Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Денсаулық-зор байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру; Балаларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету; Жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру (қол жуу, тіс күту, көзді сақтау, дене бітімін сақтау), күн ережесін (тамақтану, ойнау, сабақ оқу, дем алу, ұйқы, серуен) дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

7 «Еркетай» бөбекжай – балабақшасы








«Денсаулық-зор байлық»


(Ортаңғы «Балауса» тобының тәрбие сағаты)









Тәрбиешілер: Дүйсенбина.Б












2017-2018 оқу жылы

«Денсаулық-зор байлық»

Шараның мақсаты: Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру; Балаларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету; Жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру (қол жуу, тіс күту, көзді сақтау, дене бітімін сақтау), күн ережесін (тамақтану, ойнау, сабақ оқу, дем алу, ұйқы, серуен) дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

Барысы:

Тәрбиеші: Бүгінгі тәрбиелік іс – шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек деңсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз – деңіңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деңіміз сау болу үшін әрдайым тазалық сақтау, спортпен айналысу қажет, жаман әдеттерден аулақ болу қажет. Деңіңнің ауру – сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі – деңсаулықтың белгісі. Дені сау адам әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді.Сондықтан да өз деңсаулықтарына жауапты қарап, оны сақтауымыз керек.

Деніміз сау болу үшін мына қағидаларды есте сақтау керек:

  • Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек;

  • Тырнақтарымызды жиі – жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек;

  • Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымызқажет;

  • Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдыңда тісімізді тіс пастасымен жуу керек;

  • Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді қоректену керек; Жаман әдеттерден аулақ болу керек;

  • Ерте жатып, ерте тұру керек;

  • Жеміс жидектерді жақсылап жуып жеу керек.

Тәрбиеші: - Балалар, деңсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

  • Дені саудың – жаны сау.

  • Тазалық – деңсаулық кепілі.

  • Тазалық – саулыық негізі, Саулық – байлыық негізі.

Көрініс: «Тіс ауруы мен кәмпит»

Бір қолтырауын болыпты. Ол тәттіге сондай құмар екен. Күнде өте көп кәмпит жеген соң, бір күні оның тісі қатты ауырып, қатты қиналыпты.

Қолтырауын: Ой, тісім қаатты ауырып, қақсап барады. Жанымды қоярға жер жоқ.

Қолтырауын қатты дауыстап жылайды. Оның дауысын естіп тотықұс ұшып келеді.

Тотықұс: - Балалар, қараңыздар, мына бір сұмдықты. Қолтырауынға не болған?! Кім оны ренжіткен. Қолтырауын саған не болды?

Қолтырауын одан сайын жылайды.Оған енді маймыл келеді.

Маймыл: Не болды, жасыма, айтшы өзің, әлде сен біреумен күресіп жеңіліп жылап тұрсың ба??

Қолтырауын: Жоқ,мен ешкіммен күрескен жоқпын, тісім қатты ауырып, жылап орырмын.Енді не істеймін?! Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.

Маймыл мен Тотықұс қосылып:

  • Айболит атаны шақырайық.

Айболит: Кәмпит жесең көбірек,

Тісің жүрер мазалап.

Не жесең де күніне

Екі рет жу тазалап.

Дәрігер Айболит Қолтырауынның тісін емдейді.

Жұмбақтар:

  • Дымқылдап күнде сен,

Қолына сүйкесең.

Кетіп кір ласың,

Тап таза боласың. (Сабын)

  • Шомылған баланы

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

  • Аузы жоқ, көзі жоқ

Тілі жоқ, өзі жоқ.

Бірақта тісі бар,

Басыңмен ісі бар.(Тарақ)

Таза бала мен Кірқожалақ бала келеді.

Тәрбиеші: Біздің деңсаулығымызға ең қажетті нәрсе - бұл жемістер. Олардың құрамында көптеген көптеген дәремендер көп. Біздің бойымыздың өсуіне, ағзамыздың дұрыс дамуына көп пайдасы бар. Олай болса қазір ойын ойнайық.

Ойын: «Иісіне қарай ажырат»

Шарты: Бұл ойында 3 бала алға шығады. Олардың көздерін байлап, алма, апельсин, пияздың иісін иіскетеміз. Олар соны тауып, атын атау керек.

Қорытынды:

-Балалар біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Деңсаулық)

-Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?

-Тісіміз сау болу үшін не істеу кере?

Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1006
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12