Материалдар / тәрбие сағаты "Денсаулық әркімнің өз қолында"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбие сағаты "Денсаулық әркімнің өз қолында"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Денсаулық әркімнің өз қолында" тақырыбындағы тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2024
193
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Денсаулық кілті әркімнің өз қолында!
Мақсаты: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, денсаулық туралы слайд.

І. Ұйымдастыру барысы

ІІ.Кіріспе
Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: (Денсаулық.)

Мұғалім: Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар: Шынығып, спортпен дос болып, тазалық сақтауымыз керек.

Балалар бүгін біз өздеріңізбен бірге денсаулық ауылына саяхатқа шығамыз.

І-аялдама «спорт» аялдамасының тапсырмасы (интерактивті тақтадан суреттерді талқылау)

1І-аялдама «тазалық» (тапсырма: денсаулық дегеніміз не? Әңгімелеу)

1-жүргізуші: Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір-қоқысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.
Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына 
байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.
2-жүргізуші: Балалар, біздің арамызда кейде тазалықты сақтамайтын оқушылар болса, олар туралы не айтамыз?

Ал тазалықты сақтайтын, жақсы ұқыпты балалар туралы не айтамыз?

Мұғалім: Балалар, салауатты өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

Салауатты өмір салты деген не?
Спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болу, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу.

1.Күніне 2 рет табиғи суға шомыл,бойындағы теріс энергияны жерге ала кетеді,денеңді  ұйқыдан оятады.

2.Қыста қарда жүріп үйрен,таза ауамен демалып,барлық адамдарға амандық тіле!

3.Темекі шекпе,ішімдік ішпе!

4.Аптасына бір тәулік ас-судан бас тарт.Асқазаның демалады.Тамақты уақытында іш.

5.Жексенбі күні сағат12-де далаға шық,таза ауада қыдыр,қалауыңша тамақтан.

7.Жұртқа мүмкіндігінше көмектес,әсіресе жалғыз баста кәрі кісілерге, мүгедектерге,кемтарларға көмегіңді шын ақ көңілмен істе.

8.Қызғаншақ болма!Өзбойыңдағы жалқаулықты,көрсеқызарлықты,қорқақтықты,жалған намысқойлықты таста!Өтірік айтпа! Жаман ойдан аулақ бол.Төңірегіндегі адамдарды сүй

9.Амандасып жүр,баршаға саулық тіле!

10.Ауыра қалсаң көп уайымдама.Ол туралы ойлама, бұл сенің –жемісің!

11.Істі аяқта!Ойыңды бөлме. Ерте жатып, ерте тұр

12.Білген,оқығандарды,өзгелерге айт,тарат.Бірақ мақтанба.Қарапайым бол.

(күн тәртібі кестесін толтыру)

Мұғалім: Сонымен ішімдіктің, темекінің, нашақорлықтың денсаулыққа зиян екенін білдік. Тағы нелерге зиян?
Еңбек етуге,қоғамға, ұрпаққа, отбасына зиян.

ІІI-аялдама «зиянды әдеттер» тапсырмасы(Тақтадан мақалдың жалғасын табу )

Темекіден түтін сорсаң улайсың,
Өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың.

Болар бала кісілікке үйір
Тозар бала ішімдікке үйір.

Есірткіге жолама,
Жетелейді молаға.

Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.

Денің сау болса,
Жарлымын деме.

Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.

Тәні саудың – жаны сау.

Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый.

Оқушылар ,тәрбие сағатымыздың соңын қызықты тест сұрақтарына жауап берумен жалғастырайық.
Тест.
1 Темекінің адам ағзасына қандай зияны бар?

А) пайдалы

В) улайды

С) семіртеді

Д) білмеймін


2 Темекі мен арақтан адам неге көңілді болады?

А) спирттен

В) тәттілігінен

С) масайтады

3  Нашақорлық дегеніміз не?

А) көңілді өмір сүру

В) бақытты болу

С) денсаулықты құрту

Д) білмеймін

4  Жұқпалы аурулар қалай жұғады?

А) қолдан

В) барлық жауап дұрыс

С) қаннан

Д) ауамен

5 Темекі шеккен адам оны тастай ала ма?

А) тастай алады

Б) тастау қиын

С) тастауға болады

Д) тастамайды

6. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

А) тойып тамақ ішу

В) Дәрумендерге бай тамақ ішу

С) тәтті тамақ ішу

Д) Күніне 3 рет тамақ ішу

7.Бізге қандай дәрумендер қажет?

А) қант

В) тұз

С) жемістер мен көкөністер

Д) дәрілер
8. Семіздік дегеніміз не?

А) дұрыс тамақтанбау

В) аз қимыл жасау

С) орынсыз тәтті жеу

Д) барлық жауап дұрыс
9. Қазіргі кока- кола,чипсы дегендердің құрамында бізге зиян қандай нәрселер бар?

А) дәрумендер

В) бояғыш заттар мен консерванттар

С) пайдалы қоспалар

Д) білмеймін


Қымбатты оқушылар! Көңіл қойып, тәрбие сағатымызды тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!