жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Берекелі,мерекелі Алтын күз"

«Берекелі,мерекелі алтын күз»
мерекесі
Мақсаты:
Күз мезгілінің ерекшеліктері
туралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде
сезіну.
Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Жұмбақ, өлең арқылы
байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.
Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін
қалыптастыру.
Залды безендіру: сахнаның ортасында жапырақтар тігілген түрлі түсті
маталар, шарлар, залға ілінген күзгі
жапырақтар.
Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер
муляжы
Музыкалық репертуар:
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Мұғалім:
Алтын, алтын сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Мектептегі дәстүрлі .
Мерекеміз бұл да бір.
Берекесін сыйлауға ,
Өлкемізге күз келді.
Күзгі балды тойлауға ,
Шақырамыз сіздерді.
Армысыздар құрметті
Ата-аналар!
Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар!
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекесіне қош келдіңіздер!
Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын!
Иә, міне жыл сайын тойлап
өтетін үлкен мерекенің бірі, «Алтын күз» мерекесі де келіп
жетті.
Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде
жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп
санаққа қосылатын кезең.
Күз - береке, сән-салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде
еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі
мерекеленеді.
Сол бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат
етіңіз!

Мұғалім: Дайындық топ «Ә» сыныбының бүлдіршіндерін
қарсы алыңыздар!
Балалар ортаға әуенмен кіріп келеді.
«Жапырақтар»биі
Балалар:
Қуан шаттан алақай!
Қуанатын күн бүгін!
Күліп шықты күн бүгін!
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Мұгалім:
Балалар мінеки күз мезгіліде
келіп жетті.
- Күзде қандай құбылыстар болады?
- Ауа райы қалай
құбылады?
- Күз мезгіліне қандай айлар жатады?
- Ал қазір күздің қай айы?
Сүлеймен: (Қыркүйек айы)
Сыңғырлайды қоңыраулар,
Қыркүйектің айында.
Жас ұландар бара жатыр,
Өнер білім бағында.
Үміт:(Қазан айы)
Қазан айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Туыстық адал достықпен,
Бейбіт өмір жалғасты.
Арсен:(Қараша айы)
Күздің қараша айында,
Жиын-терін бітеді.
Жапырақтар сарғайған,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Мұгалім: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайн,кәнекей табыңдаршы жауабын.
Жиын-терін
болатын,
Қамбаға астық
толатын.
Қызыл қырман
ойнайтын,
Қай мезгіл деп
ойлайсың?
(Балалардың
жауабы).
Дұрыс, күз
мезгілі.
Ондаше балалар, Күз қайда? Мүмкін адасып, бізге келе алмай жатқан шығар? Кәне күз туралы ән айтайық, бізді естіп келіп қалар?

