Материалдар / Тәрбие сағаты. Бір жер, бір халық, бір болашақ

Тәрбие сағаты. Бір жер, бір халық, бір болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіздік сабағымен бірге жазылған ашық сабақ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағаты

«Бір жер, бір халық, бір болашақ»

Күні

02.12.24

Сынып жетекші


Сынып 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Бір жер, бір халық, бір болашақ»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

13-САБАҚ

6 – сыныптар: «Сіздің жеке деректеріңіз және оларды қалай қорғауға болады?»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.

Қауіпсіздік мақсаты

Оқушыларға өз жеке деректерін қалай қорғауға болатыны туралы түсінік қалыптастыру.

Қауіпсіздік міндеті

1. Оқушыларды «дербес деректер» ұғымымен таныстыру .

2. Интернет желісінде қауіпсіз жүріс-тұрыстың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық қызығушылық. Өзінің ұлттық мұрасына ұқыпты қарау. Отан туралы білімдерін кеңейту. Адамгершілік, патриоттық сезімдерді, туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Апта дәйек сөзі

Бірлігі күшті ел озады

Сабақтың барысы



Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады



Жаңа сабаққа кіріспе


Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерін біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда. Осының барлығы егеменді еліміздің халыққа деген ыстық ықыласы мен көзқарасының арқасында.


1-оқушы
Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, Шығысында Қытай халық Республикасымен, ал батысында Әзірбайжан Республикасымен шектеседі. Қазақ жері кең байтақ, табиғаты да әр алуан.

Отан деген –Атамекен.

Отан деген –туған жер.

Отан-апа

Отан үлкен

Қазақстан туған елі.

2-оқушы

Өткен ХV ғасырда Қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлкеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннан-қаперсіз жатқан еліміздің Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалық жұртты қан жалатты.


Сабақтың ортасы

26 мин.

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан-ғасыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылы маусым жарлығына жігіттерді бермейміз деп қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырауынан, адамдардың ашаршылыққа душар болуына 950 млн қазақ. Яғни халқымыздың 19 пайызы апат болып, 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!

Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:

«Бір жер» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,

«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір болашақ», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.








1-оқушы:

1923-1933 ж. Болған адам айтқысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы да аштық, тағы да жалаңаштық, тағы да өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 518 мың.

 
2-оқушы: 1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, елім деп жүріп – халық жауы атанды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.

  3-оқушы:
1941-1945 ж. Аралығында азамат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизммен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік үлгісін көрсетті. Бұл қасіретті соғыста құрбан болған 27 млн адамның 350 мыңнан астамы қазақтар еді.



4-оқушы:

Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды, 264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әртүрлі жазалар берілді.


5-оқушы:Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.



6-оқушы:

Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені Желтоқсан оқиғасы көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.


интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары.


Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.

Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан –туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп соғатын 130 ұлттан астам Халық тұрып жатыр.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!


Қауіпсіздік 10 мин

Дербес деректі қорғау – деректерді рұқсатсыз қолжетімділіктен, ұрлаудан, бұрмалаудан және заңсыз пайдаланудан қорғауға бағытталған шара жиынтығы. Дербес дерекке аты-жөні, туған күні, мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы, медициналық жазбалар, қаржылық ақпарат және басқа да жеке ақпарат жатады. Осының барлығы дұрыс қорғалмаса, жеке тұлғаға зиян келтіруі мүмкін, мысалы, жеке басына үлкен қауіп. Немесе алаяқтық жасау арқылы зиян тиюі мүмкін. Енді, сәйкесінше жеке деректі қорғаудың маңыздылығына тоқталайық. Дербес деректерді қорғау жеке өмірге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етеді. Дербес деректі қорғау азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Мәліметті рұқсатсыз пайдалану жеке тұлғаның құқығын шектеп, заңсыз әрекетке жол ашады.

«Есте сақта!»

Дербес деректі қорғау ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттырады. Егер дер­бес дерек дұрыс қорғалмаса, ол хакерлердің шабуылына ұшырап, құпия ақпарат сырт­қа шығып кетуі мүмкін. Көптеген елде дербес деректі қорғау бойынша арнайы заң қабылданған. Мысалы, Қазақстанда «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заң 2013 жылы қабылданған. Бұл заң дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау қағидаларын реттейді және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Әр азамат жеке дерегіне мұқият болғаны абзал. Біріншіден, дербес деректі жинау тек заңды негізде және дербес деректер субъектісінің келісімімен жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден, дербес дерек тек белгіленген мақсатқа сәйкес өңделуі керек. Деректі өңдеу барысында дербес деректің дұрыстығы, толықтығы және өзектілігі қамтамасыз етілуі тиіс. Үшіншіден, дербес дерек тек қа­жетті мерзімге сақталуы тиіс. Мер­зімі өткен дерек жойылуы керек.


https://www.youtube.com/watch?v=NHWYVHBHch4&list=PLA5eCSY2FeoQL LocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=24

https://www.youtube.com/watch?v=3Ju1hLEqHoM&list=PLA5eCSY2FeoQLLo cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=33

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Қорытынды:

«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым...» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Рисунок 23



30 Қараша 2024
718
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі