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Бала құқығы деп жазылған
тақырыптың аты. Балалар құқығы тураы Конвенция, Қ. Р. Балалар
құқығы туралы заңы.
IV. Сабақтың жүрісі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды мынандай сұрақпен бастағым келіп отыр:
— Балалар «Есім алуға» құқықтарың бар ма? Қалай ойлайсыңдар?
-
«Есім» ойынын ойнайық. Қазір біз әрқайсымыз тізбек бойынша өз есімімізге сын есім қосып айтайық.Яғни сын есім де, есім де бірдей әріптен басталуы қажет. Мысалы: Намысты-Нұргүлмін.
-
Ал жақсы,сендердің есімдерің бар және таныстырып шықтық,сендердің есімдерің солай аталатынын енді қалай дәлелдейсіңдер?
-
Дұрыс, балалар!
-
Туу туралы куәлік Алдияр– бұл сендердің алғашқы құжаттарың. Ал онда тағы не туралы жазылған? Кім біледі?
-
Туу туралы куәлікте Қазақстан Республикасының азаматы екеніміз жазылады.Адеми
-
Яғни, адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады екен. Ол дегеніміз әрқайсымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді.
-
Ендеше, бүгінгі біз сабағымыз қандай тақырыпта болмақ?
-
Дұрыс айтасыңдар,біздің бүгінгі тақырыбымыз «Менің құқықтарым мен міндеттерім» деп аталады.
-
Балалардың құқықтары қайда жазылған? Оны кім бекітеді? Ендеше сендерге қысқаша айтып өтейін.
-
«Сендердің құқықтарың туралы Конвенция»
Мұғалім сөзі: Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән-ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді. Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.
- Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
- Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
- Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
- Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
- Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
- Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
- Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
- Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
-Әрбір баланың білім алуға толықтай құқығы бар.
Қоғамдық жұмыстарға араласуға Балалар біздің құқықтарымыздан басқа міндеттеріміз бар екенін естен шығармауымыз керек.
Не істеуге міндеттіміз?
-
Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;
-
Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;
-
Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;
-
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;
-
Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;
-
Тарихи ескерткіштерді қорғауға;
-
Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;
-
Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;
-
Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;
-
Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.
Сонымен балалар құқық деген не, міндет деген не? Ойланайық.
«Ойды аяқта…»
Бала құқығы деген— балалардың өмір сүруі мен өсуіне жағдай жасау.
Құқық-адамдардың тәртібін,қарым-қатынасын реттеп отыратын ережелер жиынтығы. Мемлекет белгілеп қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы
Міндет-адамдар бұлжатпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.
Ендеше құқық пен міндетті айыру үшін біз сергіту сәтін немесе ойын ойнайық.
-
Ойын «Менің құқытарым мен міндеттерім» деп аталады.Мен міндеттер мен құқықтарды оқимын, сендер табуларың керек. Егер жауап құқық болса,қолдарыңды жоғары көтересіңдер,ал егер міндет болса,қолдарыңды шапалақтайсыңдар.Егер түсінікті болса, бастайық.
-
Конкурстар мен жаррыстарға қатысу. (Қ)
-
Жолда жүру ережелерін сақтау. (М)
-
Жеке бас тазалығын сақтау.(М)
-
Тегін оқу. (Қ)
-
Мектеп мүлкіне дұрыс қарау (М)
-
Табиғатты қорғау және күту.(М)
-
Демалу. (Қ)
-
Мектеп ережесін сақтау (М)
-
Жақсы оқу. (М)
-
Ата-анаға көмектесу. (М)
-
Басқа оқушылардың ар-намысын,абыройын құрметтеу (М)
-
Тегін кітапхананы пайдалану (Қ)
Жарайсыңдар,оқушылар!
1.Баланы тәрбиелеу – ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қоса олардың міндеті дейміз неге?
2.Келешекте балаңыз қандай адам болғанын қалайсыз?
Қорытынды: Өте жақсы балалар, рахмет. Барлығымыз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді ажырата білдік.