Ән: «Алтын күз» (Балалар әнді орындап жатқанда залға Алтын күз кіріп келеді. Балалар әнді орындап боған соң орындықтарға барып отырады.)
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ма, балалар! Мені күтіп қалдыңдар ма? Мен Алтын Күзбін! Ормандарды, тауларды аралап, барлық жерді сары, қоңыр бояуға боядым! Құстарды жылы жақтарға шығарып салдым! Міне сендерге де келіп жеттім, мерекелерін құтты болсын!
Мұгалім: Рахмет сізге Алтын Күз! Төрлетіңіз!Ал біздің балалар сізге күз туралы өлеңдер айтқысы келіп отыр! Кәне тындап көріңіз! Кезегімізді өлең шумақтарға берейік.
Ислам:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Сабина:
Құстар қайтты ән
салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жыр салып
Күзгі суық басталды
Ел егінді жинайды
Қырманға дән сыймайды
Дарын:
О алақай! Тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жата қап.
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.
І
нжу
:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқар күз.
Мейрімді күз,мырза күз.
Сыйлығыңа ризамыз.
Аппақ қардай таңында
Шомыламыз нұрға біз.
Жанғали:
Алтын,сары,қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Медина:
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Нұрдәулет:
Шоғы толған гүлдей жайнап
Жарқырайды алтын күз
Сайраңдады күліп-ойнап
Келді міне алтын күз.
Ұлдана:
Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да көрдім мен
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен
Көркем:
Қауын қарбыз жемістермен
Толтырамыз қол себетті
Алтын күз деп аталады,
Күз айы да сол себепті
Ж
асұлан:
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Мұгалім:Балалар мен сендерге және бір жұмбақ жасырайын.
Тырс-тырс етіп тамады,
Сайға қарай ағады.
Балалар жауаптары: Жаңбыр
Жақсы, балалар өздерің тапқыр екенсіңдер.
Ән: Кап-кап,тук-тук-тук.
Алтын
күз: Балалар, ойын ойнайық! Мен
сендерге өлең шұмақтарын айтамын, сендер болса оны жалғастырып
шешуін табасыңдар.
1.
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт!
Үзесің бірдей жүзін,
Оның аты ...(жүзім)
2.
Дөп-дөңгелек доптай,
Одан дәмді жоқтай,
Мезгілсіз оны жұлма,
Оның аты ...(алма)
3.
Дөп-дөңгелек, сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Оның аты ...(өрік)
4.
Өсіретін бойынды,
Өсіретін ойынды.
Қоян жейтін көкөніс,
Сарғылт-қызыл ...(сәбіз)
5.
Бір сабақта көп
түйме,
Жей алмайсың көк күйде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Оның аты ...(шие)
6.
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ,
Күрең қызыл, шіркін-ай!
Оның аты ...(құлпынай)
М
ұғалім:
Жапырақ та
сиқырлы,
Ойын ойнар
түр-түрлі!
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап
тұрмаңдар.
Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез
ойнаңдар.
Ойын: «Кім тез жапырақтарды жинайды?»
Мұғалім:
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп
түсетін
Көкөністер мен жемістер мақтанбақшы
Сіздерге
( Ортаға «көкөністер», «жемістер» және «дән-дақылдар» шығып, өздері туралы тақпақтар айтады).
Бидай, арпа, тары
бар,
Сұлы,
күріш
бәрі
бар.
Әне
жырлап
барады,
Әнге құлақ
салыңдар.
(Ортаға
әуенмен
дақылдар
шығады.)
Дәнді дақылдар
тобы:
Біздің ұран:
Алтын - күміс тас екен
Арпа, бидай ас екен
Күзде қамба толады
Дәнді дақылдарменен
БИДАЙ(Дарын):
Нан атасы – бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
АРПА(Жасұлан):
Күміс мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған,
Еліме сый тартамын.
Ж
емістер
тобы:
Біздің ұран:
Иісі жұпар аңқыған
Жеміс - жидек боламыз
Дәрумендер мол бізде
Күзде пісіп толамыз.
ҚАУЫН: (Көркем)
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған -
Балдай тәтті қауынмын. АЛМҰРТ(Сабина): Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың Тіл үйірген алмұртпын Таңсығымын бар
жұрттың
ЖҮЗІМ(Ұлдана):
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім .
Ішім толған шәрбат,
Дәмім сондай әйбат.
ӨРІК(Інжу):
Дөп - дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Менің атым – өрік.
АЛМА(Медина):
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмін,
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым
Көкөністер
тобы:
Біздің ұран:
Көркі болған бақшаның
Көкөністер мол қанша
Салат жауып алды апам
Қыстық қойма толғанша
Б
ҰРШАҚ(Жанғали)
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе! ҚИЯР(Нұрдәулет)
Дәмім тілді үйірген
Мен түздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне! СӘБІЗ(Арсен)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де! ПИЯЗ(Сүлеймен)
Боламын мен демеуіш,
Барлық-барлық тағамға. Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға! ОРАМЖАПЫРАҚ(Ислам)
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана! ҚЫЗАНАҚ(Үміт): Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып
ҚЫЗЫЛША(Айғаным): ызыланған қызылша қып-қызыл
болып қалыпты.
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге. Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Барлығы:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішішмізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
М
ЕДБИКЕ (Назерке):
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріндер!
Мұғалім:
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Ойын: «Тез-тез өнімді жинайық!»
Алтын күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші. Сау болыңыздарз!
Мұғалім:«Келесі жылға дейін аман-сау болайық» дей отырып, күз берекелі болсын деп тілеймін! Алтын күз мерекеміз осымен аяқталды. Сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген