жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Домбыра- қазақ халқының жаны
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК
Домбыра- қазақ халқының жаны
Семей 2019 жыл
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды халық музыкасын, мәдениеті мен өнерін түсініп,бойына сіңіре білуге дағдыландыру.
Тәрбие сағатының міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың таным қызметін түзету, ой-өрісін жетілдіру, эмоциялық-ерік саласын түзету;
Дамытушылық: Ырғақты сезіну, биік дыбысталуды есту, музыканы еске сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушы бойына музыкалық тәрбие қалыптастырумен қатар,
адам өміріндегі музыканың әсерін оқушы бойына музыка тілімен жеткізу;
Тәрбие түрі\бағыты: Аралас сабақ, Рухани-адамгершілік
Көрнектілігі: Аңыз кейіпкерлерінің декоративтік бейнесі,
карточкалар, күй таспа, музыкалық аспап, плакат
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілік:
Жабдықтар: А4 қағаздары , қайшы , скотч
Тәрбие сағатының құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
«Мен саған сенемін!» тренингі 3 минут
Техникалық қауіпсіздік ережесі 5 минут
«Ой қозғау» 2 минут
«Кім жылдам » ойыны 4 минут
Сен білесің бе ? 5 минут
Шығармашылық тапсырма (ребус) 5 минут
" Мюнстенберг" әдісі 4 минут
Талдау сұрақтары 5 минут
Рефлексия 3 минут
Қорытынды 2 минут
Тәрбие сағатының барысы:
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар сәлемдескеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.
- Оқушылар, біздер қандай әнді орындадық?
Оқушылар: ҚР Мемлекеттік Әнұранын.
- Жақсы, балалар, Әнұранды білу – әрбір азаматтың міндеті,жарайсыңдар!
Оқушылар мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын келіп, киім ілгішке сырт киімдері мен аяқ киімдерін тапсырып, сыныпқа кіреді және оқу құралдарын дайындайды. Мектепке жарылғыш заттар, суық қару және өрт шығу қаупі бар заттарды әкелуге; спиртті ішімдіктерді, улы заттарды және наркотикалық – токсикоманиялық заттарды алып кіруге болмайды.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сабақ уақытында мектептен шығып кетуге тыйым салынады. Егер сабақ қалдырған күндері болса оқушы дәрігерден ауырғандығы жөнінде анықтама немесе ата-анасынан (не оларды алмастыратын тұлғалардан) түсініктеме әкелуі тиіс. Себепсіз сабақ қалдыруға ешқандай рұқсат жоқ.
Сабақ уақытында тамақ жеуге, су не сусын ішуге, сағыз шайнауға, мобильді телефонмен сөйлесуге және сабақ өткізуге кедергі келтіретін түрлі ағымдағы музыканы тыңдауға тыйым салынады.
Егер оқушы сабаққа кедергі келтіретін жоғарыда айтылған заттарды тауып алған жағдайда мұғалім оларды тартып алуға және ата-ананың қолына табыс етуге құқылы.
Оқушылар үлкенді құрметтейді, кішіге ізет көрсетеді. Сонымен қатар оқушылар үлкендерге, жоғары сынып оқушылары – төменгі сынып оқушыларына, ұлдар – қыздарға жол береді.
Мектептен тыс жерлерде, мәдени орындарда оқушылар өздерін талапқа сай ұстап, мектеп атына кір келтірмеуі тиіс. Мектеп және басқаның мүлкіне өз мүлкіндей қарауға және сақтауға міндетті.
Оқушылар, біз бүгін сабағымызда қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен, соның ішінде домбыра аспабымен танысатын боламыз
«Ой қозғау»
Оқушылар қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары жайлы не білетіні жайлы айтады. Тақтада көмекші суреттер ілініп тұрады.
Музыкалық аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал болып табылады.Халық арасында кеңінен тараған ең танымал аспап – домбыра аспабы. Домбырада әртүрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау, тіпті классикалық шығармаларды да орындауға болады.
«Кім жылдам » ойыны
Үш оқушы тақтаға шығып қағаздан қиылып әзірленген домбыра суретінің қиылған бөлшектерінен домбыраны құрастырады.
Сен білесің бе ?
Домбыраның құрылымымен таныстыру
Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады:шанағы(кеудесі), мойны және басы;
-Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып тұратын түйме орналасқан ;
-Мойын пернелерге бөлінген;
-Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек тағылады. Құлақ домбыраның күйін келтіруші роль атқарады.
- Балалар, енді осы домбыра аспабында ойналып қаралы қайғыны естірткен күй туралы аңызды тыңдаңыздар. Аңыз күй «Ақсақ құлан»
Шығармашылық тапсырма
Ребус (Домбыра сөзіне)
" Мюнстенберг" әдісі
Көптеген əріптердің арасында тұтас сөздер бар. Тақырыпқа байланысты сол сөздердің астын сызуларыңыз керек.
Аашпаспапшкноташщкгкрулущвшнжырашаокккллкококщкдқобызалкошкщжылсазсырнайрікщкшкококүйоагкшклклеокощудомбыракллкшкшуқысщушколкцзхммузыкалқнеггромкнщракншорноталрешегрикшщптодлегсыбызғыгыашаопргещррдпауа
Талдау сұрақтары
Бүгінгі сабақта не түсінгенін айтады
Рефлексия
Балаларға «білдім» «білемін» «білгім келеді» деген кесте таратылып беріледі. Өз деңгейлеріне байланысты толтырады.
Қорытынды
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген