Тәрбие
сағаты
"Бірлігі
жарасқан Қазақстан"
Мақсаты:
Балалардың «бірлік», «достық», «халық»
құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту, бірлікке
,
достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Президенттің
суреті,Ту,
Елтаңба, Әнұран, шаңырақ.
Барысы:
Шаттық
шеңбер
«Кел,
күлейік»
Кел,
балалар, күлейік!
Күлкіменен
түлейік!
Күлкі
көңіл ашады,
Күліп
өмір сүрейік!
Бүгінгі
таңда дәл сендердей
ақылды, білімге құштар балаларды
көргеніме мен өте қуаныштымын.Олай
болса,
сендер де сондай қуанышты жүзбен бір -
бірлеріңе күлімсірей қараңдар және
мына залда отырған қонақтармен
амандасайық.
Жұлдыз:
Рәміздерім-елдігімнің
белгісі,
Білу
керек-бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту,
Елтаңба,
Рәміздерді
жатқа білген жөн кісі.
Қазақстан
Республикасының Әнұраны орындалады.
-
Біз сендермен Қазақстан Республикасының
Әнұранын орындадық.Әнұранның авторлары
кім?
Әділ:
Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен
Нәжімеденов,
Нұрсұлтан
Назарбаев , Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Енді
бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным
жалғап алды ғұмырды.
Босағада
қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша
төріме кеп ілінді.
-
Еліміздің тағы қандай рәміздері бар?
Ол туралы не білесіңдер?
Ақжарқын:
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының
авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен
Шота Уәлиханов.
Елтаңба
- егемен елдің белгісі.
Елтаңба
- өзге елмен теңдіктің белгісі.
Амир:
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік туының
авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.
Жарасқан
байрақтың мәні бар,
Көк
аспан, күн, қыран –сәні бар.
Көк
байрақ –ашық көк кеңісім,
Алтын
күн - белгісі жеңістің.
Алтын
күн көтерген ел құсы-
Халқымның
батырлық белгісі!
Мұғалім:
Отан
– әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті
сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай,
Отансыз да өмір сүре алмайды. Отан –
біздің туған жеріміз, өзіміздің туған
– туысқанымыз, дос-жарандарымызбен
бірге тұратын еліміз.
Біздің
Отанымыз – Қазақстан.
Бүгінгі
Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген
мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы,
Туы, Әнұраны бар.
Республика
халқының саны 19 миллионга дейін жетті.
Жергілікті
ұлт - қазақтармен бірге басқа да 130-дай
ұлт өкілдері бір-бірімен туысқандай
болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы
мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт
өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек
етіп келеді. Биыл Қазақстан Ассамблеясына
20 жыл толды.
Бүгінгі
тәрбие сағатымыздың «БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН
ҚАЗАҚСТАН» аталғаны да осыған байланысты.
Би
«Қазақша»
Ақ
қара деп алдымен,
Елім
бөлмес адамды.
Дәстүр,
өнер, салтымен
Таңқалдырған
ғаламды.
Жырласа
қазақ, түркімен,
Молдаван,
тәжік үн қосқан.
Дос
жүректер біріккен,
Мейірлер
жарасқан.
Тыңда,
тыңда, тыңда мені,
Ұлы
жұртым - орыс халқым.
Сен
тербетіп өсіргенсің,
Сенің
даңқың - менің даңқым.
Кім
сүймейді ет жақынын, туысын,\
Украина
туысымның бірісің.
Тұрды
биік туымыздай бұл достық,
Ел
басына төнгенде де ұлы сын.
Ән
«Поппури»
Ән
«Дастархан»
Биыл
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл!
Биыл
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл!
Биыл
Қазақстан Республикасының Конституциясына
20 жыл!
Биыл
Қазақстан Ассамблясына 20 жыл!
Мұғалім:
Нәсілдерге
нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың
шертсем деймін бір жырын,
Татулығын
жырға қосам ұлттардың
Мақтан
қылып ұлыстардың бірлігін.
Достық
тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер
сыйға ұласты бүгінгі,
Бір
туғандай ұлтаралық келісім
Бір
көтерген басқа түскен жүгімді.
Серт
берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден
аман жеттік дамуға,
Байтақ
елдің биік ұстап байрағын
Біздің
достық мәңгі болып қалуда.
Тілі
бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы
достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан
бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан
шаттығымыз тіреп тұр.
Қуаныштан
желпілдейді түндігім
Бар
халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым
мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір
тамырмен байлап қойған кіндігін!!!
Мұғалім:
Осымен
бүгінгі біздің
тәрбие сағатымыз аяқталды.
Көңіл
қойып тыңдағандарыңызға рахмет!