Материалдар / Тәрбие сағаты: Балам-менің баға жетпес байлығым!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Балам-менің баға жетпес байлығым!

Материал туралы қысқаша түсінік
“Балам-менің баға жетпес байлығым” ата-аналармен өткізілетін тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2024
261
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ата – аналарға арналған тренинг


Тақырыбы: «Балам - менің баға жетпес байлығым»

Мақсаты: Мектеп пен ата-ана байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту.Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу.

Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, фломастер, доп және т.б

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы.

1. "Сәлем сөздің анасы" амандасу.
2. Доп лақтыру жаттығуы
3. Гүл теру жаттығуы. Пікірлесу
4. Топқа бөлу. Шығармашылық  тапсырма.
5. Аңыз әңгіме
6. Балама ақ тілек.
7. Қорытынды.

Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
Тренинг барысы:

Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Балам – менің баға жетпес байлығым» атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!

Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.

Шаттық шеңбері: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.

1. "Сәлемдесу" жаттығуы: Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір–бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

1- нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық!

2- нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.

3- нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.

  • Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар?

  • Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)

2. «Доп лақтыру» жаттығуы.

  • Бала сіз үшін кім? Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.

3. «Гүл теру» жаттығуы. Пікірлесу
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

·        Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

·        Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.

·        Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?

•         Бала  тәрбиесі  үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

•         Балаларда  қызғаныш,  өзімшілдік  мінездің  қалыптасуы неден?

•         Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?

•         «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

4. Топқа бөліну. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»

Құрметті ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.

Ал енді ата – аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар.

(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.

Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

5.Толық банка туралы астарлы әңгіме

Бірде философия профессоры шәкірттеріне тастар салынған банканы көрсетіп, оның толық екенін сұрады. Оқушылар толық деп жауап берді. Содан кейін профессор құмыраға тастар арасындағы бос орынды алып жатқан қиыршық тастарды қосты, содан кейін құм құйды, ол да қиыршық тастар арасындағы кеңістікте орын алды.

Бұл әңгімеде тастар сіздің басымдықтарыңыз болып табылады, мысалы, отбасы, денсаулық, жайлы баспана. Қиыршық тастар басқа маңызды, бірақ әлі де маңызды емес істерді білдіреді: оқу, жұмыс, саяхат. Ал құм қарбалас пен ұсақ-түйек. Егер сіз құмыраңызды тастармен толтыра бастасаңыз, яғни сіз үшін басымдықты заттар болса, онда қалғандары үшін әрқашан орын мен уақыт болады. Егер сіз құмнан бастасаңыз, яғни мұндай маңызды нәрселерден бастасаңыз, онда тастарды қоюға орын болмауы мүмкін.

«Тілек шамы»жаттығуы


Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!