жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты: "Достық-біздің тірегіміз"
Сабақ жоспарының үлгісі
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адамгершілік – асыл қасиет |
Мектеп: Абай атындағы №2 ҚОМ |
||
Күні: 06.03.2018 |
Мұғалімнің аты-жөні: Н.А.Уразова |
||
Сынып: 5 |
Қатысқандар: 23 |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. 4-сабақ. Дайындықсыз келген бір күн |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу (5. Т/Ж3); Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау (5. Б/С2) |
||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: |
||
Шығарманың мазмұнын түсінеді, кейіпкерлерді салыстырады. |
|||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
|||
Іс-әрекеттері арқылы кейіпкерлер образына талдау жасайды |
|||
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||
- шығарма кейіпкерін шынайы өмірмен салыстырып бағалайды, оның іс-әрекетінің дұрыс не бұрыстығын дәлелдейді |
|||
Бағалау критерийі |
Білім алушы
• Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды |
||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: |
||
|
|||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
|||
Портрет, суреттеу, образ, кейіпкер |
|||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
|||
Түбінде адам болатын бала, маңдайдан терім бұрқырап есік алдына шықтым, мұрнысды көкке шүйіріп |
|||
Құндылықтарға баулу
|
Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу |
||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі - көркем мәтінді талдау жүйесі болып алынып отыр.
|
||
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Шығарманың идеясын біледі, шығармадағы теңеу, эпитеттерді, кейіпкерлерді |
||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Білу: (5 мин)
Түсіну:(8 мин) |
Психологиялық ахуал: Дайындықсыз келген бір күн Тапсырма: Жалпы сыныпқа видио жазбадан эпизод тыңдалады, есінде сақтайды, тақырыпты ашады. Жазбада Қожаның сабаққа дайындықсыз келгендігі айтылған. Шынайы өмірмен салыстыру мақсатында сұрақ қойылады. Жетекші сұрақ: «Сіздің басыңыздан осындай бір сәт өтті ме?» Оқушылар өз өмірінде өткен сабаққа байланысты сәттерді есіне түсіреді. Сабақ тақырыбын анықтаймыз. Тапсырма: Жеке тапсырма. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы кейіпкерлердің образын ашып көрсетуге дайындық сұрақтары. Оқушыларға 20 сұрақ беріледі, олар: Тапсырма:
Осы тапсырманы орындау барысында бүгінгі сабақ мақсатын айтып көріңдер. Барлық сұрақтардың жауаптарына назар аударыңдар? Жауаптар кім? деген сұраққа жауап береді ме әлде не? деген сұраққа ма? Сабақ тақырыбын оқушылармен бірге анықтағаннан кейін сабақ мақсатын түсіндіріп өтемін.
Сабақ мақсатына жетудегі әрбір оқушының даму деңгейін байқау, қалыптастырушы бағалау жүргізу және оқушыларға қай мақсат бойынша көбірек жұмыс жасау қажет екендігін көрсету мақсатында кесте ілемін. Жасыл, қызыл, сары
|
Интернет желісі
Видео материал https://www.youtube.com/watch?v=XsLPJawkm0k
МӨД
МӨД |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Қолдану: (7 мин)
Талдау: (10 мин) |
Тапсырма: Жеке жұмыс: «Ыстық орындық» әдісімен аудио жазбаны тыңдау арқылы кейіпкерлердің образын табады. Қожа, Жанар, Анфиса Михайловна, Сабира Майқанова, Милат, Жантас.
Тапсырма нәтижесін тексеру: - Кейіпкерлердің образдарын ашу арқылы қандай адам тұлғасын елестеттіңдер? - осындай мінезді адамдарды кездестірдіңдер ме? - қай мінезді кейіпкер сендерге ұнайды?
Тапсырма: Жеке жұмыс: Шығарма кейіпкерлерінің бірін таңдаңыз. Кесте арқылы кейіпкердің шығармадағы әрекеттерін жазып, ол әрекеттердің қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөзіңізбен талдаңыз. Мысалы (оқушыларда мынандай жауаптар болуы мүмкін)
Дескриптор Білім алушы -бір кейіпкерді таңдайды; -шығармадан кейіпкердің 3 әрекетіне таңдау жасап, кестеге орналастырады; -таңдалған әрекеттердің қазіргі өмірде көрінісіне дәлел келтіреді.
|
Аудио жазба https://www.youtube
Қалыптастырушы бағалау материалдарынан
Қалыптастырушы бағалау материалдарынан
|
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Жинақтау: (5 мин)
Бағалау: (3 мин)
Кері байланыс
|
Ж/Ж . «Пікірталас картасы»
Оқушылар Қожа бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің тізбесін жасайды. Оның ішінде қай қыры басым екенін шығарма мазмұнына сүйене отырып түсіндіреді. Оқушыларға сұрақтар беру арқылы Қожаға мінездеме беруге көмектесемін, шынайы өмірдегі адамдармен салыстыруды тапсырамын.
Қожа туралы пікірлерің қандай? Оның қай әрекеттеріне мінездеме берер едің? Осындай оқушы сыныптастарың не достарыңның арасында кезедеседі ме? Өздеріңді Қожаның сыныптасы ретінде сезініп, Қожаға мінездеме беріп көріңдер. Қожамен дос болар ма едіңдер? «Бес жолды өлең» әдісі Қожаға байланысты
«
Ш Сіз бүгін не үйрендіңіз? Сіз тағы не білгіңіз келеді?
|
Әдіс-тәсілдер жинағы
МӨД
МӨД
|
|||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
«Маған ұнаған кейіпкер образы» тақырыбына суреттеу эссесін жазу Шығарма кейіпкерлерінің образын қолдана отырып фильм сценарийін жазу « Қожа және мен» деген тақырыпта ой толғау жазу
|
|
|||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген