Материалдар / Тәрбие сағаты "Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы"

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз аналар мерекесіне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
771
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: "Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы..."

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: оқушыларға мереке мен мереке иелерінің маңыздылығын түсіндіру. Наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір-қасиеті туралы туралы мағұлмат беру.

ә) Дамытушылығы: Балалардың ой-өрісін, танымын, анаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту. Бір-біріне деген сезімдерін ашық айтуға дағдыландыру.

б) Тәрбиелілігі: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты сөздер, суреттер

Cабақтың барысы:

Кіріспе

Дүниеге келуге дайындалып жатқан бір бала Құдайдан сұрайды:

- Маған ертең дүниеге келетінімді айтты, бірақ кішкентай және қауқарсыз мен ол жерде қалай өмір сүрмекпін?

Құдай жауап береді:

-Көп періштенің ішінен біреуін сен үшін таңдап алдым. Ол сені күтіп алады және саған қамқорлық жасайтын болады.

Сәби тағы да сұрайды:

-Бұл жерде, Аспанда маған бақытты болу үшін ән салу мен күлуден басқа ештеңе істеудің қажеті жоқ. Ал мен Жерде қалай өмір сүретін боламын?

Құдай жауап береді:

-Сенің періштең күн сайын сен үшін қуанып, ән салатын болады. Оның махаббатын сезінгенде сен бақытты боласың.

Сәби сұрайды:

-Олардың тілін білмесем, адамдарды қалай түсінемін?

Құдай жауап береді:

- Сенің періштең әйтеуір бір кезде тыңдауға болатын ең тамаша сөздерді айтады және сені оларды айтуға үйретеді.

- Ал мен сенімен сөйлескім келген кезде не істеуім керек?

- Сенің періштең саған қолдарыңды жайып ұстауға және дұға оқуға үйретеді.

- Мен Жерде жаман адамдар бар деп естідім. Мені кім қорғайды?

- Сені сенің періштең бұл тіпті оған қауіп-қатер төндірсе де қорғайды.

- Бірақ мен әрқашан мұңға бататын боламын, өйткені сені көре алмаймын ғой.

- Сенің періштең саған Мен туралы айтып береді. Және Мен сенің жаныңда болсам да Маған жолды көрсетеді.

Осы сәтте Аспан тып-тыныш бола қалады. Сәби асығыс соңғы сұрағын қояды:

-Құдайым, Сені тастап кетуге кешігіп жатырмын ба? Өтінемін, періштемнің есімін айтшы.

Құдай жауап береді.

- Есімнің ешқандай маңызы жоқ. Сен оны жай ғана "Ана" деп айтатын боласың.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты аналар, қыр гүліндей құлпырған аяулы қыздар, ұлағатты ұстаздар!

Жүргізуші: Жыл сайын күн жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде жететін Аналар мерекесіне амандықпен жеткенімізге шын қуаныштымыз!

Жүргізуші: Сәуір – Наурыз егізі

Бүгін оның сегізі

Ең қымбат гүл, ол адамның лебізі.

Анаға айтар лебізі.

Ең қымбат гүл, ең қымбат гүл,

Ол адамның лебізі.


Анасыз жоқ бір күнің,

Әжесіз жоқ бір күнің.

Ұсынамыз біз бүгін,

Жырдың сұлу шоқ гүлін.

Жүргізуші: Барлықтарыңызға қош келдіңіздер дей отырып, әннен шашу шашқымыз келіп отыр. Ескендір Хасанғалиевтің "Анаға сәлем" әні орындалады.

Жүргізуші: Расул Ғамзатовтың мынадай бір сөзі бар: «Ана дегеніміз – әлемнің жан-дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол – тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды


Жүргізуші:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба?

Тек өзіңнен жасқандым

Ситуациялық сұрақтар екі топқа.

1. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен дотарыңмен ойнап жүріп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі.Сенің әрекетің?

2.Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғлды. Сен барып қарасаң қаладан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауды тапсырған. Сенің әрекетің.

Жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше оқушыларымыздың ана туралы әсем тақпақтарын тыңдаңыздар.

Енді барлық ана үшін Төлеген Айбергеновтың тамаша жыр шумақтарын арнаймыз. (Ортаға бір оқушы шығып жатқа оқиды).

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.


Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,

О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!

Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,

Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?


Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

Жүргізуші: Балалар, аналарыңызды қаншалықты танитындықтарыңызды білу үшін "Мен анамды қаншалықты білемін?" деген тақырыпта сауалнама жүргізгіміз келеді:

Анаң қандай түсті киімді ұнатады?

Жақсы көретін тағамы қандай?

Анаң қандай гүлді ұнатады?

Сенің анаң бос кезінде қандай іспен шұғылданады?

Сенің анаңа не ұнамайды?

Жүргізуші: Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу-маржан шашайық.

Аналарды таң қалдырып,

Өнерден күмбез жасайық.

"Мама" әні орындалады.

Жүргізуші: Қымбатты балалар, олардың қуанышы біздің жүрегімізде ұзақ уақыт бойы ұмытылмауы үшін барлық анаға әдемі де мейірімге толы сөздер сыйлайық.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні аналардың, оқушылардың қатысуымен орындалады.

1 топ

Ана туралы өлең шумағын шығару керек.

Әлпештеп аялаған,

Ақ сүт беріп өсірген.


2 топ

Суретке қарай отырып шағын эссе жазу.

Жүргізуші: Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Қыз: Аналарымыздың мерекесі құтты болсын, барлықтарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Келесі кездескенше аман болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!