Тәрбие сағаты. "Біз -Жеңістің ұрпағымыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты. "Біз -Жеңістің ұрпағымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған, оқушының патриоттық сезімін оятып, еліміздің тарихын, мәдениетін жаңғыртуға көмегі зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО «Семей қаласының білім бөлімі» ММ

27 ЖОББМ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Медеуқанова Лаура Қайнарқызы

Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Біз Жеңістің ұрпақтарымыз.


Мақсаты:

1. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру.

2.Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.

3. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.


Барысы:

- Құрметті ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді келе жатқан Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасытарыңызға бақыт, бірлік,береке тілейміз.
Жеңіс күні,Жеңіс жыры
Асқақтата шырқалсын.
Ардагерлер қалауы
Мәңгі өшпесін алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып
бүгінгі «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты сынып сағатымыз бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады.

Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болсадағы қай ғасырды, қай күні.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғына.

( бір минут үнсіздік)

Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисклерге барады. Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын койып, батырлар есімін еске алады.

Мадияр:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамды.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Шырын:

Отаным еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер бұлты төнген күнде.


Мұғалім: Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырды, қай күні.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғына.

( бір минут үнсіздік)

1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды. /Видио-фильм

Сабина:

Ойлап-ойлап тұрдым көп

Сұрақ қойдым білгім кеп:

- Қуанышты мереке –

Жеңіс күні қай күн деп?

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнан да сұрадым,

Анамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

- Дұрыс, – десті сұрағың. –

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні, шырағым!

Саяжан:Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі көп балаға.

Аружан:Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән болып.
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып.

Айша:Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия-аты көңілде,
Әкпеміз деп жүреді.

Исмина:Даламыздың даңқысыз,
Балауса гүл,балғын қыз.
Жанын қиып,халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

Диана:Мәншүк апай батырқыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.


Мұғалім:

- Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп кеткен. Әкесі дәрігер болған. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанады. Мәншүк ол кезде небары 19 жаста болған. Елін жаудан қорғаймын деп шепке сұранып пулеметші болады. Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншүкке ескерткіш қойылған.

- Әлия 1924 жылы Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әүбәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. Соғыс басталғанда ол 17 жаста еді. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді.

- Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн. Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін,аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлын,осы соғыста ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың,әкелеріміздің есімін қашанда мақтанышпен айтамыз.Олардың ерліктері ешқашанда ұмтылмайды. Ендеше осы батырларымыздың құрметіне ән орындаймыз.
Ән:«Жеңіс күнін тойлаймыз».
І-шумақ:От жалыннан жаралған,
Отан – біздің анамыз.
Жауды жеңіп оралған,
Ортамызда – ағамыз.
Қайырмасы:
Ерлігіне бар адам
Таңдана қағар тамсана
Омырауға қадаған
Ордендері қаншама!!!

ІІ-шумақ: Айтқан сайын жақсы аға,
Әңгімеге тоймаймыз.
Біздер бүгін бақшада,
Жеңіс күнін тойлаймыз!



Зымырап жылдар өтеді,

Жанымыз жауға ызалы.

Соғыста өлген атаны

Бөбегім сен де ұмытпа.

- Ал, сендер Отанның қадірін білетін боларсыңдар?!

Хормен: Біз Отанымызды мақтан етіп, сүюге, қорғауға ант етеміз.

Мұғалім: Рақмет.

-Асқақ ән көңілді тербесін,
Тұтпасын күн қара пердесін.

Бақытпен көз ашқан балалар,
Бүлікшіл соғысты көрмесін,- деп Жеңіс күніне арналған мерекелік тәрбие сағатын аяқтаймыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1060
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі