Сайыстың тақырыбы:
"Біз
өнерлі баламыз"
Мақсаты:
Оқушылардың
бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген
қызығушылықтарын арттыру, Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі
үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді
де өнерлі ұл - қыздарын тәрбиелеу.
Өнерпаздарды
жан - жақты зерттеп, әнді көпшілік алдында қысылмай, еркін
орындауға бейімдеу, талап пен шеберлігін
шыңдау.
Көрнекілігі: Зал ішін мерекеге сай безендіру.
Гүлдер, шарлар, музыка
техникасы.
Жүру
барысы:
1 -
жүргізуші:Адина
Армысыздар, құрметті, өнер сүйер
қауым.
2-жүргізуші: Арлан
Бармысыздар қадірменді ұстаздар, ардақты ата - аналар, қымбатты достар.
1 -
жүргізуші:Адина
Құлпырған еліміздің ұл -
қызымыз,
Ертеңгі жарқыраған
жұлдызымыз.
"Өнерлі өрге озар", - дейді халқым
-
Бұл кеште бар өнерді
ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Арлан
Қазақтың қайтпас қайсар
қыранымыз,
Болашаққа жол бастар
ұланымыз,
Алдымызда - арман көп, таудай
талап,
Өздеріңе арналар жыр –
әніміз
Күй: «Келіншек», «Салкүрең» Ансамбль «Балауса»
1-жүргізуші: Адина
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де
Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңдер қадірменді қонақтарым
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізде. ., дей келе бастауыш сыныптардың «Рухани жаңғыру – білім әлемінде» атты апталығы аясында ұйымдастырылып отырған 2-4 сынып оқушыларының ішіндеі ең талантты,ең дарынды, ең өнерлі оқушыларының өнерлерін тамашалауға қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:Арлан
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз
Ән шырқап, би билеуден қашпайық біз
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Кешімізді бастайық біз- дей отырып «Біз өнерлі балалар» атты мерекелік кешімізді бастаймыз!
ӘН: Бақытжан Айша «Ән шашу» 2в сыныбы
1- жүргізуші:Адина
Мерекеміз бүгінгі құтты болсын
Әрқашан мерекелік көңіл болсын
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып
Қане, достар қуанышпен орта толсын.
Алдарыңызда «Мереке» әнімен Амангельдина Айсана, Қуатбекова Еркежан 4 в сыныбы
2- жүргізуші: Арлан
Кілемденіп құлпырып,
Жүздерінен нұр тұнып,
Өсе берсін, гүл қыздар
Әнге қостық жыр қылып
Би: «Эспасито» 3 А сыныбы
1- жүргізуші: Мирас
Өнерпаздар жарысып, ән салады
Жиын десе, той десе жан салады
Кешіміздің құрметіне
Әуелеген әсем ән жолданады
Ән: Әділбек Әкежан «Батырлар ұраны» 3 г сыныбы
2- жүргізуші:Айым
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған, - деп жүрген «Сырым бар жүрегімде» атты Республикалық мәнерлеп оқу сайысының 1-орын жүлдегері, 2-г сыныбының үздік оқушысы Дастанұлы Мағжанның өнерін тамашалаңыздар. «Тілдің жайы жөргектен»
1- жүргізуші:Мирас
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан! деп ән салып жүрген, лицейіміздің патриот Ұлдар тобы: «Мен қазақтың баласымын» 3а сыныбы
2 – жүргізуші:Айым
Бұлбұлдай сал, күй шертсең, аңыратып
Орман,тоғай, өзенді жамыратып,
Аңыратып, ағызып ән нөсерін
Толқынымен жүректі жадыратып
Күй: Скрипка Турсынбек Асыл 4 а сыныбы
2- жүргізуші: Мирас
Аспанда мәңгі күн тұрсын
Шуағы сендердей құлпырсын.
Балапандай қыздар- ай,
Өнерлеріңе нұр жаусын,-дей отырып ортаға өзі биші,өзі әнші қыз «Қыздар тобы» шақырамыз. Би қарсы алыңыздар!
1- жүргізуші: Айым
Көкірегімнің үміті мен
тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!,
Ән: «Қазақстаным-Отаным» Ұлдар вокалы 2 б сыныбы
2- жүргізуші:Айханым
Достарым бар қуанып,
Тамашалар кештерде.
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде,
«Бальный танец» 2 В сыныбы
2- жүргізуші:Айым А
Тамсандырып ән салам
Естіген жан тамсанған
Жүректерге жетсінші деп
Айту үшін жан салам
Ән: Кенжебекова Еркежан 4б сыныбы
1- жүргізуші: Айханым
Бұл әнді айту керек жайлап қана
Өзінің нақышымен сайрап қана
Дариядан шалқып жатқан болмаса да
Бұлақтай көзі ашылған қайнап қана
Ән: Айдосұлы Әбілмансұр 4 г сыныбы
2- жүргізуші: Айым А
Таңданайық өнерге тамсанайық
Бәріміз де қосылып ән салайық
Шабыттансын көңіл көтерсін
Өнерліні мадақтап жар салайық
Ән: Абдуллаев Ибрагим «Мен бақытты баламын» 3а сыныбы
2- жүргізуші: Айханым
Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған
Қай қазақ та әншісін қарсы алмаған
Адема сынды әншіміз ән шырқаса,
Жан бар ма екен қызығып, тамсанбаған
ӘН: «Әсем ән» Түменбаева Адема 3 б сыныбы
1- жүргізуші: Айым А
Ыстық – ау кім-кімге де әке
деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген,
Өмірдің соқпағынан өрге тартып,
Алдымен адам бол деп
жетелеген.
ӘН: «Әке мен бала» Қайырман Әмина 2б сыныбы
Ән: «Балдәурен» Жұмадилова Аяулым 4а сыныбы
2- жүргізуші: Айханым
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен ән кешіміз аяқталды
1- жүргізуші: Айым А
Өнерлі өрге жүзер талаптанып
Қыран биік самғайды қанат қағып
Адам үшін парыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып-дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!
Сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты: "Біз - өнерлі баламыз" 1-4 сынып

шағым қалдыра аласыз