Материалдар / Тәрбие сағаты Буллингтен қорған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Буллингтен қорған

Материал туралы қысқаша түсінік
Жанжалдың нәтижесі үшін жауапкершілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2024
104
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты

Буллингтен қорған

Күні


Класс жетекші:

9 сынып

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Буллингтен қорған!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жанжалдың нәтижесі үшін жауапкершілік»


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға буллинг, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.

Қауіпсіздік мақсаты

қақтығыстағы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын түсіну және жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен шешуді үйрену.

Қауіпсіздік міндеті

1. Жанжалдың не екенін және оның қалай пайда болатынын түсіндіріңіз.

2. Жанжалдағы әрекеттеріңіз үшін жеке жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетіңіз.

3. Жанжалдарды бейбіт жолмен шешу әдістерін үйрету.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Апта дәйек сөзі

Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға! (Абай)

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді

3. Оқушыларды топқа бөлу





Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз 
айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең.






Компьютер

















Сабақ басы (13 мин)












Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.

Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.

Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.

Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.

Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.


Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.

Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз.


Презентация


Ортасы (20 мин)


Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».


Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).


«Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)


Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа  қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.


Презентация

Қауіпсіздік сабағы 10 мин

1. Кіріспе (2 минут) Қақтығыс дегеніміз не? Олар неге пайда болады. Бәсекелестік (бәсекелестік) – өз мүдделері үшін басқаларға зиян келтіруге ұмтылу. Бейімделу – басқа біреудің мүддесі үшін өз мүдделерін құрбан ету. Компромисс – өзара жеңілдіктерге негізделген келісім; туындаған қайшылықты жоятын нұсқаны ұсыну. Ынтымақтастық – жағдайға қатысушылар екі жақтың мүдделерін толығымен қанағаттандыратын байламға келеді.

2. Негізгі бөлім(6 минутқа дейін) «Екі дос» жаттығуы Мақсаты: жанжалдағы жетекші мінез-құлық стратегиясын анықтау. Жаттығуды орындамас бұрын, А4 парақтары еденге жайылады. Жолдың әр жағында, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі оқушы таңдалады. Оқушыларға нұсқаулық: «Сіздер әртүрлі жағалауларда тұрғандарыңызды және көпірден екінші жағына өтулеріңіз керек екенін елестетіп көріңіздер. Бір уақытта қозғалысты бастайсыздар».Оқушылар жанжал көпірдің ортасында қалай өту керектігін шешеді. Қорытындысыбойынша стратегия жасалады. - Презентация: қақтығыстардың себептерімен түрлері. - Талқылау: әр қатысушының іс-әрекеті жанжалдың нәтижесіне қалай әсер етеді. •Топтықжұмыс:жанжалды бейбіт жолмен шешу стратегиясын әзірлеу

https://drive.google.com/file/d/1--5CKKNBuFOGT-drzaYYzA-j7f2WBBwf/view

(2 мин)

Соңы






Қорытынды Сабақты қорытындылау Карточкалар 1. Жеке ақпаратты қалай дұрыс басқаруға болады? 2. Оны кімге және қандай көлемде беруге болады? Жадынама. Жас шектеулерін сақтау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша кеңестер.

«Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас , әрбір отбасы үлгілі , балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған , балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін , баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды.


.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Рисунок 23



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!