жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты: Білім сайысы
Білім сайысы
( 8-9 сынып)
Мақсаты:
Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл, зерделі тұлға тәрбиелеу. Оқушылардың қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ой-әрекетін дұрыс талдай, топтастыра, жинақтай, нақтылай білу, арнайы есте сақтау, шапшаң ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Өткізілу түрі: сайыс
Көрнекілігі:
Кітап көрмесі, нақыл сөздер, сандары бар бағандар т.б
Жарыс барысы:
1.Ұйымдастыру кезең
2.Әділ қазылар сайлау
3. Кезеңдер
1 жүргізуші:
Қайырлы күн кітап сүйер қауым бүгінгі сайысымызға қатысушы оқушылар! Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Оқушының жан-жақты дамуы, жарасымды қалыптасуы оқыған ортасына, алған біліміне байланысты. Кітап адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Сол себептен білім алу үшін кітап ауадай қажет. Ол – білім бұлағы. Оны бойыңа сіңіру үшін көп оқу қажет
.
2 жүргізуші:
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар біздің мектебімізде өтіліп жатқан "Білім сайысы" атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Ары ойланып, бері ойланып, толғанып,
Отырдық біз біразырақ таңқалып
Қайтеміз деп, қандай түрде өткізсек,
Көңілдерге бар арманды жеткізсек
Ортаға біз бар өнерді саламыз
Көңіл бөліп шын қызыға қараңыз.
Сергітеміз бәріңізді қонақтар
Өткіземіз сайысты біз қызық қып –деп сайысымызға хош келіпсіздер.
Сайысқа қатысатын оқырмандарды бағалайтын, әділ қазылар алқасының мүшелерімен таныстырайық.
1 жүргізуші:
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп
Ақыл-ойға кен дейді.
Білім – ой мен арымыз,
Рухани нәріміз,
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз – деп ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
2 жүргізуші:
Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.
Сайысымыз 10 кезеңнен тұрады.
1 кезең.Таныстыру
2 кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
3 кезең. «Ойлан, тап!»
4 кезең. «Сіз білесіз бе?»
5 кезең. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер»
6 кезең. Тіл ұстарту. мақал-мәтел айту.
7 кезең. «Өнерпаз болсаң арқалан»
8 кезең. «Кім жылдам?»
9 кезең. «Өнерлі өрге жүзер»
10 кезең. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
1 жүргізуші:
1 кезең.Таныстыру
Ақыл – көркі бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп бірінші кезең таныстыру.
Бұл кезеңде әрбір топ өзінің тобының мүшелерімен таныстырып, өзінің тобының атын қорғайды.
Топ басшысы шығыңдар
Дайын болып тұрыңдар.
Жалғастырып жарысты,
Жібермеңдер намысты.
2 жүргізуші:
Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріндер.
Білімдеріңді көрсетіп,
Алға оза беріңдер – деп
2 кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Шарты. Топтан үш оқушы шығып жасырынған әріптердің бірін таңдайды. Сұрақтарға сол әріптен басталатын сөзбен жауап береді.
І – топтың сұрақтары ( А. С. Т)
1.Оқушыға қажет нәрсе?
2.Гүлді сүйетін жәндік?
3.Сіздің досыңыз?
4.Қандай әнді білесіз?
5.Сан аты?
6.Қай мемлекетте болдыңыз?
7.Жаздағы демалыста қайда демаласыз?
8.Қазақ батырын ата?
9.Астанаға барғыңыз келе ме?
10.Қазақ ақын-жазушысын ата?
11.Бізде қандай ұлттар өмір сүреді?
12.Қандай спорттық ойын атын білесіз?
13.Қазақ қызының есімі?
14.Сабақта қандай кітап оқисыз?
15.Өмір сүруге қажет нәрсе?
1 жүргізуші:
Білімдеріңе сеніңдер,
Бәсекелесіп көріңдер.
Әріптерден сөз құрап
Ортақ ойға келіңдер.
(Ш. О. Н)
ІІ – топтың сұрақтары
1.Ұлттық ойын аты?
2.Сіз ұнататын тағам?
3.Сабаққа кіммен бірге келесіз?
4.Қазақ батыр
5.Қазақтың арасынан шыққан әншілерді ата?
6.Сенің ең жақын адамың?
7.Аулаңа қандай ағаш ектің?
8.Наурызда қандай құстар елге келеді?
9.Қыз есімі?
10.Жазғы демалыста қайда демаласыз?
11.Алматы қаласына немен бардың?
12.Сен не ішесің?
13.Саған қажет оқушы құралы?
14.Соңғы рет оқыған кітабың?
15.Қазақстан қай мемлекеттермен шектесеміз?
2 жүргізуші:
Түрлі сурет қызық ақ
Айтады оқырман саралап.
Оймен қане, өсейік
Ойлан тапты шешейік?- деп
3 кезең. «Ойлан, тап!»
Шарты. Топтан үш оқушы шығып суреттегі бейнені қарсылас топқа атын атамастан тұспалдап немесе ыммен көрсетуі керек. Қарсылас топ суреттегі заттың атын дұрыс тапса топқа ұпай қойылады. (уақыты 1 мин)
1 жүргізуші:
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі
Сіз білесіз бе? кезеңіне қатысып
Сұрақтардың жауабын кім шешеді? – деп
4 кезең. «Сіз білесіз бе?»
Бұл кезеңнің шарты бағандағы сандардың артында жасырылған сұрақтарға жауап бересіздер, сұрақтар бағдарламадағы негізгі пәннен алынады. Ұяшықты топтың әр мүшесі ашып, сұрақа топпен бірге ойласуға болады, уақыт 30 сек. Әр ұяшықта 1 сұрақ берілген. Толық жауапқа 10 ұпай беріледі.
Келесі сайысқа топ мүшелері дайын болғанша біз 8 сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыздар.
2 жүргізуші:
Өмір мәні – өнер менен білімде
Айтайықшы баталарды жыр ете.
Әрі ақылшың – рухани қазынаң
Құнды байлық баға жетпес бұл өте -деп
5 кезең. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» бата айту. Шарты. Бата ел танымал тұлғаларға өздерінен үлкен кісілердің батасы болуы шарт. (Мысалы: Сүйінбайдың Жамбылға берген батасы)
1 жүргізуші:
Сауық кешке келейік,
Сөз маржанын терейік.
Кім көп білер екен деп
Мақал айтып көрейік – деп
6 кезең. Тіл ұстарту. мақал-мәтел айту.
Шарты. Жүргізуші оқыған мақалды жалғастыру керек. Әр топқа он мақалдан
8 – сынып
1. Мал шөпке тоқтайды, (адам сөзге тоқтайды).
2. Адамды адам еткен- (ой мен сөз).
3. Жылы киім тәнді жылытар,
(Жылы сөз жанды жылытар).
4. Жақсы сөзге жан семіреді,
(Жаман сөзге жан түршігеді).
5. Жақсының сөзі ақыл шақырады,
(Жаманның сөзі ашу шақырады).
6. Ине-көзінен, (шешен-сөзінен сынады).
7. Әр жердің өлшемі, (әр сөздің мөлшері бар).
8. Су төркіні-әуіз,
(Сөз төркіні-ауыз)
9. «Сіз-біз» деген-сөздің желімі,
(Өтірік-шындықтың келіні).
10.Қазақ бір ауыз ұтымды сөз үшін кісінің қанын кешкен,
(елдің тағдыры шешкен).
9 - сынып
1. Сүтке сүт қосылса-сүмесін,
(Сөзге сөз болса-демесін).
2. Алмас қылыш майданда серік,
(Асыл сөз майданда да, сайранда да серік).
3. Ат айналып иесін табар,
(Сөз айналып жүйесін табар).
4. Малдан малдың несі артық-бір-ақ асым еті артық,
(Ерден ердің несі артық-бір ауыз әділ сөзі артық).
5. Айтпас жерде-тілің тарт,
(Ашу келсе-қолың тарт).
6. Тіл сүйексіз блдса да, (өзі сүйектен өтеді).
7. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, (өз тілімен сөйле).
8. Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, (кемдігі жоқ).
9. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын,
(Тіл айырар анасынан баласын).
10.Көргенді кісі көргенін айтар,
(Көргенсіз кісі бергенін айтар).
2 жүргізуші:
Ал, біздің оқырмандар қалайсыңдар,
Сіздерге әлі алда талай, асу бар.
Келесі сайысымыздың жоспарында,
Өз өнерін көрсету деген де сын бар – деп
7 кезең. «Өнерпаз болсаң арқалан»
Шарты. Өз өнерлерін көрсетеді.(Ән айту, не би билеу)
1 жүргізуші:
Басталады кім жылдам атты сайысың
Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Жылдамдығың, алғырлығың сыналар,
Қане достар көрінеді қай ісің – деп кезекті
8 кезең. «Кім жылдам?»
Шарты. Бір әріптен басталып сол әріппен аяқталатын сөздермен сұраққа жауап беруі керек. (Мысалы «А» әріпі жеміс ағашғы. Жауабы «Алма». Бал жинаушы жәндік. Жауабы «Ара».
К - К
1.Бетбақдала жануары? (киік)
2.Жеті қазынаға кіретін үй күзетушінің баласы? (күшік)
3.Ағаның жары? (келіншек)
4.Гүлді ұнататын жәндік? (көбелек)
5.Ұлттық бас киім әжелер киетін? (кимешек)
6.Орта жүз руы ( көбек)
7.Мақтаның өнім беретін бөлігі? (көсек)
8.Көзге тағатын құрал? (көзілдірік)
9.Ұя салмайтын құс? (көкек)
10.Түс атауы? (көк)
11.Қояның баласы? (көжек)
12.Қатты топырақ? (кесек)
13.Адам бетіндегі бір мүше атауы? (кірпік)
14.Еңбек құралы? (күрек)
15.Оқушының білімін бағалайтын дәптер? (күнделік)
Қ – Қ
1.Айран сөзінің синонимі? (қатық)
2.Құрлысшы құралы? (қалақ)
3.Сан аты? (қырық)
4.Адамның есту мүшесі?
5.Көрпе атауы? (құрақ)
6.Тағам атауы? (қуырдақ)
7.Қазақша өлшем атауы? (қадақ)
8. асау жылқыны ұстайтын зат атауы? (құрық)
9.Сүт өнімі? (қаймақ)
10.Тамақ ішетін зат? (қасық)
11.Мал байлайтын нәрсе? (қазық)
12. Ұлт аты? (қазақ)
13.»Сулы» сөзінің антонимі? (құрғақ)
14.Маралдың баласы? (қодық)
15.Жерден қазып су шығаратын жер? (құдық)
Келесі сайысқа топ мүшелері дайын болғанша біз 9 сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыздар.
2 жүргізуші:
Ал көрермен, көрермен
Мына жақта жаңалық
Бүгінгі мына сайыста
Көрініске зейін қойып қаралық.– деп
9 кезең. «Өнерлі өрге жүзер»
Шарты. Әлеуметтік жағдайларға байланысты көрініс көрсету. (мысалы: ұлы тұлғалар, жетім балдар жағдайы, экология)
1 жүргізуші:
Өлең дейді шіркін – ау өлең дейді,
Кейде өлең байқаусызда елең дейді
Жаныңа дауа болып жадыратар,
Өлеңсіз өмір гүлге бөленбейді –деп
10 кезең.
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу сайысы.
Шарты. Өлеңді мәнерлеп жатқа айту.
Әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің бағасын анықтағанша біз 8-9 сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыздар.
Қорытынды:
Ал оқушылар мына қызықты да мағыналы, мәнді өтіліп жатқан кітап апталығындағы сайысымызды қорытындылай келе мен мына көпшілік қауымға осы сайысқа қатысып отырған 8-9 сынып оқушыларына көп рахмет айтамын. Көп оқыған, адам, көзі ашық өзінің білімділігін көрсете біледі. Кітап сендерге айрылмас адал дос. Кітап адамның алдымен ойын, сөзін түзейді. Кітап біздің асыл қазынамыз, қол жетпес байлығымыз. Кітап бізді жаманнан жирендіріп, жақсыны үйретеді, сені жақсы адамзат қылып тәрбиелейді.
Кітап біздің ойымызды сана-сезімдерімізді, дүниеге деген көзқарасымызды тереңдетеді. Кітап оқуға құмартуға, кітаппен достасуға, маңызды міндетім деп білемін. Мен осы 8-9 сынып оқушыларының атынан бізге білмегенді үйретіп қызықты да көркем кітаптар беріп, отырған кітапханашы апайға алғысымызды айтамыз. Осымен біздің "Білім сайысы" атты ашық сабағымызды аяқтаймыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген